Облыс ақтөбе аудан/Қала ақтөбе ауыл қурайлы мектеп елек орта мектебі



Дата21.07.2017
өлшемі43,6 Kb.
#21393
түріСабақ
ОБЛЫС Ақтөбе

АУДАН/ҚАЛА Ақтөбе

АУЫЛ Қурайлы

МЕКТЕП Елек орта мектебі

ПӘНІҢІЗ қазақ тілі мен әдебиеті

ФИО Бухарбаева Мариямгуль Кырыкбаевна
Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі 6-класс

Тақырыбы:

Қимыл-сын (бейне) үстеуі

Жалпы мақсаты


Топтық қарым-қатынас арқылы үстеудің мағыналық түрлерін еске түсіре отырып, қимыл-сын үстеуі туралы толық мәлімет беру

Оқу нәтижесі

  • Сыни тұрғыда ойланады;

  • Сөздік қорын молайтады;

  • Сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениеті дамиды.

Түйінді идеялар

Емін-еркін отырып,

Бүгін сабақ өтейік.

Құр босқа қалмай, топ-топпен,

Сұраққа көңіл бөлейік.

Шешімін тауып лезде,

Жауабын бірден берейік.

Кілең жақсы бағаны,

Қанжығаға ілейік!



Ресурстар

«Кім ұшқыр?» тренингі

Слайд, оқулық, кеспе қағаздар, маркер, плакат



Сабақ мазмұны

Кезеңдері

Уақыты


Сабақ барысы


Формативті бағалау

Кіріспе

(сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)



2 минут
8 минут

1. Психологиялық тренинг. «Кім ұшқыр?»

2. Топқа бөлу: Тірек сөздер: «Етістер», «Есімше», «Көсемше», «Үстеу»

(Шарты: Берілген сөздер арқылы әр оқушы өз тобын қателеспей тауып, топқа жинақталып, тобына ат қою)

3. «Етістер» - «Сабаққа баратын бала» тақырыбына берілген етіс жұрнағы бар етістіктерді пайдаланып, көрініс көрсету;

«Есімше» - есімше жұрнағы бар етістіктерді қолданып, «Ертегі» құрастыру;

«Көсемше» - «Көсемше» тақырыбының шежіресін жасау

«Үстеу» - «Үстеу» тақырыбына Жарнама жасау.


Бас бармақ
Топ басшысын сайлап, бағалау парағын беру.

Әр тапсырма сайын бағалау критерийлерін беріп отыру.


Критериалды бағалау:

1.Тапсырманы сауатты орындау

2. Топтың атына сай сөздерді көп қолдану

3.Ой желісінің реттілігін сақтау




Жаңа материалдың таныстырылы

мы (Оқушылардың жаңа тақырыпты, оқып-үйрену» үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

3 минут

1.Слайд «Суреттерді сөйлет»

Жаңа тақырыпқа өту - «Қимыл-сын үстеуі»

2. Оқулықтағы тақырыппен танысу

(Диологтық қарым-қатынас жасау)



  • Қимыл-сын (бейне) үстеу дегеніміз не?

  • Қандай сұрақтарға жауап береді?

  • Мысалдар келтіре аласыңдар ма?

  • Құрамына қарай қандай түрлері бар?

Критериалды бағалау


1.Сұрақты нақты қоя білу;

2.Анық, дәл жауап беру;



Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б.)



15 минут

Сергіту сәті «Оркестр»

1. Берілген үстеу сөздерді етістіктермен байланыстырып, сөз тіркесін құрастыр. ( «Етістер», «Есімше», «Көсемше» топтары орындайды, «Үстеу» тобы бағалаушы болады.)

2. Дәптермен жұмыс

Оқулықтағы 220-жаттығуды орындату. Мақсаты: Берілген сөйлемдерден үстеулерді тауып, байланысқан етістігімен теріп жазып, талдаңдар

3. «Поэзия сәті» (Слайд)

Берілген өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына тиісті үстеулерді қойып, өлеңді толықтыр. (Өлең авторы мен өлеңнің атын таба аласыңдар ма?)



Критериалды бағалау

1. Қатесіз орындау;

2. Сауатты және әдемі жазу.

3. Үстеулерді құрамына, тұлғасына талдай білу.



Қорытынды

(оқып- үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану



5 минут

Кері байланыс

«Сендер қалай жұмыс жасадыңдар?»

Шарты: Жауаптарында үстеу сөздерді көп қолдану

Әр топ топпен бірлесіп, қағазға жазады.


Үйге тапсырма. Қимыл-сын үстеуі, әдебиеттен мысал тауып жазу

Кері байланыс
Топ басшысының қорытындысы

Жиынтық баға



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет