«Денсаулық сақтау» функционалды тобы бойынша 2015 жылы 75 068,6 млн. теңге қаржы қаралып, оның 74 989,2 млн. теңгесі игерілді немесе 99,9%-ға орындалды.
Денсаулық сақтау саласында: облыстық бюджеттен 26 нысан іске қосылды оның ішінде 2016 жылға өтпелі 2 нысан. Облыс бойынша бүйрек алмастыру мен бауыр алмастыру операциялары жасалуда. Бала өлімінің төмендеуі (тірі туылған 1000 шаққанда шаққанда) 11,0 көрсеткішті құрады (жоспар-11,0).
2015 жылы облыс тұрғындарына 108 заңды тұлғалар қызмет көрсетті, оның ішінде 21 мемлекеттік мекемелер, 71 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар және 16 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық мекемелер.
«Туберкулезден, жұқпалы аурулардан, психикасының бұзылуынан және жүйкесі бұзылуынан, оның ішінде жүйкеге әсер ететін заттарды қолдануға байланысты зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету» бойынша 8389,0 млн. теңге толық игерілді немесе 100,0%-ға орындалды. 2015 жылы іс жүзінде 53 689 аурулар емделіп шықты, орташа шығыстар төсек орынның ортажылдық жұмыс істеуі 318 күнді құрады.
Туберкулезбен аурушаңдық пен туберкулезден болатын өлім көрсеткіштерің төмендеуі байқалады, аурушаңдық көрсеткіші 2015 жылы халықтың 100 мың адамға шаққанда 47,3 құрады, 2014 жылы 56,5 құраған, өлім көрсеткіші халықтың 100 мың адамға шаққанда 5,1 құрады, 2014 жылы 5,34 құраған, яғни 0,52%-ға төмендеген. Психикалық аурулармен науқастанушылық халықтың 100 мың адамға шаққанда 69,0 (2014 жылы 70,5) құрады немесе 3,2%-ға төмендеген.
«Диабет ауруларын диабетке қарсы препараттарымен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша барлығы 636,4 млн. теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 595,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 40,6 млн. теңгені құрады. Бұл қаржылар есебінен 5109 диабетпен ауыратын науқастар үшін диабетке қарсы препараттар сатып алынды.
Қазақстан Республикасына ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру» бойынша 2015 жылға 1286,3 млн. теңге бөлініп, 1 280,8 млн. теңгесі игеріліп, 5,5 млн. теңгесі СК «Фармация» тарапынан АРВ вирусқа қарсы препараттар мерзімінде уақтылы жеткізілмеуіне байланысты (Спид орталығына) яғни 99,6%-ға игерілген. Бағдарламаның қаражаты есебінен 2 мемлекеттік мекеме – облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы және «Ана мен бала» облыстық реабилитациялық орталығы ұсталады.
2015 жылы АҚТҚ жұқпасының тасымалдаушылар саны 2 764 адамды құрады, 2014 жылмен салыстырғанда тасымалдаушылар 206 адамға көбейген. Антиретровирустық терапияны АҚТҚ жұқтырған 857 адам қабылдайды.
2015 жылы клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша 397 537 адам қамтылды, жоспар бойынша 406 200 адам. Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде ВИЧ-инфекциясының таралуы 15-49 жастағы топ арасында ұстап туруды 0,12% жеткізуге (жоспар 0,4%) қол жеткізілді, халықтың 100 мың адамға шаққанда ВИЧ салдарынан қозған аурулармен аурушаңдық көрсеткішін ұстап тұру 0,11 жоспарланған көрсеткіш 0,2-0,6.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлауға 311,0 млн. теңге қаралып, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының біліктілікті жоғарылатудан 5044 дәрігер және орта медицина қызметкерлері өз біліктілігін көтеруден өтті.
Бағдарламаның қаражаты есебінен ел ішінде және алыс, жақын шетелдерде қадрларды қайта даярлау және біліктілігін көрсету бойынша қызметтерге ақы төленді. Дәрігерлердің біліктілігін көтеру және қайта даярлау нақты 19,5%-ды құрады (жоспар бойынша 19,0%), біліктілікті жоғарылатудан 5 044 дәрігер мен орта медицина қызметкерлері өтті, жоспар бойынша 4 895.
«Халықтың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және мамандандырылған балалар және емдік тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету» іске асыруға жоспардағы 4 441,6 млн. теңге 100,0%-ға орындалды. Осы бағдарлама есебінен тегін дәрі-дәрмектермен 5 жасқа дейінгі 21552 бала, құрамында темір, йод бар препараттармен 12215 жүкті әйелдер, амбулаториялық емдеу кезінде дәрі-дәрмектермен 7976 бала және 146 035 ересектер қамтамасыз етілді.
«Денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының күрделі шығыстары» бойынша медициналық ұйымдарында күрделі жөндеу жүргізуге және материалдық-техникалық жабдықтауға жергілікті бюджет есебінен 2 357,7 млн. теңге қаралып, 2 339,1 млн. теңгесі игеріліп, 18,6 млн. теңгесі игерілмеді оның ішінде, 18,0 млн.теңге Луч" ЖШС тарапынан 7 дана тіс емдеу қондырғыларын және 0,6 млн.теңге Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына тасымалдау камерасын уақтылы жеткізбегендіктен. Облыстық бюджет қаражаты есебінен 17 нысан бойынша денсаулық сақтау объектісінде күрделі жөндеу жүргізіліп, медициналық ұйымдарға құрал-жабдықтың 473 бірлігі сатып алынды.
«Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша облыстық бюджет есебінен қаралған 3 013,5 млн. теңге толық 100,0%-ға игерілді.
Бұл қаржылар 26 нысанның құрылысы мен қайта құрылымдау жұмыстарына және 73 нысанның жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге жұмсалды.
Нәтижесінде, 24 нысан бойынша жұргізілген құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, нысандар іске қосылды (оның ішінде, 8 акушерлік фельдшерлік пунктер, 1 поликилика, 3 мед.пунктер, 1 дәрігерлік амбулатория, 5 туберкулезге қарсы диспансері мекемелерінің сыртқы қоршау және аймақтандыру құрылысы, 4 автономдық жылу жүйесіне өткізу үшін қазандық құрылысы, Шымкент медициналық колледжінің оқу клиникалық корпусы және Сарыағаш облыстық балалар шипажайының 60 төсек орындық корпусы мен емдік ауыз су ұңғымасының құрылысы) және 73 жобалық-сметалық құжаттаманың 34-і бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қалған 2016 жылға өтпелі 2 нысанның және 39 жоба бойынша жұмыстары толық орындалды.
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалды тобы бойынша 2015 жылы 8 256,9 млн. теңге қаржы қаралып, оның 8 255,2 млн. теңгесі игерілді немесе 100,0%-ды құрады.
2015 жылы облыс және республикалық бюджет қаржысы есебінен тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың 16 медициналық-әлеуметтік коммуналдық мемлекеттік мекемелері ұсталды, оның ішінде 1- қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі, 1 -тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі, 1-балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі, 4 мекеме-18 жастан асқан психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі, 1-мүгедектерді оңалту орталығы, 5-мүгедек балаларды оңалту орталығы, Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледж - 1, және 2-Ардагерлер үйі қамтылды. Осы мемлекеттік мекемелерді ұстау үшін 2 712,4 млн. теңге игерілді, немесе жылдық жоспар 99,9%-ға орындалды.
«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ағымдағы іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша 4,7 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамту орталықтарына келген 57 842 адаммен әлеуметтік келісім-шарттар түзілді. Оның ішінде: өздігінен жұмыспен қамтылғандардың саны 31 075 адам, жұмыссыздар – 26 767 адам, аз қамтамасыз етілгендер – 4 241 адам.
«Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспардағы 187,3 млн. теңге қаржы 100,0%-ға игерілді.
Бағдарлама аясында 2016 жылға өтпелі 1 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес толық атқарылды (Түркістан қаласы Қазыбек би көшесінде орналасқан Түркістан психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне 110 орынға арналған тұрғын корпусының құрылысы).
Сонымен қатар, 1 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 10,0 млн. теңге қаралып, толық игерілді. Жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды.
«Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру»бағдарламасы бойынша 553,4 млн. теңге игеріліп, 100,0%-ға орындалды. 2014 жылмен салыстырғанда бөлінген қаржы «патронаттық тәрбиешінің ағымдағы шотына ақша қаражатын аудару арқылы еңбегіне ақы төлеу» функциясының облыс деңгейінен аудан, қала деңгейіне берілуіне байланысты 135,2 млн. теңгеге кеміген.
Жалпы облыс бойынша 5 балалар үйі, 1-жасөспірімдер үйі және 2-отбасылық үлгідегі балалар ауылы қызмет атқарды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 263-і балалар үйлерінде, 248-і отбасылық үлгідегі балалар ауылдарында және жасөспірімдер үйінде тәрбиеленуде. Отбасылық үлгідегі балалар үйінен 2 баланың патронаттық тәрбиеге берілуіне байланысты жоспар 99,2%-ға орындалған.
Есепті жылы жетімдікті қысқарту 3,4% болып жоспарланса, нақты 42 бала отбасылық тәрбиеге беріліп, жоспар 8,2% болып толығымен орындалды.
«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» бағдарламасы бойынша 66,3 млн. теңге толығымен игеріліп 100,0%-ға орындалды. Бұл қаржы 2014 жылмен салыстырғанда 3,9 млн. теңгеге артқан.
Бағдарлама бойынша 3-18 жас аралығындағы қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды ата-анасы немесе өзгеде заңды өкілдері анықталғанға дейін 50 төсек орынға арналған 47,5 штаттық бірлігі бар орталықта жыл барысында 1 600 бала әлеуметтік жәрдем алған.
«Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы 718,9 млн. теңгеге игерілді.
2015 жылы санаторлық-курортық емделуді 3 675 адам алды, оның ішінде: «Біркөлік» шипажайында – 597 адам, «Күлпаршын» шипажайында – 603 адам, «Арыс» шипажайында – 1 324 адам ,«Сарыагаш» - 474 адам, «Манкент» - 456 адам, «Аксу-Жабаглы» - 221 адам сауықтандырылды.
Мұқтаж мүгедектерді 1 267 дана сурдоқұралдарымен, 8885 дана тифло- құралдары, 751 дана қол арбамен және 466 мүгедек адам есту протездік қызметімен қамтамасыз етілді.
«Мүгедектер мен ардагерлерді оңалту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 60,4 млн. теңгеге медициналық көрсеткіштермен, 214 адам «Спутник» және 400 адам «Сарыагаш» арнайы санаториясының базасында демалып өз денсаулықтарын жақсартты.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының резервінен жартылай стационарлық деңгейде психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтер үшін қарыздарды өтеуге бөлінген 11,9 млн. теңге толық игерілді.
Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 2 оралмандарды бейімдеу орталықтары (Шымкент, Ақсукент) коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметін қамтамасыз етуге 2015 жылы қарастырылған 42,8 млн. теңгенің, 42,7 млн. теңгесі игеріліп, 99,8%-ға орындалды.
«Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту» бойынша 268,5 млн. тенге қарастырылып, 100,0%-ға орындалды.
Аталған бағдарлама бойынша 5916 мұқтаж мүгедек адам гигиеналық заттармен 261,1 млн. теңгеге қамтамасыз етілді, оның ішінде жөргектер алушылардың саны 5805 адам, нәжісқабылдағыш алушылар саны 32 адам, несепкабылдағыш алушылар саны 79 адам.
«Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 27,4 млн. теңге қаралып, толық игерілді.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жергілікті телеарналардың негізгі ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларында шыққан сурдоаудармалар көлемінің жоспары 14 464,7 минут болса, нақты көрсетілгені 14 646,7 минутты құрады немесе 101%-ға орындалған. Атап айтқанда мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында аймақтық телеарналарда ақпараттық бағдарламаларды сурдоаудармамен таратуды Айғақ телерадикомпания ЖШС-ы 3 953,70 минут және Қазақстан РТРК АҚ-ы 10 693,0 минут сурдоаудармалар көрсетілді. Тұрғындардың мемлекеттік саясат және негізгі даму бағыттары туралы ақпараттандырылу деңгейі 72,0%-ды құрады.
«Протездеу бойынша медициналық көмек және протезді-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды пайдалануды оқыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 226,4 млн. теңгеге мұқтаж мүгедектерге 3 337 дана протездік бұйым 3 444 медициналық көмектермен қамтамасыз етілді.
Бағдарламадағы іс-шаралардың қаржылары есебінен мүгедектер мен соғыс ардагерлерді санитарлы-курорттық ем қабылдау, техникалық құралдармен, толыққанды өмір сүруге қажетті заттармен қамтамасыз етілді, яғни мүгедектердің өмір сүру сапасы жақсарды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру» бағдарламасы бойынша 1 821,3 млн. теңге бюджеттік кредиттер бөлініп, толық 100,0%-ға игерілді.
Жыл қорытындысы бойынша «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы арқылы 868 кәсіпкерге жеңілдіктермен несиелер берілген.
Несие келесідей бағытта берілді: ауылшаруашылығы саласы - 825 несие, халыққа қызмет көрсету – 33 несие, негізгі құрал жабдықтар алу – 8 несие, өндірістік қызметке – 2 несие.
2015 жылдың қорытындысымен облыста 29 жобалар бойынша білім беру, мәдениет, спорт, аймақты көріктендіру, жолдарды жөндеу және ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттері мен дәрігерлік амбулаторийлердің құрылысы салаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 822 жұмыс орындары ашылып, жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен Бағдарламаның 418 қатысушысы жұмыспен қамтылды.
Бағдарлама шеңберінде несиелендіру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымы ретінде мал шаруашылығы, өндірістік және халыққа қызмет көрсету бойынша микрокредит қатысушырларға 872 несиелер берілді. Бағдарлама аясында 1 021 қатысушыға тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдем берілді. 2015 жылы 3 589 адам оқуды аяқтап, оның 3 466 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды (96.66 пайыз)
2015 жылы 286 кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалып, 1645 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғандардың саны 1637 адам. Орташа жалақы 51,5 мың теңгені құрады.
2015 жылы Жастар практикасын ұйымдастыруға 793 жұмыс берушілермен келісім-шарттар жасалып, 1 773 адам жұмыспен қамтылды.
«Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік» функционалды тобы бойынша 2015 жылы 14 483,9 млн. теңге қаржы қаралып, оның 14 483,4 млн. теңгесі игерілді немесе 100,0%-ды құрады.
«Мәдени-демалысын қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 645,9 млн. теңге жоспарланып, орындалуы 100,0%-ды құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 12,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен 633,8 млн. теңге
Бағдарлама бойынша 3 кәсіпорынның (Оңтүстік-Цирк, облыстық мәдени халық шығармашылығы орталығы және Түркістан сарайы мекемелерінің) қызметі қаржыландырылды. «Оңтүстік-Цирк» мекемесінде 84 қойылымдар мен іс-шаралар және 7 гастрольдік іссапар ұйымдастырылып, цирк әртістері Қытай Халық Республикасында өнерлерін көрсетті. Жоспарланған 3 жаңа бағдарламаның нақты 3 орындалып, оның екеуі "Алақай, балақай!", "Джунгли" атты бағдарламасын қайта жаңартып халыққа ұсынды.
Бағдарлама бойынша Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70, Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халық Асамблеясының 20 жылдығына және тағыда басқа да ресми және мерекелік барлығы 10 іс-шаралар өткізілді.
Жастарға патриоттық тәрбие беруде және халық шығармашылығын дамыту, жас таланттарға қолдау көрсету мақсатында салт-дәстүрді насихаттауға арналған 15 түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп, халықаралық шығармашылық байқауларға 22 талантты жастар қатысты.
«Тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жетімді болуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылдық жоспардағы 470,6 млн. теңге 100,0%-ға игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 24,2 млн. теңге, облыстық бюджеттен 446,4 млн. теңге
Бұл қаржылар 15 мұражай, 11 филиал, «Әдет ғұрып және салт дәстүр орталығы», «Оңтүстікфильм» КММ «Көрме орталығы» МКҚК қызметтерін ұстауға жұмсалды.
Облыс мұражайларында негізгі жұмыс көрсеткіштері бойынша 9378 экскурсия, 888 көрме, 703 көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, 282 724 көрермен қамтылды, сонымен қатар 6 852 дана жаңа экспонаттар жинақталып, мұражайлардың жалпы қор саны 159,9 мың данаға жетті. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер, өндірістік мекемелерден жинақталған және азаматтардың сыйға берген заттарынан музей қоры жаңа жинақталған жәдігерлермен толықтырылып, мұражай қорының жаңарту үлесі 3,5%-ға көбеюде. Ал тарихи-мәдени мұра нысандарына қойылған ескерткіш тақталар саны 434 жетіп отыр. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде құнды жәдігерлерді насихаттау мақсатында жоғарғы, арнаулы оқу орындары мен мектептерде 12 онлайн-режимдегі сабақ өткізіліп, 433 студенттер мен оқушылар қатысты.
«Жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 027,0 млн. теңге қарастырылып, кассалық орындалуы 100,0%-ды құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 51,8 млн. теңге, облыстық бюджеттен 975,2 млн. теңге
Бағдарлама бойынша 8 кәсіби театр және 1 филармонияның қызметі ұсталынды. Театрларда 2015 жылы 52 жаңа спектакльдердің премьерасы сахналанса, 2 558 спектакль қойылып 350,1 мың көрермен қамтылды. 73 гастрольдік іссапар ұйымдастырылып, облыстық театрлар аудандар мен қалаларға және Астана, Алматы, Байқоңыр қалаларында, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында өнер көрсетті. Облыстық театрлар түрлі фестивальдер мен конкурстарға қатысып 17 жүлделер мен марапаттарға ие болған.
Облыстық филармонияда 211 концерт қойылып, 95 мыңнан аса көрерменді қамтыды. 10 гастрольдік іссапар ұйымдастырып облыстың аудан, қалаларында және еліміздің басқа өңірлерінде өнер көрсетті.
«Бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығындары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 240,2 млн теңге игерілді, немесе 100,0%-ды құрады. Бағдарлама бойынша Шанин атындағы қазақ драма театры ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына 206,5 млн. теңге жұмсалды. Одан бөлек басқармаға қарасты мекемелерге 1 дана жеңіл көлігі, 27 компьютер комплекті, 4 дана ноутбук, проекциалық аппараттар, LED экран және т.б. негізгі құралдар сатып алынды.
«Жергілікті бюджеттерден бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 335,2 млн. теңге жоспарланып, 100,0%-ға орындалды.
Бұл қаржыға 6 мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп (Бәйдібек-2, Қазығұрт-3, Арыс-1) пайдалануға тапсырылды.
«Мәдениет объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспардағы 609,4 млн. теңгесі толық 100,0%-ға игерілді.
Бұл қаржылар есебінен 2 нысанның құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен екеуіде пайдалануға тапсырылды (Шымкент қаласындағы көркем галереясының көрме залын қайта құру және тарихи-мәдени аймақтың құрылысы).
Сонымен бірге, жоспарға сәйкес 1 жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
«Спорт объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспардағы 1 667,9 млн. теңгесі толық 100,0%-ға игерілді.
Аталған бюджеттік бағдарлама бойынша 2 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, екеуіде пайдалануға тапсырылды (Төлеби ауданы Бадам су арнасында су және ескек есу спорт түрі үшін универсалды оқу-жаттығу базасының құрылысы және Шымкент қаласындағы көркем гимнастикаға арналған спорт кешенінің құрылысы).
«Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарда қаралған 1 419,0 млн. теңгесі толық 100,0%-ға игерілген.
Аталған бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 312,8 млн. теңгеге 2 нысанның құрылыс жұмыстары толық атқарылып, пайдалануға берілген.
Ал, облыстық бюджет есебінен 1 106,2 млн. теңгені құрайтын 6 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тапсырылуы тиіс 4 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді (Түлкібас ауданы Кемербастау ауыл округі Алғабас ауылындағы спорт кешені, Арыс қаласы Ө.Жәнібеков көшесі бойындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Шымкент қаласы Республика даңғылы 39Б бойындағы "Шымкент қалалық №2 жеңіл атлетика және велоспорт бойынша ОБЖАОРМ" ММ ғимаратының құрылысы және Шымкент қаласындағы №1 олимпиядалық резервті мамандандырылған спорт мектебіне арналған спорт залының құрылысы). Қалған 2 нысан 2016 жылға өтпелі, өндірістік кестесіне сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары толық атқарылды.
«Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» бюджеттік бағдарламасында жоспарда қаралған 260,3 млн. теңге 100,0%-ға орындалды. Игерілмеген 1,5 мың теңге нақты шығыстардан үнемделген.
Облыс көлемінде 59 (36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылады, есепті жылы жалпы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің санын 42,4 мың адамға жеткізу жоспарланса, нақты 52,0 мың адамға жеткен.
Оңтүстік Қазақстан облысында 77 981 мүгедек тіркелген. Мүмкіндігі шектеулі 2 670 жандарды спортқа тарту жоспарланған болса, нақты 3 275 адам спортпен шұғылдануда. Яғни 2014 жылмен салыстырғанда 605 адамға артқан.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында 2015 жылы 4 567 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 493 439 адам қатысты, оның ішінде ауылды жерлерде 2 877 спорттық іс-шаралар өткізіліп, 321 592 адам қамтылған. Оның ішінде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын облыс аумағында жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің (прокуратура, ішкі істер, әділет министрлігі, сот жүйесі, ұлттық қауіпсіздік комитеті), бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, медицина саласы қызметкерлерінің, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің, орта аранулы және жоғары оқу орындарының Спартакиадасы, дәстүрлі «Денсаулық» фестивалі, облыстық Ардагерлер Кеңесімен бірлесе 1941-1945 жылдардағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғыс ардагерелері арасында шахматтан, бильярд спортынан, облыстық «Южный Казахстан» газеті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жүлдесіне арналған дәстүрлі жүгіру эстафетасы, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен облыстық жарыс ұйымдастырылып, өткізілді.
Дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын барлық жастағы халықтың 22% қамтылуы жоспарланса, нақты 632,6 мың адам қамтылып жоспар 22,3%-ды құрады.
Облыстық түрлі спорт түрлері бойынша құрама командалардың мүшелерін республикалық және халықаралық спорт жарыстарына дайындау және қатыстыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарда қаралған 5 718,5 млн. теңге 100,0%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 30,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен 5688,2 млн. теңге. Игерілмеген 0,7 мың теңге нақты шығыстардан үнемделген.
Есепті жылы облыста 1 - Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген, 8 - халықаралық дәрежедегі, 89 – Қазақстан Республикасының спорт шеберлері дайындалды. Жыл басынан облыс спортшылары олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып 396 алтын, 377 күміс, 340 қола медальға қол жеткізді.
2015 жыл аралығында Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 76 алтын, 52 күміс және 55 қола, Әлем чемпионатында 47 алтын, 21 күміс және 21 қола медальге ие болды.
Оңтүстік Қазақстан облысынан спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құрамында 391 спортшы, жастар құрамасында 295 спортшы, жасөспірімдер құрамасында 339 спортшы бекітілген. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан облыстың жетекші 106 спортшыларына ай сайын стипендия төлеуде.
Сондай-ақ, 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін лицензиялық жарыстарда облыс спортшылары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, 12 спортшы жолдама жеңіп алды.
«Мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 377,4 млн. теңге қарастырылып, 100,0%-ға орындалған. Игерілмеген қаржы 2,5 мың теңге нақты шығыстардан үнемделген.
Бөлінген қаржы 1 облыстық, 4 өңірлік, 3 қалалық, 11 аудандық мұрағат мекемелерінде бекітілген лимиттегі 326,25 штат бірліктерін ұстауға жұмсалды.
Аймақтың мұрағаттық қорына халықтың қол жетімділігін кеңейту мақсатында ақпараттық хабарламалар жасалынды, облыстық және аудандық БАҚ 28 мақала жарыққа шықты, жергілікті радиодан 14 радиохабарлар берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік мұрағаттардың оқырман залдары арқылы 25 мыңнан астам құжат берілді.
Оқу залы арқылы құжаттар белсенді пайдаланылды. Оқу залында мұрағат құжаттарымен 19 ғылыми зерттеушілер жұмыс істеді. Зерттеушілер мен мұрағат қызметкерлеріне 325 тізімдеме және 18 424 іс берілді. Сондай-ақ, оқу залдарында құжаттармен кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді. 2015 жылы қанағаттандырылатын сұранымдардың саны 1090 болып жоспарланса, нақты 1 260 сұраным түсіп, оның 1180 қанағаттанарлық нәтижесімен орындалған.
Сонымен қатар, заңды және жеке тұлғалардан 46477 сұраныстар келіп түссе, оның ішінде тікелей келгені 12385 сұраныс, ал Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 34092 сұраныс келіп түскен. Қанағаттанарлық нәтижесімен 34850 сұраныс орындалды.
Одан бөлек басқару құжаттарының сақтау бірлігі 10 451, ғылыми-техникалық құжаттар 599, фотоқұжат 167, жеке тектік құжаттардың сақтау бірлігі 405, бейнеқұжат 1620 және жеке құрам құжаттары 18 721 жетіп, құжаттар мемлекеттік сақтауға алынды.
«Облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 356,4 млн теңге, 100,0%-ды құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 17,9 млн.теңге, облыстық бюджеттен 338,4 млн. теңге
Есепті жылы облыс кітапханаларында оқырмандар саны 72,8 мың адамды құраған. Ал кітап қоры 34 530 дана жаңа кітаптармен толықтырылып, 7,1 млн. данаға жетті. Интернет жүйесімен қамтылған кітапханалар саны 5 болса, электрондық каталогқа қосылған кітап қоры 48 650 дананы құрады. Облыстың рухани, тарихи мұраларына арналған «Қазыналы Оңтүстік» көп томдығының 21 томы жарыққа шығып, бүгінде оның жалпы саны 311 томға жетті.
Кітапханалардың электрондық қызметтерді пайдаланушылардың санын 19,9 мың адамға жеткізу жоспарланған болса, нақты 19,5 мың адамға жеткен.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, 3 естелік кітаптар және «Өркендеген көркемденген Оңтүстік», Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала өсиеті» кітаптары шығарылды.
«Мұрағат объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаралған 306,0 млн. теңгесі толық 100,0%-ға игерілді.
Бұл қаржылар есебінен Шымкент қаласы «Нұрсәт» мөлтек ауданындағы 500 мың томдық қалалық мұрағат ғимаратының құрылысы жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 1 жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 7,3 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
«Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 664,2 млн. теңге қаралып, жоспар 100,0%-ға орындалды.
Мемлекеттік тапсырыс аясында БАҚ-да шыққан материалдар көлемі жыл ішінде 2 643 973,07 ш/см - ге жоспарланып нақты атқарылғаны 2 818 925,81 ш/см немесе 107 пайызға орындалды. Елбасының Жолдауы мен ҚР Үкіметі бағдарламаларының облыста орындалуы мен облыстың - әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша 19-республикалық, 27 облыстық газеттерде материалдар жарияланды.
Мемлекеттік тапсырыс аясында шыққан теле-радио бағдарламалардың көлемі (1 жылға) жоспарланған 15 357,12 минут болса, нақты көрсетілгені 24 038,88 минутты құрады немесе 157%-ға орындалды.
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай 15 аудан, қала бойынша «Ұлы Жеңісті жақындатқан Оңтүстік Қазақстандықтар» топтамасы мен «Майдангерлер» фильмі, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Біз соққан ортақ үй» тақырыбында 10 минуттық аннимациялық фильмі түсіріліп, тұсаукесері өткізілді және «ҚР Тұңғыш Президенті және ҚР Тәуелсіздік күндеріне, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 8 деректі фильмдер дайындалып, телеарналардан көрсетілімі ұйымдастырылды.
Одан бөлек, Елбасы Жолдауының басым бағыттарының Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылуы бойынша 37 бейнероликтер дайындалып, телеарналарда көрсетілді. Сонымен қатар, аудан, қалаға барған облыс әкімінің іс-сапары бойынша 30 секундтық 20 бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды.
«Туристік қызметті реттеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 37,5 млн. теңге бөлініп, 37,2 млн. теңгесі игерілген немесе жоспар 99,2%-ға орындалған. Игерілмеген 0,3 млн. теңге, оның ішінде, «Оңтүстік» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірнеше штатық бірліктерінің бос болуына байланысты 0,1 млн. теңге және жоспарланған іс-шараларды өткізу бойынша 0,2 млн. теңге үнемделген қаржылар.
Бұл қаржылар есебінен облыс делегациясы 2 қазақстандық халықаралық көрмеге қатысты (Астана және Алматы қалаларында), сондай-ақ, 6 өңірлік, республикалық және халықаралық іс-шаралар өткізіліп, қатысушылардың жалпы саны 73 адамды құрады (оның ішінде, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, туристтік бизнес өкілдері, қолөнершілер, суретшілер, блогерлер, спортшылар және т.б.).
Жыл қорытындысы бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген туристтер саны – 108 726 адамды құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |