9-кесте. Кейбір ауылшаруашылық дақылдарының құрамындағы микроэлементтердің мөлшері (мг/кг).
Әрбір өсімдік биологиялық ерекшеліктеріне қарай микроэлементтерді түрліше пайдаланады (9-кесте).
Егер 1 кг жаздық бидай дәнінің құрғақ затына 2 мг бор болса, қант қызылша тамырында 12-17, жапырағында 20-35 мг аралығында болады. Сол сияқты өсімдік құрамында микроэлементтер оның жеке мүшелерінде белгілі бір заңдылықта кездеседі. Мысалы, марганец, молибден, өсімдік жапырағында, ал мырыш, кобальт, мыс генеративті мүшелерінде көп кездеседі. Ал бор дәнді дақылдардың дәнінде, бұршақ тұқымды өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінде көп болады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімінде әр түрлі мөлшерде ақуыз, май, қант сияқты органикалық заттар болады. Олардың мөлшері дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне және өсіру жағдайына қарай өзгеріп тұрады (10,11,12 - кестелер).
Ақуыз зат алмасу процесінде шешуші рөл атқаратын азотты қосылыс. Оның мөлшері өсімдіктің вегетативтік мүшелерінде 5-20% аралығында болады. Бұршақ тұқымдас дақылдардың дәнінде ақуыз мөлшері 30-35% дейін жетеді. Ақуыздың элементтік құрамы айтарлықтай қарапайым. Онда 51-55% көміртек, 21-24% оттек, 15-18% азот, 6,5-7,0% сутек, 0,3-1,5% күкірт болады. Өсімдік ақуызының құрамына 20 амин қышқылдары мен 2 амид енеді. Ауылшаруашылық дақылдарының ақуыздары бір-бірінен амин қышқылдарының мөлшері мен ерігіштігіне қарай ажыратылады.
10-кесте. Дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдардың дәндерінің құрамындағы органикалық заттардың орташа мөлшері (пайыз есебімен).
Өсімдік дәніндегі азоттың 90% вегетативтік мүшелеріндегі азоттың 75-90% ақуыз құрамына енеді. Ақуыз екі топқа бөлінеді. Тек қана амин қышқылдарының қалдығынан тұратын ақуызды қарапайым ақуыз немесе протеин деп атайды. Егер қарапайым ақуыз молекуласы басқа затпен байланысқан болса күрделі ақуыз немесе протеид дейміз.
11-кесте. Көкөніс және жеміс - жидек дақылдарының құрамындағы органикалық заттардың орташа мөлшері (шикі массаға шаққанда пайыз есебімен).
12-кесте. Майлы дақылдар тұқымының құрамындағы органикалық
заттардың орташа мөлшері (пайыз есебімен).
Протеиндер әр түрлі еріткіштерде ерігіштігіне қарай жіктеледі. Альбуминдер суда, глобулиндер тұз ерітіндісінде, проламиндер 80% этил спиртінде, глютелиндер сілті ерітіндісінде жақсы ериді. Қарапайым ақуыз өсімдік тұқымында қор және қоректік зат ретінде жиналады. Протеидтер ақуызсыз топтардың химиялық табиғатына қарай липопротеидтер, хромопротеидтер, глюкопротеидтер, нуклеопротеидтер деп ажыратылады. Ауылшаруашылық дақылдары өнімінің сапасын, “шикі протеин” мөлшеріне қарай бағалайды. “Шикі протеинді” білу үшін жалпы азот мөлшерін 6,25 коэффицентіне көбейтеді. Бидай дәнінің сапасын оның құрамындағы ұлпа шамасымен бағалайды. Ұлпа құрамының 2/3 бөлігі судан, 1/3 бөлігі құрғақ заттан тұрады, ал оның құрғақ заты негізінен спирт пен сілтіде еритін ақуыз болып саналады. Бидай дәнінде ұлпа көп болса, одан алынатын ұн сапалы болады.
Өсімдіктің құрғақ затының 85-90%-ын көмірсу құрайды. Көмірсулардың биологиялық қызметі алуан түрлі. Өсімдікте көмірсулар глюкоза, фруктоза, сахароза, крахмал, клетчатка, пектинді заттар түрінде кездеседі. Жүзімде глюкоза мөлшері 8-15%-ке дейін, фруктоза өрік, алмұрт сияқты жеміс ағаштарында 6-10% болады. Сахароза табиғатта кең тараған, әрі практикалық маңызы зор көмірсуға жатады. Қант қызылшасының тамырында сахароза мөлшері 14-22%-ға дейін жетеді. Крахмал барлық өсімдіктерде кездесетін көмірсу. Картоптың ерте пісетін сортының түйнегінде 10-14%, кеш пісетін сортында 16-22% крахмал болады. Астық дақылдарының дәніндегі крахмал мөлшері 55-70% -ға дейін жетеді.
Клетчатка - өсімдік клеткасының қабырғасының басты компоненті. Мақта талшығында оның шамасы 95-98%-ке дейін жетеді. Майлар негізінен қоректік және энергетикалық қор заттары болып саналады.
Сонымен қатар өсімдіктерде пигмент, органикалық қышқылдар, алкалоид, ферменттер, витаминдер, антибиотиктер тағы басқа заттар болады. Олардың мөлшері өсімдікті өсіру жағдайына қарай өзгеріп отырады.
дәріс 5
Тақырыбы: Өсімдіктердің қоректенуi
Достарыңызбен бөлісу: |