ОӘКҚ 042-18. 21. 59/01-2013 №2 Басылым



бет16/45
Дата25.08.2017
өлшемі14,95 Mb.
#25890
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Өсімдік өнімінің сапа көрсеткіштерінің түрі мен мөлшерін талдау арқылы анықтайды.

Белок организмнің тіршілік әрекетінің негізін құрайды. Өсімдік организмінде белок алуан түрлі қызмет атқарады. Белок өсімдік өнімінде қор және қоректік зат ретінде жи- налады. Қор ретінде жиналған белок дәннің азық-түлік мақсатына пайдалануда маңызы зор. Егіншілікте бұл мақсат үшін алуан түрлі дәнді дақылдар өсіріледі. Олардың ішінде бидай, дәнді бұршақ тұқымдас өсімдіктер ерекше орын ала- ды. Өсімдік құрамындағы белоктың жалпы мөлшерін Барн- штейн әдісімен анықтайды. Мұнда белокты заттарды күкірт қышқыл мыстың негіздік тұзы - CuSO4 ·Cu(ОН)2 ерітіндісімен тұндырады. Тұнбаны концентрлі күкірт қышқылымен күйдіреді. Нәтижесінде пайда болған күкірт қышқыл ам- моний қосылысының құрамындағы аммиакты Кьельдал қондырғысында анықтайды.

Крахмал қоры өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Құрғақ затқа есептегенде күріш дәнінде 70- 80%, жүгеріде – 65-75 , бидайда – 60-70, арпада – 55-57% крахмал болады. 28-кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі өнімдерінің сапа көрсеткіштері, % есебімен Крахмалды анықтауда оны глюкозаға дейін ыдыратып қышқылдық гидролиздеу әдістерін пайдаланады. Түзілген глюкоза мөлшерін Бертран ұсынған химиялық тәсілмен немесе поляриметр құралында анықтауға болады. Бер- тран әдісін өсімдік пигментімен боялған (жапырақ, сабаң) поляриметрді түссіз сүзіндіден анықтауда қолданады. Агрохимиялық зертханаларда поляриметр құралымен крах- малды жиі анықтайды.

Сахароза глюкоза мен фруктозадан тұратын дисаха- рид. Қант қызылшасының тамырында 15-20% қант болады. Сахарозаның құрамындағы қантты оның судағы ерітіндісінен өткен поляризацияланған сәуленің өзінің бағытын 900 -қа өзгерту қасиетіне негізделген. Поляризацияланған сәуленің ауытқу бұрышының шамасы ерітіндідегі қант мөлшеріне қарай өзгереді. Қантты анықтау үшін сахариметр құралын пайдаланады.

Клетчатка өте кең таралған көмірсуларға жатады. Ол өсімдік клеткасында аденозиндифосфатилглюкозаның қатысуымен синтезделеді. Клетчатка әлемдегі бүкіл биомассаның 90%-ын құрайды. Бұл органикалық зат мал ақығы ретінде пайдала- нылатын шөптердің жұғымдылығын, сіңімділігін, нәрлілігін төмендетеді. Ал тоқыма өндіретін жеңіл өнеркәсіп үшін құнды шикізат есебінде пайдаланатын дақылдарда клетчатканың жоғары болуы, олардың технологиялық сапасын жақсартады. Құрамында клетчатка көп дақылға мақта жатады. Оның талшығының 95-98%-ы клетчаткадан тұрады. Өсімдіктің клетка қабықшасында клетчаткадан басқа да қиын еритін заттар (гемицеллюлоза, лигнин т.б.) бола- ды. Оларды клетчаткадан бөліп алу қиын болғандықтан, көпшілік жағдайда тазартылмаған клетчатка мөлшерін анықтаумен шектеледі. Ол үшін өсімдікті концентрлі азот және сірке қышқылдарының қоспасымен (Кюршнер-Ганек әдісі) не- месе қышқыл мен сілтінің әлсіз ерітінділерімен (Геннеберг- Штоман әдісі) өңдейді.

Май және май тәрізді заттар өсімдік тіршілігі үшін қажетті биологиялық қосылыстар болып саналады. Өсімдік майлары адам мен жануарлардың қоректенуі үшін аса бағалы зат ретінде пайдаланылады. Майды анықтау қайнау температурасы 1000 С аспай- тын органикалық еріткіштермен (эфир, бензин, т.б.) экстракциялауға негізделген.

4 Зетханалық сабақ



Мақсаты: Өсімдікті талдауда қоректенуді диагностикалау әдісін қолдану

Жұмыс барысы: Өсімдік қоректенуін бақылау үшін диагностика әдісі кеңінен қолданылады. Өйткені ол өсімдік қоректенуін рет- теуде маңызды рөл атқарады.

Өсімдікті талдауда диагностика әдісін пайдалануды алғаш рет ұсынған Гельригель. Гельригель калий элементінің әртүрлі дозасын зерттеу мақсатында жүргізген вегетациялық тәжірибеде (құм дақылы) қоректік қоспа мен арпа өніміндегі калий мөлшерінің арасында айқын байланыстың бар екенін байқаған.

ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдарында Францияда Ла- готю жүзім, Швецияда Ландегорд астық дақылдарының жапырақтарына талдау жасағанда диагностика әдісін қолданған.

Жалпы қоректенуді диагностикалау әдісінің бірнеше түрі бар. Солардың ішінде өсімдіктің қоректенуінде элементтердің тапшылығын оның сыртқы түріне, жеке мүшелерінің түсіне, пішініне қарай және химиялық жолмен талдау кеңінен қолданылады. Өсімдіктің мүшелерінің сыртқы өзгерістеріне қарап бақылау дәл бола бермейді. Өйткені сыртқы өзгерістерге басқа да факторлар әсер етуі мүмкін.

Өсімдіктің жеке мүшелерінің сыртқы өзгерістерінің қоректік элементтердің тапшылығынан екенін айқындау үшін химиялық диагностиканы қолдану керек. Химиялық диагностика әдісінде талдауға арналған өсімдік мүшесін таңдаудың маңызы зор. Мысалы, азот, фосфор, калий, магний элементтерін анықтау үшін төмен орналасқан жапырақтарды немесе сабақтың төменгі бөлігін пайдалана- ды.

Ресейде ХХ ғасырдың ортасынан бастап өсімдік шы- рыны мен кескініне химиялық талдау жасау арқылы оның қоректенуін бақылаудың қарапайым әдістерін ұсынды. Оған Г.С.Давтянның өсімдіктің азотпен қоректенуінің диагно- стикасы, К.П.Магницкийдің өсімдік шырынын химиялық талдау, В.В.Церлингтің өсімдік кескінінің құрамындағы элементтерді анықтау әдістері жатады. Г.С.Давтян әдісі өсімдік шырының нитраттарының ди- фениламинмен әрекеттесуінен көк түсті қосылыстың пайда болуына негізделген.

К.П.Магницкий әдісімен өсімдіктің қоректік элемент- термен қамтамасыз етілуін анықтау принципі мынадай: 1) мырыш нитраттарды нитриттерге дейін тотықсыздандырады. Сульфанил қышқылы мен нафтиламин нитриттермен реакцияға түсіп ашық қызғылт түсті қосылыс түзіледі; 2) фосфорды анықтау оның қалайының қатысында ам- моний молибдатымен көгілдір түсті кешенді қосылыс пай- да болуына негізделген. Көгілдір түстің қарқындылығы фосфордың мөлшеріне пропорционалды; 3) калийді анықтау оның магний дипикриламинат және тұз қышқылының ерітіндісімен қызғылт сары түсті тұнба пайда болуына негізделген.

Өсімдіктің 1 кг шырынындағы элементтің мөлшерін мил- лиграммен немесе шартты түрде баллмен өрнектейді (30-ке- сте).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет