ЭКСПОРТ ПЕН ИМПОРТҚА ¥СЫНЫС ЖӘНЕ С¥РАНЫС. ҚОЛДАМПАЗДЫҚ (ПРОТЕКЦИОНИЗМ)
Сұраныс пен ұсынысты талдау баға тепе-теңдігін және экспорт пен импорт көлемін анықтауға көмектеседі. Мемлекеттің тауар қызметі импорттау және экспорттау көлеміне, дүниежүзілік баға мен мемлекет ішіндегі сол тауарға деген бағаның айырмашылығына байланысты дүниежүзілік баға тепе-теңдігі дүниежүзілік ұсыныс пен сұраныс қатынасынан пайда болған, яғни баға ғаламдық сұраныс пен ұсыныс қатынасына тең.
Мемлекет ішіндегі баға тепетеңдігі ішкі сұраныс пен ұсыныстан пайда болады, яғни Бұл баға халықаралық саудаға қатыспайтын жабық экономикалы елде қалыптасады, мүндай жағдайдағы баға деңгейінде тауар мен қызмет керсету аз немесе көп болмайды. Салыстырмалы артық-шылыққа байланысты мемлекет ішіндегі баға дүниежүзілік бағаға сәйкес келе бермейді. Жабық экономикалы елдерде импорт пен экспорт бағасы мемлекет ішіндегі баға мен дүниежүзілік баға айырмасынан қалыптасады
Достарыңызбен бөлісу: |