Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2018-2019 учебном году



бет131/213
Дата20.07.2020
өлшемі5,99 Mb.
#63377
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   213
Креативті сөйлесім. Тіл – сөйлеу құралдарының бүтін жүйесі. Сондықтан сөйлеу құралдарымен сөйлеу әрекетін, олардың түрлерін жан- жақты игермей тұрып, белгілі бір бөтен тілде ойды жеткізу мүмкін емес. Сөйлеу әрекетін дамыту – күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты адам өз ойы мен пікірін тұжырымдау, ойды сөзбен бейнелеудің, сөйлем арқылы түсінікті түрде жеткізудің амалдарын игеру. Тіл үйренушінің сөйлеу әрекеті оның барлық түрлерін қатар игеріп, ойды дұрыс жеткізуге әсері бар барлық негізгі және қосымша құралдарды пайдаланған кезде жүзеге асырылады. Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту барысында креативті ойлау технологиясын енді сөйлеу әрекетінің маңызды бір түрі-сөйлесімді дамытқанда қолдану жолдары нақты жаттығулар арқылы сипатталмақ. Тілдік және әдебиет тақырыптары қазіргі заманның ғана емес, ғылым мен технологияның дамуын ескере отырып, соған сай дамитын алдағы келе жатқан заман оқушыларына қажетті тақырыптардан да іріктелінген.

2018-2019 оқу жылынан бастап 6 және 7-сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады.

Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және көркемөнері. Өлкетану өзіңнің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:

- білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру;

- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.

Өлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады.

Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:

Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

6-сыныпта«Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға үйрету ұсынылады.

7-сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.

Барлық мұғалімдер жаңартылған бағдарлама бойынша НЗМ сайтына, «Назарбаев Зитякерлік мектептері» ДББҰ-мен байланысқа тікелей шығуына болады. Ондағы жетекші мамандар мен ғалымдар кез келген уақытта сайт арқылы кеңестер беріп отырады.


Каталог: arc -> attach -> 408
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
408 -> Урок 86 Школа: кгу «сш №5 г. Атбасар отдела образования Атбасарского района»
408 -> Наблюдение и оценивание урока


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет