Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2018-2019 учебном году


Қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіре оқыту



бет127/213
Дата20.07.2020
өлшемі5,99 Mb.
#63377
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   213
Қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіре оқыту

Қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіре оқытуда жаңа әдістемелік логика ұсталынады. Жаңартылған коммуникативтік бағыт тек коммуникативтік әдістерді атап қана қоймайды, әрбір коммуникативтік әдісті іштей кіші бөлшектерге бөліп, олар кіші дағдылар – оқу мақсаты түрінде әрбір сыныпқа төменнен жоғары қарай дамып, күрделене түсетін спираль түрінде жүйелі құрастырылды. Өйткені коммуникативтік бағытты ұстану үшін, мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың өзара, жеке, жұпта, топпен, ұжыммен еркін түрде сұхбаттасуына лайықталып құрылған білім берудің жүйелі үдерісі қалыптасуы керек. Бағдарламада көрсетілген оқу мақсаттарының нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының өзара педагогикалық ықпалдасуы жаңа дәрежеге көтерілуі тиіс. Ол дәрежеге өзара сыйластық, іскери ынтымақтастық және сұхбаттасып отыру арқылы қол жеткізуге болады. «Субъекті - субъектілік» дидактикалық қарым-қатынасқа негізделген оқыту жүйесінде әрбір оқушы жеке тұлға деп танылады және олардың әрқайсысы қазақ тілін оқып-үйренуі барысында өзінің ішкі құндылықтары мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болуы міндетті болады. Мұғалім оқушылардың қазақша еркін сөйлеп, жазып, үйренуі үшін, түрлі интерактивтік әдістерді қолданып, бірге күліп, бірге коммуникативтік жағдаяттың шешімін іздеп, олармен эмоциялық жақын болуы керек. Ынтымақтастық, достық, сыйластық, түсіністік орнату – басты қағида болады. Психологиялық-педагогикалық ғылыми тұғырлары осы мақсатқа лайықталып НЗМ тарапынан әзірленген Оқулық пен Мұғалім нұсқаулығы бағдарламаның мақсаты мен мазмұнын толыққанды аша алады. Өйткені мұндай арнайы сабақтар жүйесі мен жаттығулар жүйесі бағдарламаның тікелей сәулеленген көрінісін танытады.

Осыған дейінгі бағдарлама кеңестік авторитарлық «субъектілік - объектілік» қатынас жүйесінен еш алыстамаған. Ал ондай оқушыны бағынышты объекті ететін білім беру үдерісінде шынайы коммуникативтікдағды қалыптастыру мүмкін болмайды.


Каталог: arc -> attach -> 408
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
408 -> Урок 86 Школа: кгу «сш №5 г. Атбасар отдела образования Атбасарского района»
408 -> Наблюдение и оценивание урока


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет