ОӘКҚ 042-18. 21. 59/01-2013 №2 Басылым


Кешенді тыңайтқыштар туралы түсінік, оларды жіктеу және құрамы



бет12/45
Дата25.08.2017
өлшемі14,95 Mb.
#25890
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45

3.Кешенді тыңайтқыштар туралы түсінік, оларды жіктеу және құрамы

Кешенді тыңайтқыштарға құрамында екі немесе одан көп негізгі қоректік элементтері бар минералдық тыңайтқыштар жатады. Оларды қоректік элемент санына қарай екі жақты (азотты-фосфорлы, азотты-калийлі, фосфорлы-калийлі) және үшжақты (азотты-фосфорлы-калий) деп бөледі.

Өндіру тәсіліне байланысты күрделі, күрделі-аралас және аралас, ал агрегаттық күйі жағынан сұйық және қатты болып бөлінеді (8-сурет).

Негізгі (алғашқы) компоненттерді (бөліктерді) өзара химиялық жолмен әрекеттестіру арқылы алынған тыңайтқыштарды күрделі тыңайтқыштар дейді. Олардың ерекшелігі - әрбір молекуласында бірнеше элемент болады, әрі бірыңғай химиялық формуладан тұрады.

Күрделі-аралас тыңайтқыштарды бірегей технологиялық процесс жағдайында аммиак, азот, фосфор, күкірт қышқылдарын, фосфорит немесе апатитті, калий тұздарын және тағы басқа химиялық заттарды өзара араластыру арқылы өндіреді.

Аралас тыңайтқыштар жай минералдық тыңайтқыштарды гранулометриялық жолмен бір-бірімен араластыру арқылы алынады.

Кешенді тыңайтқыштар өздерінің көптеген артықшылықтарымен ерекшеленеді:

• Біржақты тыңайтқыштарға қарағанда олардың құрамында қоректік заттардың мөлшері анағұрлым жоғары.

• Қоректік заттардың арақатынасы өсімдікке қажетті дәрежеде болуы кешенді тыңайтқыштардың тиімділігін арттырады.

• Кешенді тыңайтқыштар құрамындағы қоректік элементтердің барлығы өсімдікке сіңімді түрде болады.

• Кешенді тыңайтқыштарды топыраққа еңгізуде топырақ айтарлықтай деңгейде тығыздалмайды. Өйткені құрамында жалғыз қоректік элементі болатын тыңайтқыштарды егістікке 2-3 рет, ал кешенді тыңайтқышты бір рет қана еңгізеді.

• Кешенді тыңайтқыштарды тасымалдауда, сақтауда топыраққа еңгізуде жұмсалатын қаржы біршама аз болады.

• Кешенді тыңайтқыштар құрамында өсімдік қоректенуіне зиянды әсер ететін бөгде қоспалардың кездеспеуі, олардың өнім сапасын жоғарылатуына ықпал етеді.

Кешенді тыңайтқыштарды негізгі ауылшаруашылық дақылдарына аймақтар бойынша зерттеу нәтижесінде, олардың әсерінің географиялық заңдылықтары анықталады. Жекелеген табиғи аймақтар бойынша кешенді тыңайтқыштардың 5-10 түрі жиі қолданылады. Олардың ішінде қоректік заттарының арақатынасы теңестірілген (1:1:1) түрлері жетекші рөл атқарады. Бұған нитрофоска, нитроаммофоска, карбоаммофоска жатады. Бұл тыңайтқыштар азот, фосфор, калий элементтерінің тиімділігі жоғары қара топырақты емес аймақтарда кеңінен қолданылады. Құм, құмайт топырақты жерлерге қоректік заттардың арақатынасы 1:1:1 болатын тыңайтқыштарды дәнді дақылдарға, картопқа, қант қызылшасына, біржылдық шөпке көктемде тұқымды себер алдында, ал саз, сазды топырақтарда күзде сүдігер жыртар алдында қолданады.

Кешенді тыңайтқыштар құрамында азотқа қарағанда, фосфордың немесе фосфор мен калийдің (1:1,5:1 және 1:1,5:1,5) үлесі басымырақ болса, оларды фосфор мен калийдің жылжымалы түрлері аз топырақтарға күздік, жаздық астық дақылдарына, картопқа, көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерге қолданады. Ал гранулометриялық құрамы жеңіл калий аздау топарыққа егілетін тамыржемістілерге, қант қызылшасына, сүрлемдік жүгеріге калийі басымырақ (1:1:1,5) тыңайтқыштарды пайдаланады. Алмаспалы калийі жоғары және калийді шамалы мөлшерде пайдаланатын дақылдарға қоректік элементтердің арақатынасы 1:1:0,5 тыңайтқыштарын береді.



Сол сияқты 1:4:0 типтес кешенді тыңайтқыштарды астық дақылдарының тұқымымен бірге және оңтүстік аудандарда күзде сүдігер жыртар алдында қолданады.

8-сурет. КЕШЕНДІ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ЖІКТЕУ

Сондай-ақ оларды ылғалы жеткілікті және алмаспалы калиймен жақсы қамтамасыз етілген егістік жерлерге де қолдануға болады. Өсімдікке сіңімді азот мөлшері жоғары топырақтарға егілетін дақылдарға, әсіресе, астықты дақылдарға, 0:1:1 типтес тыңайтқышты пайдалану керек. Сонымен бірге фосфорлы-калийлі кешенді тыңайтқыштарды күздік дақылдар егілетін пар танабына және біржылдық немесе көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер егілетін алқаптарға сіңіреді.

дәріс 14

Тақырыбы: Органикалық тыңайтқыштар

Мақсаты: Студенттерді толығымен ауылшаруашылық дақылдарымен таныстыру.

Міндеті: Агрономия саласында, ауылшаруашылық дақылдарының маңызы зор екендігін түсіндіру.

Түйінді сөздер: Ауылшаруашылық дақылдары.

Дәріс жоспары:

1. Қазақстан ертеден аграрлы ел.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет