Нарисуй диафильм к прочитанному произведению.
|
- Внимательно читает текст и отвечает на вопросы;
- умеет делить текст на законченные смысловые части;
- умеет определять основную мысль каждой части;
-умеет озаглавливать каждую часть;
- составляет последовательный план;
- рисует диафильм.
|
Суммативное оценивание по предмету предполагает проведение конкретного количества процедур суммативного оценивания за раздел (СОР) за четверть (СОЧ) 1 раз в каждой четверти. Ниже представлено количество процедур суммативного оценивания за раздел/сквозную тему.
Таблица 69 – Количество процедур суммативного оценивания по предмету «Литературное чтение»
Класс
|
Количество процедур суммативного оценивания
за раздел/сквозную тему
|
1 четверть
|
2 четверть
|
3 четверть
|
4 четверть
|
2 класс
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
3 класс
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
* В суммативном оценивании за раздел/сквозную тему объединяются два вида речевой деятельности (например, аудирование и говорение; чтение и письмо).
Казахский язык (Т2) (для школ с неказахским языком обучения)
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету.
Қазақ тілі пәнін оқыту процесі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы ұйымдастырылады. Оқу процесінде жүйелі түрде жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме тыңдау, оқу, мәтінмен жұмыс жасау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау оқушылардың сөздік қорын жетілдіреді.
Оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы «Қазақ тілі» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
1. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:
1) 1-сыныпта – аптасына 2 сағат, барлығы – 66 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;
3-сыныпта – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағатты құрайды.
2. Оқыту өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:
1) 1-сыныпта – аптасына 2 сағат, барлығы – 66 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;
3) 3-сыныпта – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағатты құрайды.
«Қазақ тілі» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін негізге ала отырып, айқындалған. Білім алушылар:
- 1-сыныпта А1 бастапқы деңгейін,
- 2-сыныпта А1 негізгі деңгейін,
- 3-сыныпта А1 ілгерілеген деңгейін меңгереді.
Мұғалім сабақ барысында оқушылардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға аса назар аударады. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарда сабақ сайын сөздік диктант, көшіріп жазуды өткізуге болады. Бұл жазба жұмыстары оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Жазба жұмыстарының кестесі:
Жазба жұмыстарының түрлері
|
Сыныптар
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
Сөздік диктант
|
3-5 сөз
|
5-7 сөз
|
7-9 сөз
|
Диктант
|
-
|
15-20 сөз
|
20-30 сөз
|
Көшіріп жазу
|
9-12 сөз
|
12-16 сөз
|
16-20 сөз
|
Бастауыш сыныптарда оқу бағдарламасының мазмұнын толық меңгерту үшін жазба жұмыстарын өткізуді мұғалім қолданыстағы нормативтік және нұсқаулық құжаттарға сәйкес өздігінен жоспарлай алады.
Жазбаша жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім критерийлер мен дескрипторлар құрастырады. Дескрипторлар анық және нақты болуы керек. Бұл оқушылар және ата-аналармен кері байланысты жүргізуді жеңілдетеді.
Бағалау критерийі:
Жазба жұмыстарын орындау барысында каллиграфиялық, пунктуациялық, орфографиялық заңдылықтарды қолданады.
Мәтіннің құрылымын сақтайды (басы, оқиғаның дамуы, шарықтау шегі, соңы).
Грамматикалық нормаларды сақтайды.
Материалдың құрылу логикасын сақтайды (мазмұндама, шығарма).
Жұмыс түрлері
|
Дескрипторлар
|
Сөздік диктант
|
- естіген сөздерді қатесіз жазады
|
- әріптерді дұрыс жазады
|
- сөздерді орфографиялық ережелерге сәйкес жазады
|
Көшіріп жазу
|
- сөздерді дұрыс көшіріп жазады
|
- сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырмай және сөздерді орынды
көшіріп жазады
|
Шығарма, мазмұндама
|
- берілген мәтіннің негізгі ойын анықтайды
|
- мәтін бойынша қарапайым жоспар құрайды
|
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады
|
- тақырыптың мазмұнын ашып жазады
|
- мәтіннің бастапқы стилін сақтайды (мазмұндама үшін)
|
- сөздерді мағынасына сәйкес қолданады
|
Бастауыш сыныпта оқылымға үлкен назар аудару қажет. Төменгі кестеде оқылым бойынша нормалар берілген (70-кесте).
70-кесте – Оқу нормативтері
Сыныптар
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
Сөз саны
|
20-25 сөз
|
30-40 сөз
|
45-55 сөз
|
Әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 2 рет және әр тоқсан сайын тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) 1 рет өткізіледі. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3-тоқсаннан бастап жүргізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) процедураларының нақты саны көрсетілген (71-кесте).
71-кесте – «Қазақ тілі» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша жүргізілетін бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың саны
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
1-сынып
|
-
|
-
|
2*
|
2*
|
2-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
3-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекетінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).
Мұғалім пән аясында білім алушының сөздік қорын кеңейту үшін үлгілік оқу бағдарламасында берілген лексикалық-грамматикалық минимумды негізге алады. Әр сабақта 2 лексикалық минимумды меңгерту ұсынылады. Лексикалық минимумда ортақ тақырыптар бойынша сонымен қатар күнделікті тұрмыс-тіршілікте, әлеуметтік ортада жиі қолданылатын сөздер, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін (1-3-сыныптар үшін А 1 қарапайым деңгей) шектеулі сөздер мен сөз тіркестері қамтылған. 1-3-сынып білім алушылары үшін лексикалық минимумдар саны: 496 сөз, оның ішінде 1-сыныпта – 120 сөз, 2-сыныпта – 188 сөз, 3-сыныпта – 188 сөз.
Пән бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін ДББҰ «НЗМ» әзірлеген «КазLinguа» электронды қосымшасын сабақтан тыс уақытта қолдану ұсынылады. Бұл қосымша кез келген Android ұялы телефондарына және компьютерге ақысыз жүктеліп, offline режімде қолданылады.
Оқушы ойын түрінде берілген тапсырмаларды орындау арқылы қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға, суретті сөздіктер арқылы сөздік қорларын көбейте отырып, синтаксистік конструкциялар құруға дағдыланады.
Сонымен қатар оқушы өзінің тілді меңгеру деңгейін әр тақырыптың соңында берілген тест сұрақтары арқылы үнемі қадағалап, бағалап отырады. Бір сабақта 10 ұпай жинауға болады.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Қазақ тілі» пәні бойынша сынып екі топқа бөлінеді. Инклюзивті білім беруді іске асыру кезінде сыныпты бөлу әр ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланы білім алушылардың жалпы санынан үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |