123
С.Ә. Қалқабаева
Қазіргі әдебиеттануда көнелік (ілкілік),
құндылық, м
ағыналық,
жинақтық,
бейнелілік
сипаттары мен
жасалу жолдарына (тектік,
әдістік, тәсілдік)
қарай
көркем образды бірнеше
түрге жіктеп қарастырады. Ілкі (көне)
образды
–
мифтік, классикалық, символдық образдар
деп атасақ, жинақтау мәнін –
типтік, дәстүрлі,
ұлттық, әлемдік образдардан
байқаймыз
[3-суретке қараңыз]. Көріністі суреттейтін –
пейзаж дық, анималистік, детальдық-образдар
;
мазмұнына, мақсатына қарай –
жағымды,
жағымсыз, гуманистік, геройлық
; шындыққа
жана сым дылығына қарай –
реалистік, шартты,
абстракты
сияқты түрлерге де бөлінеді
[4-суретке қараңыз]. Образ әдеби тек тұрғысынан
үш түрге:
эпикалық, лирикалық, драмалық
болып
бөлінсе, жасалу әдісіне қарай:
романтикалық,
реалистік
; ал
амал-тәсіліне қарай
комедиялық,
юморлық, сатиралық, фантастикалық, траге-
диялық, геройлық, т.б.
болып бөлінеді.
мифтік
,
символдық
,
классикалық
көнелік образдар
•Гілгәмеш батыр, Энкиду (Гильгамештың досы), Өгіз (көне шумерлік «Гілгәмеш батыр туралы
дастанындағы»); Қорқыт ата, Бұқаш (көне түркілік «Қорқыт ата» аңызындағы), мифтегі құдайлар т.б.
типтік
,
дәстүрлі
,
ұлттық
,
әлемдік
жинақтық образдар
•Прометей, Одиссей, Кентавр, Робинзон Крузо, Данко, Гамлет, Дон Кихот, Асан қайғы, Алдаркөсе,
Шығайбай, Қарабай, Судырахмет т.б.
ұлттық
,
дәстүрлі
,
мәңгілік
құндылық образдар
•Прометей, Асан қайғы, Шығайбай, Қарабай, Судырахмет, Атымтай Жомарт, домбыра, дала т.б.
3-сурет
– Образдың жіктелуі
мазмұндық
сипатына қарай
көріністі
суреттейтін
детальдық-
образ
пейзаждық,
анималистік
шындыққа
жанасымдылығына
қарай
шартты,
абстракты,
реалистік
жағымды, жағымсыз
гуманистік,
геройлық
ОБРАЗ
4-сурет
– Образ түрлері
Оқырман шығарма мәнін образ арқылы
таниды. Ежелгі адамның дүние мен өзін тану
формасын мифтен, мифтік образдардан көреміз.
«Миф – адамның болмысты, өзін қоршаған орта-
дағы өмірдің мәнін тануға ұмтылудағы бірінші
бастау көз боп табылады» (Мәуленов, 2015:
18). Мифологияны адамның дүниені образды
түрде игерудің, шығармашылық қабілеттерін
көрсетудің
ең алғашқы формасы деп те
түсінеміз. Мифологияда діннің, моральдың,
өнер мен ғылымның да алғашқы элементтері
біріктірілгендіктен (синкреттелген) ондағы
психологиялық ойларды заттардың бастапқы
қасиеттері ретінде қабылдайды. Ежелгі адамның
124
Көркем образ поэтикасы
барлық психикалық процестері архетип деп
аталатын ұжымдық бейсаналық күйінде болды.
Санаға
ене отырып, алғашқы бейне (образ)
мазмұнды сипаттамаға ие болады.
Архетип
(гр. Аrche – бастау, typos – бейне,
образ) – алғашқы бейне, идея, бейненің түпнұс-
қасы, атасы (прообраз). Архетип ұғымы Платон
философиясында ақылмен қабылданатын нәрсе
деп түсіндіріледі. Оны термин ретінде ғылымға
енгізген К.Г. Юнг пікірінше, архетиптер –
«ұжымдық бейсаналық» мұралықпен берілетін
жалпыадамзаттық негіз болып табылады (Юнг,
1991: 304). Сондай-ақ архетиптер бейсаналық
жеке психикалық белсенділіктің, адам ойлауы
мен танымының, мінез-құлқы мен іс-әрекетінің
әмбебап үлгілері, мәдени тұлғаның рухани
шығармашылық
әлемінің көрінісі болып
табылады. Демек миф шығармашылығы
архетиптің көркем образға айналу процесін
танытады.
Мифологиялық жандар (құдайлар, нимфалар,
құбыжықтар) табиғи және әлеуметтік күштердің
бейнесі болды, оларды мейірімдендіруге, дуа-
лауға, ал кейде қорқытуға болады. Өмірде
тірі қалу үшін адамның қуатты қамқоршысы
болу керек, бұл қамқоршылар оның құдайына
айналады. Мұндай Құдайлар ролінде мифо-
логиялық қиялда жанданған ең белгілі күштер
мен құбылыстар болады. Әр тайпаның өз құдайы,
өзінің сыйынатын
мифологиялық жандары
пайда болады, оларды бейнеледі. Мәселен,
түркінің «Оғыз Қаған» аңызындағы Көк бөрі,
Мажардың «Ғажайып бұғы» аңыздарындағы
Бұғы, Абайдың «Қазақтың қайдан шыққаны
туралы бірер сөзіндегі» Ақ қаз, Ш. Айтматовтың
«Ақ кеме» повесіндегі Бұғы-ана бейнелерінен
ерте кездің танымдық сенімін көруге болады.
Мифтік образдар – мифтік дәуірде өмір
сүріп, мифтік әлемдегі нәрсенің бәрін жасаушы,
тіршілік атаулының бәрін дүниеге келтіруші
күш. Қазақ фольклорында да мифологиялық
кейіпкер бар. Олар өзінің шығу тегі мен мезгіліне,
іс-әрекетіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірі –
архаикалық мифте
бейнеленетін ілкі ата мен
жасампаз қаһарман. Екінші топтағы кейіпкерлер
– қастандық ойлаушы албасты, жезтырнақ
,
жалғыз көзді дәу, үббе, күлдіргіш, айдаһар
,
жалмауыз кемпір т.б. Кейінгі замандарда
исламның әсерінен бұлармен қатар пері
,
дию
,
шайтан сияқты ежелгі араб-иран әдебиетіндегі
кейіпкерлер де көріне бастады. Таусоғар,
Көлтауысар, Желаяқ –
мифтік сана кезіндегі
түсінік бойынша таудың, көлдің, желдің иелері.
Бұл образды халық жаңаша көркем символ
ретінде пайдаланып, оларға өзінің арман-
аңсарын жүктеген [5-суретке қараңыз].
жезтырнақ,
айдаһар,
жалмауыз
албасты, үбе,
жалғыз көзді
дәу
Достарыңызбен бөлісу: