Осы жағдайда бастаушы отауларындағы барлық құмалақтарды (19 құмалақты) қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді. Есеп 90-72 Бастаушы ұтты. Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.
Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады.
ЖҮРІСТІ ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ.
1.БІРІНШІ ЕСЕПТЕУ ЖОЛЫ.
Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай нөмерлі отауға барып жазу тәртібі бойынша қағаз бетіне жазылған сандардың арасына қосу белгісін қоямыз. Мысалы: 4-отауда 16 құмалақ бар. Яғни 4 қосу 1 қосу 6 қосындысы - 11:
а) Егер сандардың қосындысы 10, немесе 10-ға жетпейтін болса, қосындыдан 1-ді шегереміз.
ә) Егер сандардың қосындысы 10-нан артық болған жағдайда, қосындыдан 10 санын шегереміз.
416 тең 4 қосу 1 қосу 6 тең 11 шегеру 10 тең 1.
4-отаудың реттік саны. 16-отаудағы құмалақ саны. 11-қосынды 10-дәлдік түйінді сан. 1-1- ші отауға барады.
Достарыңызбен бөлісу: |