= 64/Re мәні қойып, үйкеліс кедергісінің заңын аламыз (Пуазейл формуласы).
.
Алынған теңдіктен, жергілікті жылдамдықтардың таралуы параболалық заңдылыққа бағынатынын, ал ұзын құбырөткізгіш бойынша үйкеліске шығындалған тегеурін бірінші дәрежелі орташа жылдамдыққа пропорциональ және құбырөткізгіштің сызықтық өлшемдеріне () және сұйық қасиетіне () байланысты, бірақ құбырдың бұдырлығына байланыссыз екендігін көруге болады.
Турбулентті ағын сұйық бөлшектерінің бірқалыпсыз, тәртіпсіз қозғалысын сипаттайды. Құбылыс күрделі болғандықтан ламинарлы қозғалыс режиміндегі сияқы аналитикалық әдіспен функция түрін таңдау мүмкін емес, сондықтан барлық турбулентті қозғалыс режимінің негізгі заңдылықтары турбулентті ағыстың қысқаша моделдарын зерттеу негізінде алынған.
Турбуленттік режим кезінде бөлшектерді араластыру және олармен байланысты сұйық қабатының бірінен екіншісіне ауысып қозғалу, ағыстың көлденең қимасындағы әртүрлі нүктелердегі жылдамдықтарды реттеу жүреді. Жылдамдық профилі логарифмдік қисық түрінде болады. Турбулентті ағыс құрылымын зерттеу турбуленттік режим кезіндегі үш аймақтың пайда болу себептерін анықтауға мүмкіндік береді
Турбуленттік қозғалыс кезіндегі жанама кернеу, турбуленттік араластыру және тұтқырлық күштері әсерінен туындаған, Прандтль және Карман жартылайэмприкалық теориялары негізінде пайда болған кернеулер қосындысы ретінде анықталады
Ұзындық бойынша үйкеліс шығынының тегеуріні Дарси формуласымен анықталады, бірақ бұл жағдайда гидравликалық үйкеліс коэффициенті
Достарыңызбен бөлісу: |