Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2018-2019 учебном году


Казахский язык (для школ с неказахским языком обучения)



бет39/213
Дата20.07.2020
өлшемі5,99 Mb.
#63377
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   213
Казахский язык (для школ с неказахским языком обучения)
Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен және ойды түсінікті жеткізуді мақсат тұтатын коммуникативтік бағытымен дәйектеледі. Өзге тілде білім алатын бастауыш сынып оқушысында сөйлесім әрекеті арқылы тілдік және мәдени-танымдық құзіреттіліктер, қатысымдық (коммуникативтік), проблемалардың шешімін табу, ақпараттық түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады.

Пәнді оқытудың мақсаты – қарапайым деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім әрекеттеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.

Бастауыш мектепте 1-4-сыныптарда қарапайым деңгейдің 4 игерімін меңгерту талап етіледі. Атап айтсақ, 4-сыныпта білім алушылар А1 + бастапқы жетік игерімін меңгерулері қажет.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Қазақ тілі» пәні бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:


  • оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде: аптасына 4 сағат, оқу жылына – 136 сағатты құрайды;

  • оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде: аптасына 3 сағат, оқу жылына – 102 сағатты құрайды.

Оқыту тілі қазақ тілінде емес мектептер үшін «Қазақ тілі» пәні үш ая бойынша оқытылады:

1) әлеуметтік-тұрмыстық ая – 50/40 сағат;

2) оқу-еңбек аясы – 20/16 сағат;

3) әлеуметтік-мәдени ая – 50/40 сағат.

Мұндағы белгіленген алдыңғы сан орыс тілді мектептерге, соңғы сан ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерге арналып көрсетілген.
15-кесте – Жазба жұмыстарының көлемі (мөлшері)


Жұмыс түрі

Сөз саны

Диктант

30-40 сөз

Сөздік диктант

15-20 сөз


Диктант жұмыстарын бағалау нормалар:

«5» деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;

«4» деген баға: емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе; «3» деген баға: емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса;

«2» деген баға: емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.



Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады.

Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі.

Сөздік диктант жүргізуге 5-7 минут, көркем жазуға бастауыш сыныптар үшін әр сабақ сайын 3-5 минут бөлінеді. Мұғалім жүйелі түрде әріп элементтерін түзетуі, дәптер шетіндегі қызыл сызықта арнайы көрсетуі қажет.

Оқу жылдамдығы 50-55 сөзді құрайды. Оқу жылдамдығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Оқу жылдамдығы артқан сайын, есте сақтау қабілеті, ақыл-ой еңбегіне ынтасы арта түседі. Білім алушы дұрыс, әрі жылдам, әрі мазмұнды түсіне оқи білу тиіс.

Білім алушылар сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:


  1. бастауыш сыныпқа ұсынылған лексикалық минимумның 480-500 сөзін;

  2. 8-9 сөйлем арқылы затты, құбылысты, іс-әрекетті сипаттауды;

  3. 10-12 сөйлемнен тұратын диалогтегі мұғалімнің, сыныптастарының сөзін, шағын ақпараттарды түсінуді;

  4. 10-15 сөйлемнен құрылған мәтіндерді интонация сақтап мәнерлеп оқуды;

  5. оқыған мәтін бойынша әр азат жолдың негізгі ойын 1 сөйлеммен айтуды;

  6. 9-10 жолды өлеңді мәнерлеп түсініп оқуды;

  7. өзіне таныс тақырыптарда 4-5 репликадан тұратын тілдесімге түсе алуды меңгеруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет