Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2017-2018 учебном году


«Казахская литература» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения



бет59/170
Дата03.06.2022
өлшемі2,45 Mb.
#145898
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   170
Байланысты:
1523245509220 (1)

«Казахская литература» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения


6, 8, 9 - сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.


Оқу жүктемесінің көлемі:


оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:
6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
оқыту орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде: 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында –34 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын жазба жұмысының (шығарма, мазмұндама )
саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

Дәптерлерді тексеру тәртібі. 6, 8, 9 - сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына 1рет тексерілуі қажет .


Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өткізілетін жазба жұмыстарының нормалары.
30-кесте – Жазба жұмысы мен сыныптан тыс оқу



Сыныпта р

Жазба жұмыстар түрлері

Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

6

Мазмұндама

1

1

-

-

2

Шығарма

-

-

1

1

2

Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4

Барлығы:

2

2

2

2

8

8

Шығарма

1

1

1

1

4




Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4




Барлығы:

2

2

2

2

8

9

Шығарма

1

1

1

1

4







Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4




Барлығы:

2

2

2

2

8

Мазмұндамаоқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жазбаша жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.


31-кесте – Мазмұндама мәтінінің көлемі



Сыныптар

Мәтін көлемі

6

150-200 сөз

8

250-300 сөз

9

300-350 сөз

32-кесте. Мазмұндама мәтінінің шартты белгілері





Шартты белгілер

Белгілер

Нені білдіреді?

/

емле қатесі белгіленеді

V

тыныс белгісінен кеткен қате

Z

абзац керек деген белгі

Z

артық қойылған абзац

?

екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі

?!

пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік

!

осы жерге ерекше көңіл аудар

~ ~

ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер

...

стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі

...

сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді

Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай түрлерін жүргізуге болады:



  • дайын мәтін бойынша мазмұндама;

  • сурет бойынша мазмұндама;

  • аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.

Мәтін мазмұнын мазмұндап жазу формалары әртүрлі болады:

  • мәтін мазмұнын дәлме-дәл жеткізіп жазу;



    • мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру;

    • өз жанынан қосымша оқиға қосу;

    • мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, бірінші жақ, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;

    • қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту;

    • кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;

    • берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау. Шығарма мен мазмұндаманы бағалау. Оқушы шығармасын тексеру,

бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарстырылады:

  1. мазмұндылығы мен идеялылығы;

  2. ой-пікірдің жүйелілігі;

  3. стилі;

  4. грамматикалық сауаттылығы;

  5. әдеби материалдарды пайдалануы.

Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Оқушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік құралдарды пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің сақталуы; ой-пікірдің жүйелілігі, шығарманың тақырыпқа сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен пікір ұтымдылығы; тақырыпты ашуға байланысты сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілу ұсынылады.
Шығарма мен мазмұндама екі бағамен бағаланады:
Бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі) қойылса, екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады.Баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады.
Бақылау жұмысының бағасы жазба жұмысы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады.

33-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны





Пән

Жұмыс

Жазба жұмыс

Сөздік

Барлығы

Қазақ

1

1

1

3

«Қазақ әдебиеті» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстарын келесі тәртіп бойынша орындау ұсынылады:


–дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу;
– көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қарақарындаш пайдалану.

«Қазақ әдебиеті» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптер (бұл дәптерге бақылау жұмыстары мен тест тапсырмалары орындалады).және



«Қазақ әдебиеті» пәнінен сөздікке арналған дәптері.
Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
–ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
– күн реті мен жұмыс түріненсоңнүктеқойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.
Үлгі:
Қазанның тоғызы Сынып жұмысы
Сабақ тақырыбы жазылады. 19-жаттығу;
–үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;

  • жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 13-жаттығу (тапсырма);

  • сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;

–мәтін азат жолдан басталады;
–сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады.
«Қазақ әдебиеті» пәнінен сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыруда келесі мерекелерді ескеру ұсынылады:
– «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2017-2018 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
5 қазан - Ұлт азаттық қозғалысының басшысы, атақты батыр Сырым Датұлының туғанына 275 жыл 100 жыл (1742);
4 мамыр - Әйгілі жырау, дана би, абыз, қазақ ауыз әдеби шығармашылығының көрнекті өкілі Бұқар Жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл (1668);
25 маусым - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл(1893 -1937);
28 қазан -қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл (1893-1920);
Қазақ халқының әйгілі әнші- композиторы, ақын Ақан Сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының дүниеге келгеніне 175 жыл (1843)
Жалпы алғанда «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сабақтарды түрлендіріп, әртүрлі форматта өткізу ұсынылады, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, баспасөз-конференциялары және т.б. оқушылардың сабақтағы жауапкершілігін, белсенділігін, өзін-өзі бағалауын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет