Республикалық бюджеттен трансферттер 99,9%-ға орындалды (жоспар 111 122,0 млн. теңге болғанда орындалу 111 035,9 млн. теңге құрады), соның ішінде:
даму трансферттері – 99,8% (20 963,7 млн. теңге);
ағымдағы трансферттер – 99,9% (90 158,3 млн. теңге).
Олардың ішінде, Бизнестің жол картасы-2020 бойынша жоспардағы 7 953,3 млн. теңгеден игерілу 7 921,1 млн. теңгені немесе 99,6% құрады. Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша жоспардағы 5 452,2 млн. теңгенің 5 449,7 млн. теңгесін немесе 99,9% құрады.
Әлеуметтік сала
Әлеуметтік сала бойынша шығыстар 4 функционалдық топты құрады, атап айтсақ, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.
млн.теңге
«Білім беру» функционалды тобы бойынша 2015 жылы 72 140,4 млн. теңге қаржы қаралып, оның 72 138,4 млн. теңгесі игерілді немесе 100,0%-ға орындалды.
«Жалпы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 19 247,5 млн. теңге қаралған, оның ішінде 2 850,5 млн. теңге Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаржы толығымен игерілген.
2015 жылы облыста 3-6 жастағы 156 053 баланы, оның ішінде «Балапан» бағдарламасы аясында 115 087 баланы қамтитын 1524 мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Жалпы 3-6 жастағы балаларды қамту 80,2%-ды құрады, яғни бағдарламадағы межеленген жоспар (77,7%) артығымен 2,8%-ға орындалған.
«Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бюджеттік бағдарламасында жоспарда қаралған 2 088, 9 млн. теңгенің есепті кезеңде 2 088,7 млн. теңге орындалды, игерілмегені 0,2 млн. теңге нақты шығыстардан үнемделуіне байланысты орын алған. Оның ішінде республикалық бюджеттен 56,4 млн.теңге, облыстық бюджеттен 2032,3 млн. теңге
Аталған бюджеттік бағдарлама бойынша 12 123 балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленетін 1 олимпиада резервін дайындау орталығы, 1 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 13 мамандандырылған спорт мектептерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілді.
Облыс аумағында ірі 32 Халықаралық спорттық іс-шаралар, 109 облыс чемпионаттар өткізілді. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Спартакиадасында және ұлттық спорт түрінен Фестивальде облыс құрама командасы жалпы командалық 3-ші орынды алу жоспарланса нақты 1,2-ші орындарды жеңіп алды.
«Мамандандырылған білім беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Бекзат Саттарханов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысының дарынды баларға арналған спорт мектеп-интернаты КММ-н ұстауға 349,8 млн. теңге жұмсалды, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 14,0 млн. теңгеге ұлғайған. Игерілмеген 0,2 млн. теңге нақты шығыстардан үнемделуіне байланысты орын алған.
Мектеп-интернатта жалпы 315 бала білім алуда. Есепті кезеңде оқу-жаттығу сабақтарында спорттық шеберлiктерiне үміткер және 1-ші санатты спорттық дәрежеге ие болатын 257 спортшы жоспарланса, бұл көрсеткіш нақты 259-ға жетті, сонымен қатар Мәскеу қаласында 2015 жылғы қыркүйек айында жасөспірімдер арасында бокс спорт түрінен өткен Алем Чемпионатында Даулет Нысан 1 орынды иеленіп, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына ие болды.
Интернат спортшылары олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып 18 алтын, 12 күміс, 11 қола медальға қол жеткізді.
«Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасында 2290,0 млн. теңге игеріліп, жоспар 100,0%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 104,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 2185,9 млн. теңге.
Аталған бағдарлама бойынша 12 қосалқы, девиантты мінез - құлықты балаларға арналған және санаторий типтес мектеп-интернаттары қаржыландырылып, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, 2360 оқушылардың (нашар көретін -203 бала, нашар еститін - 135 бала, саңырау – 338 бала) мүмкіндігіне қарай жан-жақты білім беру және қоғамда өмір сүруге бейімделуіне жағдайлар жасалынды.
Жалпы мүмкіндігі шектеулі балалардың арнайы орта біліммен қамтылған үлесі жоспарланған 85,7%-ға жеткен.
«Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 217,7 млн. теңге игерілді, немесе жоспар 100,0%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 245,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 2971,8 млн. теңге.
Бұл қаржы 2014 жылмен салыстырғанда бөлінген қаржы 310,4 млн. теңгеге артып отыр. Игерілмеген 0,4 мың теңге нақты шығыстардан үнемделген қаржы.
Жалпы ОҚО білім жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасына қарасты 2429,32 бірлік штат бірлігі бар дарынды балаларға арналған 17 мектеп-интернаттар және «Тау Самалы» МКҚК-і ұсталынды. Мектеп интернаттарында 7478 бала білім алуда, оның ішінде: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарды тереңдете оқитын оқушылар-2304 болса, ағылшын және түрік тілдерін дамыту және тереңдете оқитын оқушылар саны 4579, өнертану бағытын дамыту және тереңдете оқитын оқушылар саны 295 құрады. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырған 354 мұғалімге қосымша ақы төленді.
«Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы қараша айындағы №1255 қаулысына сәйкес «Орта білімді жан басына нормативтік қаржыландыру» жобасы аясында республикалық бюджеттен 559,9 млн. теңге қаржы бөлініп, Қазығұрт ауданы бойынша 9, Сарыағаш ауданы бойынша 6, Түркістан қаласында 4 жалпы орта мектептерге жан басына шаққандағы қаржы жұмсалынып толығымен игерілді. Жалпы облыстағы мектептер санына қарағанда пилоттық жобаға енгізілген мектеп үлесі 1,86%-ды құрады.
«Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасында республикалық бюджеттен қаралған 2 287,6 млн. теңге толық игерілді немесе жоспар 100,0%-ға орындалды.
Бюджеттік бағдарламаны іске асыру барысында есепті жылы 7918 педагог кадрлары деңгейлік курстан өтіп, өз тәжірибелерін қолдануда. Оның ішінде 1- деңгейлік 1626 мұғалім, 2-деңгейлік 1419 мұғалім, 3-деңгейлік бойынша 4873 мұғалім өткен.
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 9 883,5 млн. теңге толығымен игеріліп, жоспар 100,0%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1554,2 млн. теңге, облыстық бюджеттен 8329,3 млн. теңге. 2014 жылмен салыстырғанда игерілген қаржы 1 179,5 млн. теңгеге артқан.
Аталған бағдарлама бойынша 5243,97 штаттық бірлігі бар 36 мемлекеттік коледжді ұстауға, сондай-ақ осы 36 мемлекеттік және 14 жеке меншік көледжінде 22 435 студенттің (оның ішінде 195 студент сыртқы бөлімде) мемлекеттік тапсырыспен білім алуына жұмсалды.
Кәсіпорындармен өзара байланысты нығайтып, дуалді оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, құрылыс, техникалық, ауылшаруашылық және қызмет көрсету салалары бойынша 2015 жылы 28 колледж (оның ішінде 20 колледж мемлекеттік, 8 колледж жекеменшік) 39 мамандық бойынша 100 кәсіпорынмен 4 жақты келісімшарттар (кәсіпкерлер палатасы, кәсіпорын, білім басқармасы, колледж) жасау арқылы 1347 студент дуалді оқыту жүйесімен оқытылуда.
Жеңілдетілген жол жүру төлемдерімен 22 240 студенттер қамтамасыз етілсе, 18124 жақсы, өте жақсы оқитын, мүгедек және жетім балаларға шәкіртақы төленген.
«Жұмыспен қамту–2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 593,8 млн. теңге толығымен игеріліп 100,0%-ға орындалды.
2014 жылмен салыстырғанда игерілген қаржы 1 364,1 млн. теңгеге кеміген, себебі 2014 жылы курс сабақтары 12-айлық болса, 2015 жылы даярлау курстарында 6 ай көлемінде оқыған.
2015 жылы бағдарлама аясында мамандық алмаған, жұмыссыз жүрген жастарды оқуға тарту мақсатында 19 колледжде 16 мамандықтың 27 біліктілігі бойынша "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы" аясында қабылданған 2653 білім алушылардың 11 адам оқудан шығып кетуіне байланысты 2642 адам оқуын бітіріп, жоспар 99,6%-ға орындалған.
«Білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға республикалық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 22 952,7 млн. теңге қаралып (республикалық бюджет қаражаты есебінен 6 549,2 млн. теңге, ҚР Ұлттық қорынан 2 750,0 млн. теңге, облыстық бюджет қаражаты есебінен 13 653,5 млн. теңге), оның 22 952,6 млн. теңгесі игерілді немесе жоспар 100,0%-ға орындалды. Игерілмеген 0,1 млн. теңге үнемделген қаржы.
Бағдарлама шеңберінде жалпы 99 білім беру нысандарының құрылысы жүргізілді, атап айтқанда, Сарыағаш ауданында 17 нысан, Шымкент қаласында 16 нысан, Қазығұрт ауданында 12 нысан, Мақтарал ауданында 11 нысан, Түлкібас ауданында 8 нысан, Төлеби ауданында 7 нысан, Сайрам аудынында 6 нысан, Созақ ауданында 5 нысан, Бәйдібек ауданы мен Түркістан қаласында 4 нысаннан, Ордабасы ауданында және Арыс қаласында 3 нысаннан, Кентау қаласында 2 нысан, Шардара ауданында 1 нысан.
Жыл қорытындысымен жоспарға сәйкес 61 нысан пайдалануға тапсырылды, (оның ішінде: жалпы 17 175 оқушы орынды құрайтын 50 мектеп және 2 690 орынды құрайтын 11 балабақша) және 2016 жылға өтпелі 38 нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес толық атқарылды.
Сонымен бірге, 2 жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды.
«Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспардағы 1 109,9 млн. теңге 100,0%-ға игерілді.
Бағдарлама шеңберінде 5 нысанның құрылысы жүзеге асырылып, жоспарға сәйкес 5-де пайдалануға берілді (Сарыағаш ауданы №4 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 150 орындық жатын корпусы, Төлеби ауданы Ленгер қаласындағы қосымша мектеп интернатқа 150 орындық жатын корпусы, Түркістан қаласындағы №23 профильдік лицейге 200 орындық оқу корпусы шеберхана акт зал спорт залы мен асхана, Шымкент қаласындағы саз колледжінің 300 орындық концерт залы және Шымкент аграрлық колледжінің оқу-өндірістік базасы).
Сондай-ақ, 2 жобалақ-сметалық құжаттамалар әзірлеу жұмыстары жүргізіліп, жобалар мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
«Мемлекеттік облыстық білім беру ұйымдары үшін оқулықтар, оқу - әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу» бағдарламасы бойынша 44,3 млн. теңге игеріліп, 100,0%-ға орындалды. Бұл қаржы 2014 жылмен салыстырғанда 0,8 млн. теңгеге кеміген.
Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға – 39 344 дана, түзету мектеп-интернаттарға – 2 564 дана, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына – 7 910 дана кітаптар сатып алынды. Жалпы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар 100,0%, түзету мектеп-интернаттар 91,0%, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 78,1% оқулықпен жабдықталды.
«Облыстық ауқымда мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды және конкурстар өткізу» бағдарламасы бойынша қаралған 347,4 млн. теңге толығымен игеріліп, жоспар 100,0%-ға орындалды.
Аталған бағдарлама бойынша 143,25 бірлігі бар облыстық 4 мекеменің (Облыстық мектеп олимпиядаларын өткізу орталығы, Балалар мен жеткіншектерге арналған аймақтық оқу-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Экологиялық орталығы, Облыстық жас туристер станциясы) қызметі және іс-шаралар шығыстары қаржыландырылды.
«Облыстық мектеп олимпиадаларын өткізу орталығы» МКҚК-ны 2015 жылы облыстағы мектептер, колледж оқушылары, мектепке дейінгі ұйымдар балаларының негізгі және қосымша тәрбие-білім сайыстары, сондай-ақ, бүкіл облыстағы балалар үйлері мен мүмкіндігі шектеулі/есту, көру, тіл кемістігі бар балалар мектеп-интернаттары тәрбиеленушілерімен 25-фестивальдер және тәрбие сайыстарын тікелей ұйымдастырып, оған 8000 адам қатысты.
Облыстық жас туристер станциясы МКҚК-ны 2015 жылы облыстағы мектептер оқушылары, бүкіл облыстағы балалар үйлеріндегі балалар мен жасөспірімдер арасында 17-туристік-спорттық туризмді дамыту, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын оқып-үйрету, туризм құралдары арқылы денсаулықтарын нығайту, бос уқытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын дағдыларын насихаттау іс-шаралар ұйымдастырып, оған 4114 адам қатысты.
Облыстық экология орталығы МКҚК-ны 2015 жылы облыстағы жалпы орта мектептердің 7-11сынып оқушылар арасында 9-экологиялық ой-санасы қалыптасқан шығармашыл жеке тұлғаны дамыту, қоршаған ортаны қорғау, құстарға және қоршаған ортаға қомқор бола білуге тәрбиелей отырып, экологиялық тәрбие негіздері қалыптастыру іс-шаралары ұйымдастырып, оған 2962 адам қатысты.
Облыстық балалармен жеткіншектерге арналған аймақтық оқу практикалық дене тәрбиесі орталығы МКҚК-ны 2015 жылы облыстағы мектептер мен колледждер оқушылар арасында 23-спортттық және әдістемелік жұмыстар мен іс-шаралар ұйымдастырып, оған 6245 адам қатысты.
«Балалар мен жеткіншектердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық - медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» бағдарлама бойынша қаралған 12,1 млн. теңге 100,0%-ға орындалды. Бұл қаржы 2014 жылмен салыстырғанда 322,9 млн. теңгеге аз, себебі 1 - психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңес, 16–психологиялық–педагогикалық түзету кабинеттері аудандық және қалалық деңгейге берілуіне байланысты орын алды.
Оқу жылында кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдай отырып облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес – 11804 баланың қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн көрсетті немесе жоспар 118,7%-ға орындалды.
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жеткіншектердің оңалту және әлеуметтік бейімдеу» бағдарламасы бойынша оңалту орталығына қаралған 110,8 млн. теңге 100,0%-ға орындалды. 2014 жылмен салыстырғанда жұмсалған қаржы 6,2 млн. теңгеге артқан.
Мүмкіндігі шектеулі 165 баланың денсаулығын нығайтуға, әлеуметтік бейімделуі үшін олардың дене бітімдік, психикалық және басқа да қабілеттерін қалпына келтіруге, құрал-жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ, оңалту қызметін көрсету орталығындағы 103 штаттық бірлік қызметкерлерін ұстауға жұмсалған. Жалпы орталыққа келген балалардың түзелуі 41,2% жоспарланса, нақты жоспарға қол жеткізілген.
«Облыстық мемлекеттік білім беру мекемелеріне жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін гранттарды табыс ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 17,1 млн. теңге қаржы қаралып, жоспар 90,8%-ға орындалды. Игерілмеген 1,6 млн. теңге мемлекеттік сатып алу нәтижесімен үнемделген қаржы.
Конкурсқа қатысқан 17 мемлекеттік білім мекемелерінің арасынан конкурс нәтижесімен грант иегері болып «Түлкібас ауданы үш тілді оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты» танылды. Қаралған қаржыға 1автокөлік, акт залға 110 дана кресло, асханаға 20 дана стол, 6 комплект орындықтар, 1 интерактивтік тақта, 4 комплект компьютер, 15 дана Ноутбук, Қазақстан Республикасының рәміздерін, 2 тоңазытқыш және интернатқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.
«Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша қаралған 608,3 млн. теңгенің 608,2 млн. теңгесі игерілді немесе 100,0%-,а орындалды, Игерілмеген 0,1 млн. теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы.
Басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды, оның ішінде политехникалық колледжіне 57,8 млн. теңгеге оқу өндірісіне қажетті құрал жабдықтар, 5,4 млн. теңгеге Төлеби балалар үйіне 2 жеңіл автокөлік (Lada 21214, Газ 32212-264), 18,8 млн. теңгеге Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатына 1 дана автокөлік («Камаз 65115»), 29,5 млн.теңгеге Шымкент аграрлық колледжіне (автобус ПАЗ 32053, Газ 33023, микроавтобус 12 орындық ГАЗ 32212-264, эксковатор ЭО-2626, трактор Беларусь 892,2 трактор прицептері, жеңіл автокөлігі GEELY X7) автокөліктер және негізгі құрал жабдықтар жалпы 9 мекемеге сатып алынды.
Cондай-ақ , 469,1 млн. теңгеге білім басқармасына қарасты 8 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (№11 санаторий типтес арнаулы мектеп-интернаты, Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернаты, Девиантты мінез- құлықты балаларға арналған мектеп-интернат, Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, Ленгір тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған көмекші мектеп-интернаты, №14 колледж, №16 колледж, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі) және 7 нысанға ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ даярланды (№9 колледж, №13 колледж, №20 колледж, №21 колледж, Облыстық жас туристер станциясы, Жастар орталығы, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы).
«Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша қаралған 5 175,7 млн. теңге 100,0%-ға игерілді.
Жаңадан іске қосылған 42 білім беру ұйымдарын ұстауға 381,1 млн. теңге, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің еңбек ақыларына 830,9 млн.теңге жұмсалған, оның ішінде 858 сыныптардың артуына байланысты және біліктілігін арттыруға кеткен мұғалімдердің орнына сабақ берген 3181 мұғалімдерге төленді, жалпы білім беретін мектептерді оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етуге 888 534 кітап қорын сатып алуға 925,3 млн. теңге, мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға, немесе 7208 орынға 293,6 млн. теңге жұмсалды.
Облыстағы 502 жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдерге 74,6 млн. теңге бөлінді.
Ал, Бәйдібек - 1 нысан, Қазығұрт – 7 нысан, Созақ, Төлеби, Түлкібас-2 нысан, Шардара ауданы – 1 нысан , Арыс – 6 нысан, Шымкент қаласы – 7 нысан жалпы 25 білім мекемелерінде 2 401,7 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы бойынша 114 мектептердің жылу құбырларын ағымдағы жөндеуге және қысымдауға 28,5 млн. теңге, Құрсай м/а №49 жалпы орта мектебін жылу жүйесін жылыту үшін сұйық май сатып алуға 16,1 млн. теңге, мектептегі жанұясы аз қамтамасыз етілген 26783 балаларға материалдық көмек беру үшін 203,7 млн. теңге жұмсалды.
Сонымен қатар, Қазығұрт ауданы Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебіне 5,1 млн. теңгеге және Жаңаталап жалпы орта мектебі 1,3 млн. теңгеге білім беру нысандарын материалдық-техникалық құралдармен жабдықтауға жалпы 6,4 млн. теңге, Ордабасы ауданына 55 білім мекемелерін электр қуатына төлеу шығындарын жабуға 13,8 млн. теңге жұмсалды.
«Мемлекеттік тілді Қазақстан халқының басқа тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша жоспарда қаралған 9,5 млн. теңге толық игеріліп, жоспар 100,0%-ға орындалды. 2014 жылмен салыстырғанда игерілген қаржы 2,6 млн. теңгеге кеміген.
Халыққа мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі ұйымдастырушылық, әдістемелік мәдени іс-шаралар өткізіліп, 4000-ға жуық адам қамтылды. Облыстық ұлттық-мәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептері жанындағы курстарда мемлекеттік тілге оқыған тыңдаушыларсаны 150 адамға жеткізілді.
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа тілдерін дамыту мақсатында 16 іс-шара жоспарланып, өткізілді.
«Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша 51,1 млн. теңгеге игерілді, немесе жоспар 99,7%-ға орындалды. Ал, 2014 жылмен салыстырғанда игерілген қаржы 13,4 млн. теңгеге кеміген.
Игерілмеген 133,8 мың теңге, оның ішінде еңбек ақыдан 11,7 мың теңге, міндетті сақтандыру жарналарынан 10,1 мың теңге, ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар болмауынан 97,0 мың теңге, өзге де ағымдағы шығындар бойынша 7,5 мың теңге үнемделген қаржы игерілмеді.
Жастардың азаматтық белсенділік, қазақстандық патриоттық, рухани және зияткерлік дамуының деңгейін арттыру мақсатында облыстық 7- іс-шара өткізілді.
Соның ішінде:«Менің елім» атты түрлі этнос өкілдері өнерпаздарының арасында өткен шығармашылық фестивалі» Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту, халықтың бірлігін нығайтып, Қазақстан халықтарының мәдениетін, тілін және салт-дәстүрін сақтау және дамыту, жастардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, түрлі этнос өкілдерінің жастарын әсемдікке, әдемілікке, жастарға өз ұлты-халқының салт-дәстүрін насихаттау. Өзге этнос өкілдерінің арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру, талантты және дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Фестиваль аясында жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының белсенділері мен түрлі этнос орталықтарының өнерпаздары қатысты.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаны насихаттайтын, жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыратын, оларды патриоттық рухта тәрбиелейтін және отандық киноиндустрияның дамуына жастардың да үлес қосуына жағдай жасау мақсатында «Дипломмен ауылға» бейнефильм түсірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |