«Об особенностях преподавания основ наук в общеобразовательных организациях Республики Казахстан в 2013-2014 учебном году» инструктивно-методическое письмо Астана


Оқыту орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерге арналған «Қазақ тілі»



бет14/54
Дата12.09.2020
өлшемі449,73 Kb.
#63686
түріСборник
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
Оқыту орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерге арналған «Қазақ тілі»

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім туралы» Зандары мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлга калыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Бұл үш тілді қатар білуге арналған тіл саясатына сәйкес мемлекетгік тілдің доминанттық рөлін күшейтуге келіп саяды.

«Қазақ тілі» пэнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекетгік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде

білім алатын негізгі мектеп оқушыларына қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мэдениаралык катысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.

Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп менгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен олардың сипаттарының негізінде қазақ тілін үйретудің деңгейлері айқындалды. Окушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сэйкестендіріліп, жіктелді. Атап айтқанда:


  1. 7- сыныптардағы Негізгі деңгей-А2.иҮш игерімді қамтиды:

  • қалыптасу карсаңындағы орташа игерім А 2.\ - 5-сынып;

  • қалыптасу қарсаңындағы толық игерім А2.1.1 - 6-сынып;

  • калыптасқан бастапқы игерім А2.2 - 7-сынып.

8-9-сыныптардағы Орта деңгей-А 2.+ екі игерімді қамтиды:

  • қалыптасқан орташа игерім А 2.2 - 8-сынып;

  • калыптасқан толык игерім А 2.+ - 9-сынып.

Қазақстан Республикасы халқының контингент мен қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептердегі тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді жэне тілдерді деңгейлік меңгерудің еуропалық жүйесі негізге алынды. Соған орай, біріншіден, еуропалық жүйеге сәйкестендірілген тілдік деңгейлер жалпы білім беретін орта мектептің 1-11-сыныптары бойынша сараланды. Екіншіден, негізгі және орта деңгейлердің тіл игеру игерімдері айқындалды. Үшіншіден, негізгі жэне орта деңгейлердегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер бойынша түзілді. Төртіншіден, оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар негізгі жэне орта деңгейлердің ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлесім эрекетінің бес түрі (тывдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) бойынша сараланды. Бесіншіден, эр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-сөйлесімдік бөлім жэне мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша нақтыланып үсынылды.

Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер аркылы оқушылардың жобаланған оқу нэтижелеріне кол жеткізу мүмкіндіктері қарастырылады.

Пәнді оқытудың мақсаты - негізгі жэне орта деңгейлер бойынша қазак тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникатнвтік қабілеті дамыған дара түлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

Осы мақсатты жүзеге асырудағы оқу пәнінің міндеттері:



  • оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін элеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

  • оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

  • қарым-катынас әдебі нормаларын меңгерту:

  • күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды колдана білуге дағдыландыру;

  • оқушыны қазак халқынын мәдениетімен, эдебиетімен, үлттық салт- дәстүрімен таныстырып, мэдени ортада пайдалануға баулу;

35

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру;

  • оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, казак еліне, мемлекетгік тілге деген кұрмет сезімін тэрбиелеу.

Мектептің негізгі орта деңгейінде меңгерілетін тілдік жэне катысымдык біліктер 2 деңгейге жіктеліп берілген. Білім деңгейлерін ішкі кезеңдерге бөлу білім беруді дара тұлғаға бағдарлау үстанымына сай іске асады. Бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік үстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды меңгеруге мүмкіндік апады.

Сонымен қатар, қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұны қатысымдық-әрекеттік, қатысымдык-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі; оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі; білім мазмүнының жеке тұлганын өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық кабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдарын басшылыққа ала іріктелген. Яғни:



  • үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты әдіснама, мазмұн, эдістеме жэне технология сабактастығы тұрғысынан оқытуды камтамасыз етеді;

  • оқытудьщ эрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-танымдық әрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін өзі бағалау мен өз әрекетін езі бақылай алу дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді;

  • пәнаралык байланыс ұстанымы мэтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі, мэтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі жэне косалқы ойды ажырата алу жэне т.б. (әдебиетпен байланыс); өзектілік тэсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т.б. (ана тілімен байланыс) жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;

  • түсіністік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында окушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялык үйлесімді жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Окушылардың қарым-катынас жасауына жэне олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті үстану оқу үдерісі тиімділігінің маңызды шарты болып табылады;

  • оқушылардың түлғалық жетістіктерін ескеру үстанымы түрлі деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жүмыстарды орындауға, оқыту мотивінің түлғалық-мәнділігін калыптастыруға, оқытудың үтымды технологиясы мен оқу материалдарын тандауға жэне бейімдеуге, білім деңгейлері эртүрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді;

  • шығармашылық үстанымы окушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу кабілетін, қүзыреттілікке бағытталған

тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.

Білім берудің барлык деңгейлерінде «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндык желісі уш аяга бөлініп ұсынылган: элеуметтік-тұрмыстық ая; әлеуметтік-мәдени ая; оқу-еңбек аясы.

Оқу үдерісінде жүзеге асырылатын пәнаралык байланыс оқушының қазақ тіліндегі сөздік қорын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, қазақ тілін қолдану мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады.

Окушының мемлекеттік тілді үйренуге деген кызығушылығын ояту, мемлекетгік тілді меңгеруге деген кажеттілікті сезіндіру мұғалімнің оқу үдерісін тиімді де кызықты ұйымдастыруына байланысты. Тілді үйретуде баланын түлғалық ерекшелігін ескерген жөн. Шығармашылық қабілеті жоғары окушыларға эртүрлі тақырыптарда шығарма, әңгіме, реферат жазғызып, ізденімпаз, қызығушылығы жоғары оқушыға ақпарат күралдарынан материал жинап, пресс-конференция сабағын өткізуді тапсыру оң нәтижесін береді. Сонымен қатар оңтайлы пайдаланылған дидактикалық, сюжетгік, рөлдік ойындар да окушының өзін таныта алуына, сыныптастар пікірімен санасуына, шешен сөйлеу қабілегін үйренуіне және білімін жан-жақгы көрсетуіне мүмкіндік береді. Оқушылардың ой-өрісін өсіріп, оларға тілдің үлггық мәдени мұра, тіршіліктің өзегі, танымның кезі екендігін сезіндіру үшін ақпараттық технология ресурстарын, мультимедиалық қүралдарды, ғаламтор материалдарын, бейнероликтерді, электронды оқулыктарды кеңінен қолдану тиімді.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пэні аптасына 3 сағаттан оқытылып, оқу жылында әр сыныпта 102 сағатты, ал оқыту ұйғыр, өзбек, тэжік тілдерінде жүргізілетін мектептердің 5-9- сыныптарында аптасына 2 сағаттан оқытылып, оқу жылында эр сыныпта 68 сагатты құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет