125
С.Ә. Қалқабаева
Символдық образдарға
Толағай мен Ерса-
рыны жатқызуға болады. Толағай – асқан күш
иесі, алып бейне. Еліне қуаңшылық кезінде
төбесін бұлт басқан
тауды көтеріп әкеп мерт
болады. Халыққа жаңбыр әкеп ауыртпалықтан
құтқарады.
«Ерсары» аңыздағы Ерсары – асқан күш
иесі ғана емес,
адамдардан көмегін аямайтын
мейрімді, адал кейіпкер. Бір жылы таудан аққан
су мол құйылып, Үстірт пен Ақтаудың маңын
су басарлықтай қауіп төнеді.
Көмек сұрай
келген жұртқа жауап ретінде Ерсары найзасын
алып, жыра сызады. Тасыған су Ерсары сызған
жырамен ағып, Каспийге келіп құйылып,
жергілікті елді шайып кетуден сақтап қалады.
Жиынтық, символдық, мифтік образдарға
:
көне шумердің «Гілгәмеш батыр туралы
дастандағы»
Өгіз бен оны жеңген Энкиду
(Гильгамештың досы); көне түркілік «Қорқыт
ата» аңызындағы Бұқаш (бұқаны жеңуші), кен-
тавр т.т. жатады.
Классикалық образдарға
айналған көне
грек әдебиетіндегі Прометей,
кешегі қазақ
әдебиетіндегі Асан қайғы, орыс әдебиетіндегі
Данко – әдебиеттер тарихына жалпы дүние
жүзілік
тұрғыдан қарағанда, шын мәніндегі
мәңгі лік образдар [3, 5-суреттерге қараңыз].
Достарыңызбен бөлісу: