Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда 2011-2012 оқу жылындағы дене тәрбиесі пәнінің берілісі жөнінде есеб і



Дата13.02.2017
өлшемі76,88 Kb.
#9137
түріСабақ
Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда 2011-2012 оқу жылындағы дене тәрбиесі пәнінің берілісі жөнінде

е с е б і
2011-2012 жылы облыстық ұлттық гимназияда 8, 9, 10 сыныптарға дене тәрбиесінен мұғалімдер Мырзағалиев Ғ және Батабиева А сабақ берді. Гимназия бойынша спортты және дене шынықтыру, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, спортты насихаттауға, оқушылардың дене шынықтыру даярлығын, денсаулығын нығайту мақсатында сабақта және сабақтан тыс уақытында көптеген іс-шаралар атқарылады.

Сабақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің 24.09.2002 ж бұйрығына сәйкес әр сыныпқа үш сағаттан өткізілді. Барлық апталық жүктеме 24 сағат.

Жылдық, күнтізбелік, сабақ жоспарлары оқу жылының басында бағдарламаға сай жасақталып бекітілді. Жылдық оқу жүктемесі әр сыныпқа 102 сағат орындалды. Барлық сабақ сабақ кестесіне сай уақытында өткізілді. Бағдарламада ауытқушылық болған жоқ. Дене тәрбиесі пәні бойынша оқушылырдың сапа көрсеткіші мен үлгерімі 100 пайыз құрады.

Сонымен қатар оқушылардың дене дамуының деңгейін анықтау мақсатында 9, 11 сынып оқушылары қыркүйек, мамыр айларында президенттік сынама тапсырды. Президенттік сынақ қорытындысы жөнінде құжаттары жасалып, сынып журналдарының арнайы бетіне толтырылды.

Гимназияда дене тәрбиесі пәні әдістемелік көмек алмасу мақсатында химия-биология-геграфия бірлестігіне біріктірілген. Сәуір айында мектепшілік химия-биология апталығында 9 сыныптар арасында ұлттық ойындардан сайыс өткізілді.

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, сергіту мақсатында жатақхана оқушылырына және мектеп оқушыларына (10 минут) ертеңгілік бой сергіту жаттығулары күн сайын өткізіледі.

Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс спорттық шараларда оқу жылының басында жасақталып бекітілген жоспарға сай өткізіліп отырды.

Қыркүйек айында 8а, 8б, 8в сыныптар арасында «Көңілді мәре» сайысы өткізілді. Қараша айында тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында 9 сыныптар арасында оқушылар ата-аналарымен бірге қатысуымен «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді. Қыркүйек, айында жыл сайынғы дәстүр бойынша гимназияның кубогы үшін 12 сыныптар арасында футболдан жарыс өткізілді. Гимназия кубогын 10 б сыныбы ұтып алды. Наурызда сыныптар арасында шахматтан біріншілік өткізілді. Сонымен қатар 9 мамыр Ұлы жеңіс мерекесі және Отан қорғаушылар мерекесіне орай 10 сыныптар арасында «Біз болашақ сарбаздар» атты әскери патриоттық сайыс өтті. Онда оқушылар әскери дайындығын көрсетумен қатар спорттық күш сынасу, арқан тартыс сайыстарында да сынға түсті.



Дене тәрбиесі мұғалімі: Батабиева А

Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда 2011-2012 оқу жылындағы Алғашқы әскери дайындық пәнінің берілісі жөнінде

е с е б і

Аталған гимназияда Алғашқы әскери дайындық пәні ҚР республикасының Білім және ғылым министрлігінің 07.09.2010ж енгізілген және бекітілген №367 санды бұйрығын және ҚР үкіметінің 01.11. 1996 жылғы бекітілген «Алғашқы әскери дайындық туралы» қаулыны басшылыққа алып оқытылады. 2011-2012 оқу жылында Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша жұмыс жоспары, күнтізбелік жоспар уақытында жасақталып, бекітілді. Оқу жылының басында 10-11 сынып оқушылары толығымен оқулықтармен қамтамасыз етілді. Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша барлығы (10-11 сыныптар) 112 оқушыға дәріс берілді. Солардың сексені (80) - «5» деген бағамен, отыз екісі (32) – «4» деген бағамен оқу жылын аяқтады.

Гимназияда Алғашқы әскери дайындығы пәнінің арнайы кабинеті жасақталған. Қыркүйек айында «Азамат» ұлдар патриоттық клубның жаңа мүшелерін қабылдау шарасы өтті.

«Азамат» ұлдар клубның жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасақталып, бекітілді. Клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен қазан айында, Республика күніне байланысты әскери әндер байқауы өтті. Байқауға 9-11 сынып оқушылары қатысып, патриоттық әндер шырқады.

Қаңтар айында гимназияның 1995 жылы туылған ұл балалары аудандық, қалалық әскери комиссариатқа тексеруден өтіп, 20 ұл бала әскери есепке тұрды. Жыл басынан бері гимназияда оқушыларды патриоттық тәрбиеге, ұлтжандылық, отансүйгіштік тәрбиеге баулу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды.

7 мамыр Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл толу мерекесіне орай 10 сынып «Мен – Қазақстанның жас жауынгері» әскери патриоттық сайысы өтті. Сайыс оқушыларға әскер өмірі туралы танып білуге, патриоттық сезімдерін оятуға өз септігін тигізді. Қорытындысында 10 а сыныбы жеңіске жетіп, марапатталды. Ұлы жеңіс мерекесіне арнап әр сыныпта «Менің атам майдангер» тақырыбында бұрыштар жасалды.

Мамыр айының 14-18 аралығында гимназияның 12 оқушысы «Тұлпар» сауықтыру лагерінде өткен 5 күндік әскери дала жиынына қатысты. Дала- оқу жиыны кезінде гимназия оқушылары саптық даярлық бойынша жақсы көрсеткіштерге ие болып, спорттық шаралардан, футболдан ІІ орынды жеңіп алса, 100 метрлік қашықтыққа жүгіруден Ыбрайым Абылай (11б) жүлделі ІІІ орынға ие болды.

2011-2012 оқу жылында гимназияда осындай мәдени, әскери патриоттық жарыстар ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылында да гимназияда осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.


Алғашқы әскери дайындық

пәнінің жетекшісі: Мырзағалиев Ғ
Атырау облыстық ұлттық гимназиясының

«Құқық негіздері» пәнінің берілуі туралы есебі

Атырау облыстық ұлттық гимназиясында «Құқық негіздері» пәнінен негізінен үш мұғалім сабақ береді. Олар Уралова Г. К. ,Жұмабаева А.С..Дармұханова А.М.

11 сыныпқа Жұмабаева А.С.,10 сыныпқа Уралова Г.К. сабақ берді.

«Құқық негіздері» пәнінің негізгі зерттеу объектісі ҚР Конституциясы,Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесі,құқық салалары негіздері,адам құқығы ,соттың ,прокуратураның және өзге де құқық қорғау органдарының қызметі, құқықтық қоғам ұғымы,құқықтық мәдениет,адам мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар тақырыптарын қамтиды.

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттарындағы бағдарлы мектептің 10-11 сыныптарына арналған «Құқықтану негіздері» курстары 9 сыныпта оқытылған «Адам.Қоғам.Құқық» пәнінің жалғасы болып табылады.

«Құқық негіздері» курсын оқытуға ҚР Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 ж № 367 бұйрығымен жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары бойынша :

1.Қоғамдық –гуманитарлық бағыт .10 сынып 34 сағат.

2.Қоғамдық –гуманитарлық бағыт . 11 сынып 34 сағат.

3.Жаратылыстану-математика бағыты. 10 сынп 34 бөлінген.

Қоғамдық –гуманитарлық бағыты 10-11 сыныптарына арналған «Құқық негіздері» курсы кеңейтілген көлемде(68 сағат),А.Ибраева жетекшілік еткен авторлық ұжым дайындаған оқулықтармен және ОӘК –мен оқытылды. Жаратылыстану-математика бағыты 10 сыныбына арналған «Құқық негіздері»курсы шақталған көлемде (34сағат) ,Ө.Қопабаев жетекшілік еткен авторлық ұжым дайындаған оқулықпен және ОӘК-мен оқытылды. Оқулықтың мазмұны уақыт тынысына сай ұлттық,жалпыадамзаттық және демократиялық құндылықтарды меңгерген,айналада болып жатқан оқиғаларға саяси және ғылыми дұрыс баға бере алатын ,азаматтық және құқықтық қоғам мүшесін тәрбиелеуге бағытталған. Сабақ өткізу барысында оқытудың ұтымды әдістерін атап айтқанда,пікір сайыс,ойын түрлері ,ток-шоу т.б. әдістерді шебер пайдаланылды.Оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалану оқушылардың танымдық қызметін дамытып,алған білімдерін өмірде қолдана білуге,заңдылықты сақтауға үйретуге мол мүмкіндіктер береді.Гимназия шәкірттері алған білімдерін іс жүзінде дәлелдеп,

қалалық,облыстық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.

Мысалы 11 сынып оқушысы Елеусінова Ақтілек облыстық олимпиадада

1 орынды иеленіп,республикалық олимпиадаға жолдама алды.

10сынып оқушысы Мұратов Әлихан облыстық олимпиадада 3 орынды иеленді. 9сынып оқушысы Тоқтарова Р. облыстық олимпиадада 1 орынды иеленді.

Сыныптан тыс шараларда мектеп жоспарына сай өткізілуде.

«Құқық негіздері» пәні бойынша


2011-2012


Оқушы саны


«5»

«4»

«3»

сапа


10 «а»

18

3

15

-

100

10 «б»

17

10

6

1

94

10 «в»

24

13

11

-

100

11 «а»

16

15

1

-

100


Атырау облыстық ұлттық гимназиясының

2011-2012оқу жылы бойынша «Дінтану негіздері» факультативтік

курсының оқыту жағдайы туралы ақпарат

2009-2010 оқу жылынан бастап «Дінтану негіздері» пәні орта мектептерде, соның ішінде 9 сыныптарға енгізілді. Пән аптасына 1 сағат оқытылады. Мектептің оқу бағдарламасына енгізіліп отырған «Дінтану негіздері» пәнінің үлкен маңызы бар.

Курстың мақсаты –елімізде діни түсінік қағидаларын қалыптастыру ,жас жеткіншекті қауіпті діни бірлестіктердің ықпалынан қорғау,олардың экстремистік және террористік іс-әрекетттеріне қосылып кетуінен сақтау,елімізде қалыптасқан рухани тыныштық пен ынтымақты сақтап,одан әрі дамыту.

«Дінтану негіздері» пәні ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010ж 3 қараша №511 бұйрығымен бекітілген бағдарлама негізінде оқытылды.

Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған авторлары Ғ.Есім,А.П.Әбуов, К.К.Бегалинова, Е.М.Смағұлова,Қ.Жолдыбайұлы

«Дінтану негіздері» оқулығы пайдаланылды. Онда «Дінтану негіздері» пәні, ұғымдары, құрылымы, тарихы, әлемдік - будда, христиан, ислам діндері, оның бағыттары, тәуелсіздік жылдары елімізде таралған дәстүрлі емес діни культтарға оқушылар түсінігіне сай сараптама жасалған. Қазақстандағы діни жағдайдың тарихы, Исламның қазақ халқының тұрмысы мен рухани өмірінде алатын орны және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің материалдарына талдау жасалып, халықаралық қауымдастық деңгейінде бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саясаты баяндалған. Қосымша материалдар, интернет,баспасөз материалдары да қолданылды, ҚР Конституциясы, ҚР « Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы және тағыда басқа заң актілері сабақ жоспарына сай пайдаланылды.



Пән бойынша жыл бойы оқу барысында әртүрлі деңгейде пікірталастар, сайыстар өткізіліп тұрды. Сонымен қатар оқушылардың танымдық,логикалық ой-өрістерін байқау мақсатында тестер, сауалнамалар,ой-толғаулар,мектепішілік конференциялар өткізілді.Облыс көлемінде өткізілген семинарларға қатынасып, онда айтылған пікірлер басшылыққа алынды.

«Дінтану негіздері» пәні бойынша айтылатын ұсыныс –пікір қосымша әдістемелік құралдар көптеп шығарылса.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет