Облыстық білім беру басқармасының
Дене тәрбиесінің аймақтық оқу-практикалық орталығы
ХАЛЫҚ ӨНЕРІ
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ӘЛІППЕСІ-
МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА
Қасымханова Роза Мухамедиярқызы
Майқайың кенті
№1 Майқайың жалпы орта білім мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Павлодар -2010-03-08
Авторы:Қасымханова Роза Мухамедиярқызы – Майқайың кентінің №1 жалпы орта білім беру мектебінің дене шынықтыру мұғалімі
Рецезенті:Шестакова Е.В. – Павлодар облысының білім беру басқармасы Дене тәрбиесінің аймақтық оқу-практикалық орталығының бас маманы
Ұсынылған тоғызқұмалақ әліппесін спорт залы жоқ мектептерде,денсаулығына байланысты дене шынықтыру пәніне қатыса алмайтын оқушыларды қамтуға болатындықтан тоғызқұмалақты(шаңғы не коньки) деген сабақтармен алмастырып 2-3 тоқсанда жоспарлауға болады деп, тоғызқұмалақ өнерін мектеп бағдарламасына ұсынып отырмын.
КІРІСПЕ.
Тоғыз құмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі. Тоғыз құмалақ ойынын «қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Тоғыз құмалақты тұнғыш рет қойшылар ойлап шығарған және бұл есеп ойыны.
Тоғызқұмалақ әліппесін мектептерде пән сабағы етіп енгізу арқылы, халқымыздың көне өнерін жастарға үйрету арқылы, ой-өрісін дамытуға ,тез арада шешім қабылдауға, төзімділікке, адамгершілікке т.б. ұлттық әдет-ғұрыптарға тәрбиелеуге ықпалы тигізері мол.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ, ТАҚТАСЫ, ҚҰМАЛАҚТАРЫ, ОЙНАЙТЫН ОРЫНЫ,ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕЛІК МӘНІ.
Тоғызқұмалақ қазақ халқының ғасырлар бойы бірге жасап келе жатқан ұлттық мұрасы, өнері. Тоғызқұмалақтың үшмың жылдық тарихы бар дейміз. Бұл туралы тиянақты қағаз бетіне түскен деректер жоқ, ауыз екі айтылған сөздер арқылы мәліметтер жинақталып таратылып жүр. Міне осы ғасырдың жетпісінші жылдары тоғызқұмалақ өнерінің қайта жандану сәті боп саналады.
Ойнайтын орыны шағын сыныптарға, бөлмелерде не шахмат ойнайтын орындарды пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |