2. Акмеологиядағы креативтілік категориясы Жоғары мектеп оқытушыларының креативтілігінің дамуын зерттеумен Меңлібекова Г. Ж., Қасқатаева Б., Молдажанова А.А., Оспанова Б.А., т.б. отандық ғалымдар айналысады.
Соңғы жылдары креативтілікті зерттеп жүрген ғалымдар Тұрғынбаева Б.А., Әмірова Ә.С., Сағымбаев Ә.Ә. креативтілік әрекетпен бірге танымдық және ұйымдастыру әрекетіне баса назар аударады. Себебі, шығармашылық жұмыс және өз бетінше әрекет ету арқылы оқушылардың таным үдерісі іске асады, яғни креативтілікпен бірге таным әрекеті жүзеге асады.
Кәсіби акмеологиядағы креативтілікті дамытудың психологиялық негіздерін зерттеудің өзектілігі, ересек адамның шығармашылық тұлғасын өзіндік жетілдірудің әлеуметтік және практикалық маңыздылығымен және кәсіби іс-әрекеттегі өзін-өзі маңызды етумен анықталады
Акмеологияның зерттейтін мәселелерінің бірі ретінде кәсібиліктің және шығармашылықтың арақатынасы алынады. Акмеология тұлғаның шығармашылық өркендеуінің шыңы туралы ғылым ретінде, келесі категорияларды айқындайды:
- шығармашылық даралық,
- өзін-өзі дамыту және
- өзін-өзі жетілдіру үдерісі,
- креативті тәжірибе өзін-өзі маңызды етудің нәтижесі ретінде.
Акмеологияның бұл категориялары инновациялық педагогиканың базистік негіздерін құрайды.
Оның негізгі категориялық бағыттарын қысқаша сипаттаймыз. Болашақ маманның инновациялық іс-әрекетін тұлғалық категория ретінде, қайта жасаушы үдеріс және шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесі ретінде түсіндіруге болады. Бұл көзқарастар жүйесін іс-әрекеттің осы түрін акмеология аясында біртұтас зерттеуді құрылымдауға мүмкіндік береді Шығармашылық даралық кәсіби шығармашылықтың жоғары сипаттамасы ретінде көрініс береді. Ол келесі компоненттерді қамтитын тұлғалық категория болып табылады: • интеллектуалды-шығармашылық бастама;
• интеллектуалды қабілеттер, білімнің кеңдігі және тереңдігі;
• қарама-қайшылықтарға сезімталдық, шығармашылық күмәнға бейімділік, ішкі қайта құрушы күресті сынау қабілеті;
• ақпараттық аштық, проблемаға кәсібилікте жаңашылдық сезімі, танымға ұмтылыс;
Педагогтің шығармашылық даралығын қалыптастыру – бұл тұлғаның қайта құруының және өзін-өзі дамытуының динамикалық, инновациялық үдерісі. Шығармашылық даралықтың өзегі ретінде, тұлғаның өзін басқалармен салыстыруда, өзінің қайталанбастығын ұғынуды білдіретін тиімді өзіндік сана алынады