Облыс џстаздарыныѓ газетi білім саласының үздіктері Соңы 4-бетте



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата08.02.2022
өлшемі18,99 Mb.
#97935
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Сыр мектебі пдф 2
7 қатынас ыдыстар ФО, Сабырхан Карина ктарих
Соңы. Басы 1-бетте.
Уақыт деген жүйрік-ау! Сол
жоғарғы оқу орынын бітіріп келіп,
№123 дарынды балалар мектебіне
жұмысқа келгені күні кеше ғана сияқты
еді. Оған да біршама жыл болыпты.
Мектепте математика пәнінен
сабақ берді. Ұзамай алғыр да, іскер қыз
директордың тәрбие жұмыстары
жөніндегі орынбасары болды. 2002-
2003 жылдары аудандық білім бөлімінде
жұмыс істеді. 2005 жылы аудан
орталығындағы оқушылар үйінің
директоры қызметіне шақырылды.
Аудандық білім бөлімінің бастығы
осындай мекемеге директор болып
барасың дегенде ойланып қалғаны рас
еді. Ауданда өз орыны бар үлкен
шығармашылық ұжым. Адамдармен,
мамандармен жұмыс істеу керек. Бүкіл
бір мекеменің жауапкершілігі бір
өзіне жүктеледі. Дегенмен "нар
тәуекел" деді де, қайнаған тірлікке кірді
де кетті. "Көз қорқақ, қол батыр",
тәжірибесі болмаса да, білімді, білікті,
бейнеткеш, өз ісіне ұқыпты адамға
мекемеге басшы болу соншалықты
қиын емес екен. Өзіне артылған
сенімнің үдесінен шығу үшін аянып
қалмады, жолында кездескен
қиындықтардан жасыған жоқ,
бойындағы ер азаматтарға тән қайсар
мінезі оны әрдайым қайрап, алға
жетелеп отырды. Мекеме жұмысын
дөңгелентіп алып кетті. Оған аудандық
оқушылар үйіндегі жылдар алдағы
өміріне баспалдақ, өмір мектебі болды.
Ал, №123 мектепте қызмет етіп келе
жатқанына биыл тура он тоғыз жыл
болыпты. Оның он жылында осы
мектептің директоры қызметін
абыроймен атқарып келеді.
Жас болса да оның білім беру
саласында жұмыс істегенде жеткен
жетістіктері, бағындырған биіктері бір
басына жетіп артылатындай. Жоғары
санатты математика пәнінің мұғалімі.
Сабақ беретін сыныптарындағы
оқушылар республикалық "Ақбота",
"Кенгуру" интеллектуалдық сайыс-
тарына қатысып, жүлделі орындарды
иеленді.
Жоғары сынып оқушылары Дәурен
Сахы,Нұрия Мухатова, Назым Шайзат,
Азия Сырмағанбет жаратылыстану-
математикалық бағытындағы пәндер
бойынша І республикалық қашықтық
олимпиадасының жүлделі орындарына
ие болды.
Өскелең ұрпаққа білім беру мен
тәрбиелеу ісіндегі ерен еңбегі үшін
облыс әкімі Б.Қуандықовтың "Құрмет
грамотасымен", облыс әкімінің
орынбасары М.Мұхамедовтың "Алғыс
хатымен", аудан әкімі С.Сермағам-
бетовтің "Құрмет грамотасымен"
марапатталды. 2010 жылы облыс
әкімінің "Үздік мектеп директоры"
номинациясын иеленді. Ел Тәуел-
сіздігінің 20 жылдығына орай ҚР
Президентінің 2011 жылғы 10
қарашадағы Жарлығымен "Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігіне 20
жыл" мерекелік медалімен марапат-
талды.
Оқу инемен құдық қазғандай болса,
жас ұрпаққа білім беру одан да қиын.
Бірақ осындай қызығы мен шыжығы
мол қиын шаруаны ол басқарған
мектептің педагогикалық ұжымы
абыроймен атқарып келеді.
Білім негізі - бастауыш білім
саласында. Білімнің мықты іргетасы
осы салада қалыптасады. Ал, ол үшін
бастауыш сыныптарда сабақ беретін
мамандар білімді де, білікті болуы
керек. Осы орайда мектептегі
бастауыш сынып мұғалімдерінен әр
тоқсан сайын математика пәнінен
емтихан-сынақтар алып отыру дәс-
түрге айналған. Осы сынақ барысында
кім пәнді жетік меңгерсе сол мұғалімге
басымдық беріліп, бастауыш білім
саласындағы басқа сыныптардың
математика пәнін жүргізу жүктеледі.
Сонымен бірге мұғалімнің оқу-жазу
сауаттылығы да сарапқа салынып
отырады. Ал, мектепке жаңадан келген
бастауыш сынып мұғалімінен міндетті
түрде математика пәнінен емтихан
алынады. Берілген есептердің бар-
лығын шығарып, емтиханнан сүрінбей
өткен маман ғана жұмысқа қабыл-
данады.
Білім саласының негізгі көрсет-
кіштерінің бірі - Ұлттық Бірыңғай
Тестілеу болса, мектеп түлектері соңғы
он жыл бойы бұл сынаққа жүз пайыз
қатысып келеді. Мектепте "тестілеу
сынағына үлгерімі жақсы балаларды
ғана апарайық, нашарлары қатыспай-
ақ қойсын, емтихан тапсырсын" деген
ұғым жоқ. Міндет біреу ғана - барлық
оқушыны болашақ өмірге дайындау,
ол өзі қалаған мамандықтың иесі болып
шығуы керек. Ұлттық Бірыңғай Тес-
тілеу сынағының қорытындысы
бойынша ауданда, облыста басқа
мектептермен салыстырғанда орташа
ұпай әлдеқайда жоғары. Тіпті
облыстағы кейбір арнаулы мектеп-
тердің өзі бұлардан кейін қалды. Биыл
да бұл сынақ бойынша мектепте
орташа балл 104 болып, осымен
төртінші жыл республикадағы үздік
100 мектептің қатарына кірді және
облыс бойынша сол үздік жүздіктің
қатарынан қара көрсеткен жалғыз
мектеп - осы Ләйланың мектебі.
Өзі директор болғалы осы
мектептен 2007-2016 жылдар
аралығында 12 оқушы "Алтын белгі"
иегері атанса, биыл да үш мектеп түлегі
"Алтын белгіні" иеленді. 18 оқушы
"Үздік аттестат" иесі болды. Мектепте
соңғы жылдары бір отбасынан бірнеше
"Алтын белгі", "Үздік аттестат" иегері
шығу үрдіске айналғандай. Мысалы бір
отбасының үш баласы Ыдырыс Ербол,
Ыдырыс Нұрбол, Ыдырыс Лаура "Үздік
аттестат" иегері болып, ағайынды
үшеуі де дәрігер мамандығын таңдап,
еліміздің іргелі оқу орындарында білім
алып жатыр. Ал, Рүстемұлы Дархан мен
Рүстемқызы Айжан "Алтын белгі"
иегері атанып, Ресейдің Санкт-
Петербург қаласындағы университетте
білім алуда.
Осындай жетістікке мектептегі
ұстаздардың жанкешті еңбегінің
арқасында ғана жеткені шындық.
Мектепте ұлттық бірыңғай тестілеу
сынағына дайындық соңғы жылдары
қалыптасқан дәстүр бойынша оқу
жылының басынан басталады. Екінші
тоқсанның соңында балалардың шама-
шарқы белгілі болып қалады. Ал,
үшінші, төртінші тоқсан мектептегі
ұстаздар қауымының да, он бірінші
сынып оқушыларының да оңға, солға
бұрылуға мұршасы болмай жүретін
шағы. Бір қуанарлығы мектептегі
жүйелі тәрбиенің заңды жемісі -
балалар оқудың қадірін білген, білекті
- бірді, білімді - мыңды жығатынын
түсінген.
Мектептегі білім сапасының
жоғарылығы, ұстаздардың біліктілігі
жұртшылық тарапынан мойындалып,
өз бағасын алған. Ауылдардан келіп
оқып жатқан оқушыларды айтпағанда,
Астанадан, Алматыдан, Шымкент,
Ақтаудан және басқа облыстардан ата-
аналар балаларын әкеліп, осы білім
ордасына оқытуы аталған мектептің
білім деңгейін, дәрежесін айқындап тұр
емес пе?!
Ләйләнің ұстаз ретінде ұнатпай-
тыны - "көтерме баға". Жасыратыны
жоқ, бұл бүгінгі таңдағы білім беру
жүйесінің "бас ауруы". Қай мектепті
болмасын кері тартып, оқу жүйесін
құлдыратып жіберетін де осы "көтерме
баға". Сондықтан ол мектепте көтерме
баға қоюға қатаң түрде тиым салды.
Қазір оқушының деңгейін дәлме-дәл
бағалауға мұғалім де, оқушы да үйренді.
Кейде ата-аналар тарапынан бұған
наразылық та болып қалады. Бірақ
тиянақты түсіндіру жұмыстарынан
кейін ата-аналар да өздерінің ағат
кеткендерін түсінді.
Бірде оқу жылының басында аудан
орталығындағы мектептердің бірінен
бір оқушы сегізінші сыныпқа ауысып
келді. Табелі ылғи "бестік". Жақсы
оқушы келді деп сынып жетекшісі мен
ұстаздар қуанып қалды. Бірақ бірінші
тоқсан қорытындысымен әлгі оқушы
ондаған пәндер бойынша "қанағат-
танарлық" деген бағаға зорға үлгерді.
Міне, "көтерме бағаның" пайдасы. Бұл
біріншіден өзіңді алдау, екіншіден
баланың болашағына балта шабу.
Ұстаздары көтермелегесін шәкірті де
расында өзін "мықты" санап, өз бетінше
ізденбейді. Ал, әлгі оқушы ұстаздардың
еңбегінің арқасында кейін қатарға
қосылды.
Ұстаздың бақыты - шәкірттері.
Мектепті бітіріп, жоғарғы оқу
орнының студенті атанған мектеп
түлектері ауылға демалысқа келсе
алдымен мектепке келеді. Көрген жерде
апайларын арсалаңдап келіп, құшақтай
алады.
- О, апай, қалайсыз, Сізді сағынып
қалдық!
- Апай, есіңізде ме, мектепті
бітірерде математикадан жиырма бес
бал алмасаң мектепке кіргізбеймін деп
едіңіз ғой.
- Апай баяғыда бізді сағат түнгі он
екіге дайын дайындайтын едіңіз ғой, -
деп жапырласып жатқаны.
Осы сәтте ол өз еңбегінің жемісі -
үлкен өмірге енді ғана қадам басқан
балауса балғын жастарды көріп,
олардың өзіне деген кіршіксіз пәк
көңілін жан-тәнімен сезініп, өзінің
оқушыларын ерекше құштарлықпен
жақсы көріп кетеді. Жақсы көрмегенде
ше, он бір жыл бойы солар үшін деп
тер төкті, солардың болашағы үшін
еңбек етті. Солардың жақсылығына
қуанады, жаманатын естімесем екен
дейді. Бірде хатшы қыз "жоғарғы оқу
орнынан келіпті" деп қолына бір
конвертті әкеліп ұстатты. "Бұл не
болды екен?" деген оймен конвертті
ашты. Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінен екен. Хатта
мектеп түлектерінің университетте
ерекше үздік оқып жатқанын айта
келіп, осындай оқушыларды дайындап,
тәрбиелегені үшін мектептің басшы-
лығына, педагогикалық ұжымына
шынайы алғысын білдіріпті. Оның
жұмыс үстелінің үстінде осындай
хаттардың бірнешеуі жатыр.
Ұстаздың бақыты - саналы, білімді,
шәкірті.Ол солармен мақтанады, сондай
шәкірттерімен өз ғұмырының мағы-
налы өтіп жатқанын сезінеді. Әлгіндей
хаттарды алғанда көңілі өсіп,
марқайып қалады. Сонау Алматыдан
алғыс арқалап келген мына хат расында
көңілін көтеріп тастап еді. Бірақ ондай
сәтте өзінің бір сәттік пендешілік
ойынан тез қайтады. "Марапат үшін
жұмыс істеп жүргеніміз жоқ, Құдай
абырой берсін. Алдымыздан ұшқан
шәкірттеріміз өмірден өз жолын тауып,
еліне қызмет етсе біз үшін ең үлкен
марапат сол ғой" дейді өзін-өзі сабырға
шақырып.
Иә, расында ұстаз үшін ең үлкен
марапат сол екен, шәкіртінің биіктерге
самғағанын көру ұстаз үшін үлкен
бақыт. Ал, ондай бақытқа тынымсыз
еңбек қана жеткізеді. Марқұм әкесі
үнемі:
"Балаларым, еңбек етсеңдер
ешкімнен кем болмайсыңдар. Қатар-
ларыңның алды болуға тырысыңдар,
жаман болуға құқыларың жоқ. Сендер
аймаққа аты мағлұм Қоқыбай болыс-
тың ұрпағысыңдар. Бабаларың да өз
несібесін, абыройын еңбектен тапқан,
сендерді сол бабаларыңның әруағы
желеп-жебеп жүрсін" деп отыратын-
ды.
Әкенің осы сөзінің әсері ме, ол
үнемі өзін-өзі қамшылаумен келеді.
Мен қатардан қалмауым керек, елге
еңбек етуім керек, - дейтін өзіне-өзі.
Бұл-дағы екінің бірінде бола бермейтін
қасиет. Асылы өткеніне өкінбейтін,
өмірдегі жеңілістер мен сәтсіздік-
теріне мүжілмейтін, қайратын намы-
сына жанып, үнемі алға ұмтылатын
тұлға ол - ұстаз. Осы өмірінде ол ұстаз
бақыты дегенді терең түсінгендей.
Көшедегі ойын баласын жылдар бойы
тәрбиелеп, оқытып, тұлғалы азамат етіп
қалыптастырып шығару, өз баласының
тағдырын қолына беріп отырған бүкіл
елдің сенімін арқалау - расында баға
жетпес бақыт емес пе?! Олай болса біз
де Ләйланың осы бақытының ұзағынан
болуын тілейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет