Өңдеу өңдірістерінің процестері мен аппараттары



бет57/61
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#85976
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
4808321122301 слайд процестер мен аппараттар

«Құбыр құбырда» типіндегі жылуалмасқыштар үлкен диаметрлі бірнеше сыртқы құбырлардан және олардың ішінде орналасқан кішкентай диаметрлі құбырлардан тұрады. Ішкі және сыртқы құбырлар бір-бірімен буын мен түтіктер көмегімен қосылған. Жылутасығыштардың бірі І – ішкі құбыр бойымен, ал екіншісі ІІ – ішкі және сыртқы құбырлармен қалыптасқан сақиналы канал бойымен қозғалады. Жылуалмасу ішкі құбырдың қабырғасы арқылы жүзеге асады.

Жылан түтікті жылуалмасқыштар жылан түрінде иілген және сұйық орталы аппаратқа салынған құбыр болып табылады. Жылутасығыш жылан түтіктің ішінде қозғалады. Жылан түтікті жылуалмасқыштардың артықшылығы – жасау қарапайымдылығы. Бірақ бұндай жылуалмасқыштар абажадай және тазарту қиынға соғады. Бұл жылуалмасқыштарды конденсатты қыздыру және суыту үшін қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет