ОқА ректоры з.ғ. д., профессор



бет32/54
Дата24.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#133250
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
Байланысты:
Акмеология негіздері (1)
РК2
Ұсынылатын әдебиеттер: 9,11,16,35,40
10-дәріс тақырыбы: Кемелдену кезеңі

Жоспар


  1. Кемелдену кезеңінің жалпы мінездемесі.

  2. Кемелдену кезеңінде дамудың негізгі ерекшелігі.

  3. Кемелдену кезеніңдегі дағдарыс.

Кемелдену кезенінің жалпы мінездемесі


Кемелдену – онтогенездің ұзақ даму кезеңі. Ол жеке тұлғаның рухани, интеллектуалды, дене қабілеттерінің ең жоғарғы дамуымен ерекшелінеді. Хронологялық жасы шартты, индивидуалды. Ол адамның әлеуметтік – экономиялық жағдайына байланысты. Төменгі шекарасы боз – баланың аяқталуы – 20-21 жас, жоғарғы шекарасы қарттық шақтың басталуы 60-65 жасты қамтиды.Л.С. Выготский кемелденудің (18-25 жас) адамда дамуда бала дамуының заңдылығына бағынбайды дейді. Барлық ересек адамның даму деңгейі бірдей болмайды. Әлеуметтік және эмоционалды даму есею кезеңінде бірте – бірте дене дамуының өзгеруіне, білім, тәжірибенің өсуіне байланысты болады. Зерттеулерде есеюдің шекарасын, оның дағдарыс кезеңдерін анықтауда бір шешімге келген жок. Сатылар адамдардың өздерінің қойған мақсаттарына байланысты анықталып, шекарасы белгіленеді. Негізінен теориялық зерттеулерде қарттық кезеңді балалық шақпен салыстыруда Ф.Олпорт былай көрсетеді: «Қарттық есеп дегеніміз – адамның балалық шақтағы мотивация формаларын өлшеу». Сондықтан даму психологиясында бұл кезеңнің зерттеулері өміршең болып табылады. Кейінгі кездерде «акмеология» (грек сөзі, «акме»- ең жоғарғы жетістік) бағыты пайда болады. Ол ересек адамның ең жоғарғы жетістігінің интессивті дамуын зерттеуді қарастырады. Негізін салғандардың бірі – А.А. Бодалев. Алайда, көптеген зерттеулердің кәсіби мамандықтағы жетістіктеріне байланысты болды. Сонымен қоса отбасының тұрақтылығына байланысты да қамтиды. Кемелдену кезеңінің бозбалалық кезенінен айырмашылығы – өзінің дене және жыныстық пісіп жетілудің жоғары деңгейі мен жалпы соматикалық дамыдың аяқталуымен сипатталуы. Бұл кезең интеллектуалды жетістік кезеңі болып табылады. Б.Г. Ананьев: «Ақыл – ой дамуының ерекшелігі онтогенетикалық феномен болып табылады», - деді. Э.Клаперед есеюді психикалық «қатаю» қалпы, яғни даму үрдісі тоқтайды десе, ал В.Джеймстің айтуынша, 25 жастан кейін ересек адам жаңа идеяны қабылдай алмайды: ізденімпаздық өтеді, ақыл – ой байланыстары қалыптасады, ассиметрияға қабілеттілік тоқтайды. Л.С. Выготскийдің пікірінше, есею балалық шақ дамуынан заңдылықтарға бағынады. Э.Эриксон бойынша бұл кезеңдегі болатын өзгерістер: материялдық, экономикалық және т.б. жағдайларғ тәуелсіз жаңа әлеуметтік, экономикалық мәртебеге байланысты. Ерте есею (21-25 жас) кезеніңде кәсіби мамандану, қызығушылық пен мотивтерлің бір – біріне тең келуі белсенді қалыптасады. Отбасын құру, жан жарын іздеу де негізгі проблема болады. 26-30 жас өмірлік жол табу мен әлеуметтік мәртебе факторларын қарастырады. 30-33 жас пен 40-45 жас бала тәрбиесі, жоғары материалдық жетістік, қызықты жұмыс мотивтеріне ауысады. 40-45 жас пен 55-60 жас отбасындағы өзгерістер (балалардың бөлек кетуі), өмірлік жоспардың өзгеруі, әлеуметтік белсенділікпен сипатталады. Дамудың әрбір сатылары психоәлеуметтік кикілжіндермен сипатталады да, ол өз шешімін табады. Жеке тұлғадағы дағдарыс жаңа өмірлік мақсаттарға байлаеысты тууы мүмкін. Бұл кезең келелі бетбұрыс болады. Э.Эриксон есею кезеңінің барлық сатыларында идентика (жекелік) негізгі өзектілік дейді. Оның бұл даму моделін Д.Левинсон дамытады. Д.Левинсон адам өмірінің 4 дәуірге: балалық және бозбала кезеңі (0-22 жас), ерте есею, орташа есею, кеш есею (60 жастан кейін) деп бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет