Саудадан түсегін ұтыс. Халықаралық айырбас коэффициенті немесе сауда ұтысы 1W—1/2 С деп қарастырайық. Осындай шарт арқылы сауда мүмкіншілігінің қисығын талдауға болады. Ол 89-суретге керсетілген. Өңдіріс мүмкіншшігінің қисығы сияқты сауда мүмкіншілігінің қисығы маманданған тауарды және оны басқа тауарға айырбастау вариантын таңдау мүмкіншілігі, 89-суретге сауда мүмкіншілігінің қисығы көрсетілген. Екі мемлекет салыстырмалы артықшылықпен шығарылған тауарға маманданған.
Таңдау мүмкіншілігі.Мамандану және сауда бидай мен кофе арасындағы айырмашылықтың жаңа қатынасының пайда болуына әкеледі, ол сауда мүмкіншілігінің қисығында көрсетілген. Өзін-өзі қамтамасыз ету саясатына қарағанда Бұл жаңа қатынас екі мемлекет үшін де қолайлы: бидайға мамандануы және оны кофеге айырбастауы арқылы АҚШ 1 тонна бидай үшін 1 т. жоғары сортты кофе алады. Сол сияқты Бразилия кофе өндіруге мамандану арқылы 1 т. бидайды 2 т. аспайтын кофеге ала алады.