Өңдіріс мүмкіншілігінің қисығы / кофе және бидай/. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы ретінде көрсетілу себебі өндіріс шығыны тұрақты. Өңдіріс шығындарының айырмашылығы АҚШ үшін w = С, Бразилия үшін w = 2 С



бет10/10
Дата03.01.2022
өлшемі189,75 Kb.
#108462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Халық Эк

Қолдампаздық

Еркін сауданы жақтаушылар көп, бірақ мемлекет басшыларының жиналысында қолдампаздықты жақтаушылар кеп. Олардың еркін саудаға кедергі қою себептері қандай?

Қорганыс қажетін канағаттандыру. Бұл себептің маңызы экономикалық емес, әскери саясат үшін маңызды. Қолдампаздық баж салымдары соғыс жүргізу немесе қорғаныс үшін стратегиялық тауар мен материалдар шығару үшін салынады.

Мемлекеттегі жумыс орнын көбейту. Оның бастауы макроталдауға байланысты. Ашық экономикада жиынтық шығын тұтыну шығынынан (С), инвестициядан (I), мемлекеттік шығыннан (G), таза экспорттан (Хп)

құралады. Импорт мөлшерін қысқарту арқылы жиынтық шығынның өсуі экономиканың дамуын ынталандырады. Өйткені соның арқасында пайда және жұмыс орны көбейеді. Бірақ бұл саясаттың кемшілігі көп:



1. Импорт кезіңдегі жұмыс орнының қысқаруы. Импорт көлемінің өсуі жұмыс орнын қысқартады, бірақ басқа елдерде жұмыс орны көбейеді. Кейінгі кезде импорттың көбеюі болат балқыту және тоқыма өнеркәсібіңде жұмыс орнының азаюына әкелді. Бірақ басқа салаларда жұмыс орны көбейді. Мысалы, "Хонда" машиналарын сату және электронды құрал-жабдықтарды импорттаудан Жапонияда жұмыс орны көбейеді. Сондықтан импорт жұмыс орны мөлшеріне онша әсер етпеңді.

  1. Импорттық шектеу енгізген кезде барлық мемлекеттер жетістіктерге жете бермейді. Бір мемлекетгің экспорты басқа мемлекет үшін импорт, экспорт импортган үлкен болса, ол мемлекеттің экономикасы жақсы дами-
    ды, ал экспорт импорттан кіші болса, онда ол мемлекет экономикасы құлдырап, жұмыссыздық көбейеді. Сондықтан баж салымын және импорттық квотаны енгізу саясаты көрші елдің экономикасын құлдырату да, оның негізі: ішкі проблеманы шешу үшін сауда бәсекелестерінің экономикасын қүлдырату.

  2. Баж немесе квотадан ауыртпашылық көрген мемлекет оған жауап ретінде сауда бөгетгерін жоғарылатады. Соңында барлық мемлекет экономикасы құлдырайды. Америкадағы ең жоғары баж салымы туралы Смут Хоули заңы (1930 ж.) Америка экономикасының дамуын
    ынталандырудың орнына күйзелтті. Өйткені басқа елдер
    осы заңға қарсы көптеген сауда шектеулерін орнатты.
    Бұл "сауда соғысы" салдарынан халықаралық сауда құлдырап, табыс және жұмыс орны азайды.

  3. Үзақ уақытты кері байланыс. Ұзақ уақыт жоспары бойынша экспорт импорттан үлкен болу арқылы ішкі жұмыс орнының өсуін ынталандыру жетістіктерге әкелмейді. Өйткені шетелдер Америкаға импортгау арқылы ақша табады да, Америка тауарын импорттатады.Үзақ уақыт жоспары бойынша мемлекет экспортгау үшін импорттау керек. Сонымен баж салымы арқылы таза экспортты өсіруге және жұмыс орнын көбейтуге болады деген экономистер қателеседі.

Түрақтылық үшін диверсификация. Жоғары маманданған экономика (мұнай өндірісіне маманданған Сауд Арабиясы және қант есіруге маманданған Куба) халықаралық нарыққа тәуелді. Соғыс, циклдік тұрақсыздық, өндіріс жүйесінің жағымсыз өзгеруі осындай жүйені өзгертуге ауыртпашылықтар әкеледі. Сондықтан өндіріс диверсификациясын ынталандыру үшін баж салымын және квотаны енгізеді, соның нәтижесінде халықаралық нарықтағы 1 немесе 2 тауар тәуелділігі кемиді. Ол ішкі экономиканы халықаралық саясаттан, шетелдегі өндірістің құлдырауынан сақтайды. Бұл айтылғандар-дың төмендегідей кемшіліктері бар:

  1. Бұл келтірілген мысал дамыған мемлекетке әсерін тигізбейді.

  2. Диверсияның экономикалық шығындары көп мөлшерде болады.

Жаңа үлттық фирмалардың шетел фирмасымен бәсекелесу мүмкіншілігін арттыру үшін қорғайды. Еркін саудаға қарсы бұл аргументтің маңызы жоқ. Бұл аргументке қарасақ жаңа ұлттық фирмалар ешкашан шетел фирмаларымен бәсекелесе алмайды. Кері аргумент:

  1. Бұл аргументгің дамыған мемлекетке қатысы жоқ.

  2. Дамушы елдерде жаңа саланың қайсысы экономикалық жетістікке жететінін анықтау қиын.

  3. Қолдампаздық баж салымдары сол жаңа фирмалар дамып жетілгеннен кейін де қалады. Көптеген экономистер жаңа салаға баға салымы емес, көмек қажет деп есептейді. Мысалы, тікелей демеу қаржы (субсидия).

Арзан шетелдік жұмыс күшінен қорғау. Қазақстан фирмаларын және жұмысшыларды шетелдік арзан жұмыс күшінен қорғау керек. Егер оларды қорғамаса, онда Қазақстан нарығында шетелдік арзан тауарлар қаптап, ұлттық тауар мөлшері және жұмысшылар айлығы төмендейді. Осындай пікірдегі экономистер қателеседі. Оған дәлел: жоғарыда айтылғаннан шығатын қорытынды — бай мен кедей арасындағы сауда тиімсіз. Бірақ ол олай емес. Мысалы, Қазақстан шаруашылығындағы арзан жұмысшы күші бай жер иеленушілердің иелігіңде өсетін көкөніс, жемістерді жинағы. Осыңдай байланыстан 2 жақ та ұтады.

Қолдампаздық жағындағы дәлелдер көп, бірақ олар негізсіз. Өйткені олар бір жағдайды ескермеген. Мемлекет өз тауарын экспорттау үшін басқа елдің тауарын импорттау керек. Көптеген тарихи оқиғалар еркін сауда экономиканың есуіне әкелетіңдігіне, ал қолдампаздықтың экономиканы құлдырататынына дәлел бола алады:

  1. Америка конституциясы жеке штаттарға баж салымын салуға тыйым салды. Соның арқасында Америка үлкен еркін сауда зонасына айналды.

  2. Ұлыбританияның халықаралық еркін сауданы /XIX ғ./ қоддауы, оның экономикасының дамуына және индустриясы дамыған елдер қатарына қосылуына ықпал етті.

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропада ортақ нарықтың орнауы қатысушылар арасыңда баж салымын жойды. Осының нәтижесіңде Батыс Еуропа елдерінің экономикасы жақсы дамыды.

  2. Жалпы баж салымының 30-жылдардың ортасындағы төмендеуі экономика дамуына әсерін тигізді.

  3. 1930 ж. Смут-Хоули заңы салдарынан 30-жыдары Америка экономикасы құлдырады.

  4. Импорт шектеулерін енгізген дамушы мемлекеттер экономикасы баяу дамып, ашық экономикалы мемлекеттер экономикасы тез қарқынмен дамып келеді.

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Экспорт

Импорт

Абсолютті артықшылық

Салыстырмалы артықшылық

Сауда мүмкіншіліктерінің қисығы



Сауда шарттары

Саудадан ұтыс



Қолдампаздық

Импорттық алым (тариф)

Импорттық квота

Тарифсіз бөгет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет