ОқА ректоры з.ғ. д., профессор


Кәсіби шығармашылықты қалыптастырудың акмеологиялық мәселелері



бет29/54
Дата24.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#133250
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
Байланысты:
Акмеология негіздері (1)

1. Кәсіби шығармашылықты қалыптастырудың акмеологиялық мәселелері
Үздіксіз кәсіби білім берудің интегративті ашық дамушы жүйесі, қазіргі жағдайда білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге қоғам өмірінің көптеген басқа салаларында сұранысқа ие болатын, арнайы бейінді, психологиялық-педагогикалық, жалпы ғылыми, жалпы мәдени пәндер саласында іргелі білімді меңгерген мамандарды даярлаудың бірегей феномені болып табылады. Университет студентінің меңгеретін жүйелі психологиялық-педагогикалық білімінің пәндік және қайта құрушы күші болады, ол белгілі жағдайда оны меңгерген адамның «даралыққа жетуінің» ішкі механизмдерін, тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жүзеге асырудың әлеуетін ашуды «қосады».
Алайда, тәжірибе көрсеткендей, бұл жоғары кәсіби білім беру жүйесінің басымдылығы, қазіргі кезде әрдайым және толыққанды дәрежеде қолданыла бермейді.
Білім беру саласындағы мамандардың сапасы, оның кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің функцияларын тиімді орындау қабілетін сипаттап қоймайды (білімгерлерді оқыту, тәрбиелеу және дамытумен байланысты типтік және стандартты емес мәселелер мен міндеттерді шешу), сонымен бірге іс-әрекеттің алуан түрлерінде кәсібиліктің шыңдарына жетудің маңызды факторы ретінде өзініңдаралығын белсенді «құруды» сипаттайды.
Акмеология зерттеудің пәнаралық саласы ретінде, ересек адамның балалық шақ пен жастық шақпен салыстырғанда, оның басты ерекшелігін – кәсібилікте кемелдікке жетуді (ақыл-ой, азаматтық, еңбек) және кәсіби іс-әрекеттің алуан түрлерінде шығармашылық қабілеттерінің өркендеуін зерттейді.
Психологиядағы және акмеологиядағы кәсіби шығармашылықмәселесі дәстүрлі түрде тұлғаның шығармашылығымен және креативтілігімен байланысты қарастырылады.
Шығармашылық және креативтілік мәселесі акмеологиялық зерттеулерде кәсіби іс-әрекеттің және тұлғаның өмір сүруінің үдерістерін және механизмдерін жетілдіруді зерттеу контексінде қарастырылады (Б.Г.Ананьев, О.С. Анисимов, Н.Ф. Вишнякова, А.А. Деркач, Е.А. Климов, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, И.Н. Семенов, С.Ю. Степанов).
Креативтілікті дамыту үдерісін оңтайландырудың акмеологиялық шарттары мен факторларын зерттеуде, креативтілікті дамытудағы басты рөлді акмеологиялық ортаның арнайы ұйымдастырған өзін-өзі дамыту үдерістері атқарады.
Жоғары оқу орынының қызметі болашақ педагогты кәсіби әрекетке мақсатты даярлаумен қоса педагогикалық шығармашылық қызметке әзір болуға дайындаумен тікелей астасып жатуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени, әдіснамалық, әдістемелік пәндерді меңгеру арқылы қамтамасыз етіледі.
Мамандықты меңгеру барысында олардың ішкі ашылмаған мүмкіндіктері іске қосылып, жаңашыл педагог болуға қажетті таланттары, қабілеттері жетіледі.
Бұл бағытта жүргізілген зерттеулер қатарына болашақ педагогтардың кәсіби дарындылығын дамыту мәселесіне арналған. Мамандардың кәсіби-шығармашылық іс-әрекеті тұлғаның кәсібилігі және шеберлігі арқылы қарастырылады. Акмеологияда тұлғаның кәсібилігі, кәсіби маңызды және тұлғалық-іскерлік сапалардың жоғары деңгейін, кәсібиліктің акмеологиялық инварианттарын, креативтіліктің жоғары деңгейін, қалаулардың адекватты деңгейін, маманның ілгері дамуына бағытталған мотивациялық саланы және құндылық бағдарларды көрсететін еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі кезде «субъект» және «субъектілік» ұғымдары психологияда ғана емес, сонымен бірге акмеологиядағы жетекші ұғымдар болып табылады. Соған байланысты, салалас ғылыми пәндерде қолданылатын, классикалық акмеологияның құрылымында тұрақталған категориялар ретінде, «субъект» және «субъектілік» ұғымдарын талдау және саналы ұғынуды қамтитын әдіснамалық рефлексиядағы қажеттілік артып келеді.
Кемелденген тұлға іс-әрекет субъектісі ретінде, қайта құрушы іс-әрекетке арналған құралдарды құру, таңдау немесе қолдану қабілеті арқылы көрінеді.
Акмеологиядағы іс-әрекеттің субъектілі-тұлғалық маңызды сипаттамаларының қатарында «кәсібилік» (А.А. Бодалев, В.Г. Зазыкин, А.К. Маркова және т.б.), «шеберлік» және «құзыреттілік» ұғымдары болады. Аталған үш ұғым іс-әрекетті жетілдірудің бағытын, өлшемдерін, оны жүзеге асырудың жоғары сапасы мен деңгейін білдіреді, яғни тікелей акмеологияның пәніне жауап береді
Осылайша, «субъект» және «субъектілік» ұғымдары қазіргі заманғы психология мен акмеологиядағы жетекші ұғымдар болып саналады.
Тұлғаның кәсібилігі – креативті-шығармашылық дамудың жоғары деңгейін көрсететін еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет