Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2017-2018 учебном году



бет124/170
Дата03.06.2022
өлшемі2,45 Mb.
#145898
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   170
Байланысты:
1523245509220 (1)

Креативті жазылым. Кез келген тілде тілдік қатынас жасау деңгейін жетілдіруде, әсіресе жазылым әрекетін дамытуда арнайы қарастыруды қажет ететін мәселелер бар. Жазылым сөйлеу әрекеті өнімді түрі болып есептеледі. Ал креативті жазылым бұл аудиторияның ерекше бір көңіл-күйде, шығармашылық еркіндікте болғанда ғана іске асуы мүмкін. Креативті жазылымның негізгі мақсаты жазылым әрекеті кезінде оқушының осы жазылым әрекетінен қуаныш пен көтеріңкі көңіл – күйде болуы болып табылады. Өнімді креативті жазылым тіл үйретудің алғашқы деңгейінде-ақ қолданыла бергені дұрыс. Алғашқы кезеңде визуалды тіректің болғаны абзал, мысалы: суреттер, фотолар,тұрмыс заттары, аудио тіректер: аудиомәтіндер, әндер, аспапты музыкалық шығармалар, жазбаша тіректер: өлеңдер, әңгімелер, цитаталар, мақал-мәтелдер.

Жаттығулар жүйесі:


  1. Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдай отырып, көз алдыңызға не келеді, соның бәрін жаза беріңіз;

  2. Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің музыкасына туған еліңізді суреттейтін мәтін жазыңыз;

3)суретке қарап 11 буынды өлең шығарыңыз;
4) топтарға бөлініп, шытырман оқиғаға толы қызықты әңгімелер жазыңыз;
5)керемет бір қызықты жерінде үзілген әңгімені аяқтап, түпнұсқамен салыстыруыңыз;
6)бір рөлге кіріп, рөл иесін сипаттаңыз;
7)ойдан шығарылған кейіпкерлерге хат жазыңыз .

  1. Креативті оқылым. Оқуды игертудің алғашқы кезеңдерінде білім алушылардың меңгерген шектеулі сөздік қорларын қолдану арқылы еліміздегі түрлі саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық проблемалар туралы мағлұматтар беруге болады. Ол үшін дидактиканың «жеңілден ауырға қарай» ұстанымын бағытқа ала отырып, білім алушыларға шағын мәтіндер беріліп,ол мәтіндер күн сайын күрделеніп отыруы тиіс. Оқылым үдерісін бастапқы кезеңінің негізгі міндеті – дауыстап және іштей оқу механизмдерін қалыптастыру. Білім алушылар күнделікті тұрмыста қолданылатын белсенді сөздерді тез қабылдап, дұрыс айта білуге міндетті.. Мәтінді оқу – мәтінді аудару емес.

-мәтін мазмұнын түсіну үшін мәтіндегі барлық сөзді түсіну шарт емес;
-мәтінді түсіну барысында адамда болатын білім қоры (фоновое знание) өте маңызды орын алады;
-мәтінді оқып бастамай-ақ, мәтіннің мазмұны туралы өзіңіз ойлағаннан да көбірек білуіңіз әбден мүмкін.
Жарнама мәтіні, газет мақаласы, күнделік мәтіні,ертегі әлде өлең жолдары ма?
Мәтіннің қосымша элементтері болуы мүмкін (сурет, диаграмма, схема, кесте т.б.) бұлар мәтінді түсінуге көмектеседі.
3) Креативті тыңдалым. Тыңдалым бойынша жүргізілетін жұмыстардың алдын ала мәтіндерді тыңдатудан бастаған жөн. Тапсырма түрі де қарапайым: Тыңдаңыз, түсінуге тырысыңыз. Тыңдалымға үйретудің нәтижелі болуы мәтіннің дұрыс тыңдалуына да байланысты. Оның көлемі үйренушінің қабылдауына әсер етеді. 2-3 минуттық материалды І деңгейде үйренуші есінде толық сақтай алмауы мүмкін. Тыңдалым дағдысын қалыптастыру тілдің табиғи қолданысына, табиғи темпіне негізделуі қажет, ауызекі сөйлеу тілі стиліндегі мәтіндерді ұсыну; бақылау жұмыстарында әртүрлі тестерді ұсыну. Тыңдалым әрекетіне арналған тіл үйренушілердің креативті ойлауын дамытатын жаттығулар түрлері:

  1. Дыбыстарды естіп, ажыратуға арналған жаттығулар:

  1. [ә] дыбысы бар сөздерді естігенде қолдарыңызды көтеріңіздер;

  2. дыбысты естіп, әріп түрінде жазыңыз ;

  1. Сөздерді түсінуге арналған жаттығулар:



  1. мәтінде аталған жануарлардың суреттерін салыңыз;

  2. тыңдалған мәтіндегі кейіпкерлердің мамандығын анықтаңыз;кейіпкерлердің әуестігін атаңыз т.б.

  1. Логикалық ойлай білу қабілетін арттыратын жаттығулар:

  1. бірнеше сөзді тыңдап, осы сөздің бәрін бірақ сөзбен түсіндіріңіз;

  2. диалогті тыңдап, түпнұсқалық қалпына келтіріңіз;

  3. тыңдалым мәтінінде қате айтылған сөйлемдерді дұрыс ретімен айтыңыз; мәтінде естіген оқиғаны рөлге бөлініп ойнап беріңіз.

  1. Жазылым әрекетін дамыту жаттығулары:

1) мәтінді тыңдап, түсіп қалған сөздерді жазыңыз; бір қатар сөздер тыңдап, тек қана мағынасы бір-біріне жақын сөздерді жазыңыз.

  1. Монологті сөйлеуді машықтандыратын жаттығулар:

  1. мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз;

  2. мәтінде кездескен сөздердің көмегімен өз досыңызды сипаттаңыз.

4) Креативті сөйлесім. Тіл – сөйлеу құралдарының бүтін жүйесі. Сондықтан сөйлеу құралдарымен сөйлеу әрекетін, олардың түрлерін жан- жақты игермей тұрып, белгілі бір бөтен тілде ойды жеткізу мүмкін емес. Сөйлеу әрекетін дамыту – күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты адам өз ойы мен пікірін тұжырымдау, ойды сөзбен бейнелеудің, сөйлем арқылы түсінікті түрде жеткізудің амалдарын игеру. Тіл үйренушінің сөйлеу әрекеті оның барлық түрлерін қатар игеріп, ойды дұрыс жеткізуге әсері бар барлық негізгі және қосымша құралдарды пайдаланған кезде жүзеге асырылады. Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту барысында креативті ойлау технологиясын енді сөйлеу әрекетінің маңызды бір түрі-сөйлесімді дамытқанда қолдану жолдары нақты жаттығулар арқылы сипатталмақ. Сөйлесім әрекетінде қолданылатын креативті ойлауды дамытатын тиімді әдістің бірі – қазақ тіл сабағында видео материалдар пайдалану (қысқа фильмдер, классикалық фильмдерден үзінділер, мультфильмдер т.б.). Фильмді көруді бастамас бұрын, бұл фильм не жайында болуы мүмкін деген сұрақпен тіл үйренушілердің өз болжамын тыңдап алыңыз да, фильмді көру барысында сол болжамдарын тексеріңіз.
Шағын метражды фильммен сабақта жұмыс жасауға арналған материалдар:
1.Фильмге дейінгі тапсырма. 2.Фильм барысындағы тапсырма. 3.Фильмнен кейінгі тапсырма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет