ОӘКҚ 042-18. 21. 59/01-2013 №2 Басылым


Қасиеттері және қолдану ерекшеліктері



бет9/45
Дата25.08.2017
өлшемі14,95 Mb.
#25890
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45

2. Қасиеттері және қолдану ерекшеліктері


Фосфор өсімдік тіршілігіне аса қажетті элементтің бірі болып саналады. Кезінде орыс оқымысты А.Е.Ферсман ”Фосфор – тіршілік пен ақыл-ой элементі” деген.

Өсімдік организміндегі синтездеу процесі мен зат алмасудың көптеген сатысы фосфор қышқылының қатысуымен өтеді. Әсіресе, әр түрлі органикалық қосылыстар құрамына енетін фосфордың маңызы зор. Солардың ішінде нуклеин қышқылдарын бірінші орынға қоюға болады. Нуклеин қышқылының екі түрі де РНК(рибонуклеин), ДНК (дезоксирибонуклеин) ақуыздың синтезделуі, өніп-өсу, тұқым қуалаушылық сияқты тіршілік әрекетінің ең маңызды процестеріне қатысады. Олар өсімдіктің барлық мүшелері мен клеткаларында кездеседі. Көпшілік өсімдіктің жапырақтары мен сабақтарында нуклеин қышқылының мөлшері 0,1-1,0 пайызға дейін жетеді. Жас жапырақ пен өркеннің өсу нүктесінде нуклеин қышқылы көне жапырақ пен сабаққа қарағанда көбірек болады. Фосфордың органикалық қосылыстарына нуклепротеидтерді - ақуыздың фосфор қышқылымен қосылысын жатқызуға болады. Олар биохимиялық реакцияның өтуін жылдамдатады және клетка ядросының бөлінуіне қатысады.

Фосфор өсімдікте фосфатидтер, фитин, қант фосфаты сияқты қосылыстар құрамында да кездеседі. Фитин кейбір ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдары мен вегетативтік мүшелерінің құрамында, фосфор қосылыстарының арасында мөлшері жағынан бірінші орын алады. Мысалы, майлы дақылдарда 1-2%, астық дақылдарының тұқымында 0,5-1% фитин болады. Фитиннің өзінің құрамында 27,5 пайыз фосфор қышқылы кездеседі. Фосфор өсімдікте жүретін түрлі биосинтез процестерін жүзеге асыру үшін, көп энергия бөліп шығаратын қосылыстар құрамына енеді. Олардың ішінде ең маңыздысы АТФ (аденазин үш фосфор қышқылы) болып саналады.

Өсімдікте фосфор шамалы мөлшерде түрлі минералдық қосылыстар түрінде кездеседі. Оған негізінен орта фосфор қышқылының тұздары жатады. Өсімдік организмінде фосфор көптеген процестерге қатысады. Мысалы, құрамында фосфор қышқылы бар АТФ-сыз фотосинтез және тыныс алу процестері өтпейді, сондай-ақ өсімдіктегі қосылыстардың түрленуі болмайды. Өсімдіктегі көмірсулардың синтезделуі мен ыдырауы фосфордың қатысуымен өтеді. Өсімдік организмінде фосфор қышқылы азотты заттардың алмасуында ерекше рөл атқарады. Мұнда нитратты азоттың аммиаққа дейін тотықсыздануы үшін фосфор қышқылы қажет.

Фосфор өсімдікте оның барлық мүшелерінде кездеседі. Ол азот сияқты өсімдіктің жеміс беретін мүшесінде көп, ал қосалқы өнімде аз болады. Фосфорды өсімдік көбінесе өзінің бастапқы өсу кезеңінде аса қажет етеді. Бұл кезеңдегі фосфордың жетіспеушілігін қосымша қоректендіру есебінен толықтыруға болады деп ойлаудың пайдасы жоқ. Жалпы фосфор жетіспесе өсімдіктің сабағы мен жапырақтарының өсуі баяулайды,тұқым салмайды.

Фосфор тыңайтқыштары, оларды алу жолдары,

құрамы мен қасиеттері және қолдану ерекшеліктері

Фосфор тыңайтқыштарын құрамында фосфор элементі кездесетін кендерден өндіреді. Фосфор кендері құрамындағы фосфор мөлшеріне қарай: өте жоғары (35 % P2O5), жоғары (28-35%P2O5), орташа (18-28% P2O5), кедей (10-18% P2O5), өте кедей (5-10% P2O5), фосфорлы тау жыныстары (0,5-5% P2O5) болып бөлінеді.

Фосфат кендері шығу тегіне қарай апатит және фосфорит деп ажыратылады.

Апатит - түссіз, жасыл немесе сары-жасыл түсті минерал. Фосфорит-кальций фосфаттарына аса бай шөгінді көне тау жынысы. Аморфты немесе криталды болып келеді.

Фосфорит құрамына қоспа ретінде кварц, халцедон, кальцит, доломит, глаукомит және органикалық заттар кіреді. Фосфориттің ірі кендері Жамбыл-Қаратауда, Ақтөбе облысында тараған. Фосфорит фосфор тыңайтқыштарын, фосфор қышқылы мен оның тұздарын өндіруде пайдаланылады.

Фосфор тыңайтқыштары әртүрлі еріткіштерде еру дәрежесіне қарай үш топқа жіктеледі (5-сурет):

• Суда еритін фосфор тыңайтқыштары (жай суперфосфат, қос суперфосфат, байытылған суперфосфат, суперфос).

• Суда ерімейтін бірақ әлсіз қышқылдарда еритін фосфор тыңайтқыштары (преципитат, фторсызданған фосфат, томасшлак, балқытылған магний фосфаты, фосфатшлак, термофосфаттар).



• Әлсіз қышқылда нашар еритін фосфор тыңайтқыштары (фосфорит ұны).

5-сурет. ФОСФОР ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫН ЖІКТЕУ.



дәріс 13

Тақырыбы: КАЛИЙ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет