ОӘк аатк 01-18 Оқу әдістемелік кешен. География. Бірінші басылым


Биоценоз-жер бетінің табиғат жағдайлары біртекті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар жәнемайда организмдер бірлестігі (грекше био-тіршілік, ценоз-ортақ)



бет4/9
Дата09.04.2020
өлшемі0,94 Mb.
#62062
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
umk geografiya (1)

Биоценоз-жер бетінің табиғат жағдайлары біртекті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар жәнемайда организмдер бірлестігі (грекше био-тіршілік, ценоз-ортақ).
Эпифиттер- ағаш діңдері мен бұтақтарын басып жатады. (грекше эпифит-өсімдікке жабысқан).
Саванна- әр жерде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін, көбінесе шөп басқан алқапты айтады.
Мұзтаулар- жаппай мұз басқан құрлық жағалауларынан сырғып, опырылған ірі мұздар.
Муссондар- құрлық пен мұхит арасындағы температура мен қысымның айырмашылықтарынан пайда болған желдер.
Су массалары- мұхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан зор көлемді суды атайды.
Конституциялық монархиялық басқару -іс жүзінде парламент пен үкіметке шоғырланған.
Абсалюттік монархиялық басқару-барлық билік жеке адамның қолында шоғырланған.
Прерий – Солтүстік Америкадағы биік шөптерден тұратын далаларды атайды. «Прерий» француз тілінен аударғанда «шалғын» деген сөз.
Суккулент -ылғалды бойына жинайтын өсімдіктерді айтады. (Ағаш тәрізді кактус, алоэ, сүттіген, опунция, юкка). Суккулент латыншадан аударғанда «шырынды» дегенді мағынаны білдіреді.
Батпақ кипарисі – ауыспалы ылғалды ормандар зонасында субтропиктік белдеуде өзен бойларындағы батпақтар осы жерге ғана тән.
Үндіс тайпалары аллонкин, ирокез, атабаска, деловэр және т.б.(солтүстіктегі), ацтек, майя тайпалары (оңтүстіктегі) мекендеген.
Америка Құрама Штаты (жерінің ауданы 9 млн 363мың2). Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашенгтон қаласы мен Колумбия округінен тұратын ел.
Эскимостар – ғасырлар бойы қатал климат жағдайларында өмір сүруге бейімделген байырғы халқы.(Солтүстік Американың солтүстігінде).


3. Геогрфия пәнін оқытудағы мақсат-міндеттері

География курсының мақсаты-студенттерге қоршаған орта туралы түсінік беру Қазақстанның аса бай жерлерін, пайдалы қазбаларын дүниежүзі бойынша елдерін шаруашылық салаларымен таныстыру болып табылады.Оның ішінде елдердің экономика негіздері және мемлекеттер мен аймақтарды шаруашылығын, саяси құрылымын, экономикалық даму деңгейін оқып үйренуге негізделген.

Курстың мазмұнында дүние жүзінің қазіргі саяси картасы және оның қалыптасу кезендерін, дүние жүзі халқының географиясы, дүниежүзілік табиғи ресурстар және оларды үнемді пайдалану, ғылыми – техникалық революция халықаралық экономикалық қатынастар, дүние жүзінің шаруашылық географиясы, дүние жүзінің ғаламдық проблемары, жеке елдер мен аймақтардың географиялық ерекшеліктері, мәселелері қарастырылады. Бұл курста дүниежүзі елдері жеке-жеке қарастырылады.

3.Әдістемелік кешеннің негізгі бөлімі (сабақтың толық жоспары, теориялық материал, тапсырмалар, сызбалар, көрнекіліктері, кестелер, фотосуреттер және т.б.).



Теориялық сабақтар жинағы

Сабақ №1

Сабақ түрі: лекция

Лекция №1

Тақырыбы: Дүниежүзінің саяси картасы

Сабақ жоспары:

1. Саяси картаның мазмұны.
2. Саяси картаның қалыптасу кезеңдері.
3. Дүние жүзінің саяси картасының объектілері.

Сабақтың мазмұны:

1.Саяси картаның мазмұны. Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып көрінетін саяси картада, әдетте, мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік – аумақтық жіктелуі, астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді.

2.Саяси картаның қалыптасу кезеңдері. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа (XVII ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастырады. Еуропалықтардың отарлау әрекеттері XV ғасырда португалдардың Солтүстік Африкадағы аса маңызды сауда және көлік қатынасы орталықтары болып табылатын Сеута және Мелилья қалаларын жаулап алуынан басталды. Еуропалық отарлау кезеңі Жаңа Дүние мен Ескі Дүниенің көптеген аумақтарын қамтыды. Еупадағы жетекші мемлекеттердің жаңа жерлерді бөлісуі және ықпал ету аумақтарын экономикалық, саяси жағынан басқару сипаты дүние жүзінің саяси картасының едәуір өзгеріске түсінуі алып келді. Осы өзгерістерге сәйкес, мемлекет құрылымы мен оны басқарудың жаңа формалары пайда болды. Біраз уақыт аса ірі отар иеленуші мемлекетттер - метрополиялар (грекше metropolis – қала) болып есептеліп келген Испания мен Португалияның қатарына кейіннен Ұлыбритания, Франция, Нидерланд, Германия келіп қосылды. Осылайша Америкада, Африка мен Азияда отарлық аумақтар пайда болды. Мысалы, XX ғасырдың басына қарай отарлық иеліктер Африка жерінің 90% - ын, Азия аумағының 56% - ынан астамын, Америка жерінің 27% - ын алып жатты. XIX ғасырдың басында Латын Америкасында бсталған ұлт – азаттық қозғалыс нәтижесінде Эквадор (1809 ж.), Колумбия (1810 ж.), Венесуэла, Парагвай (1811 ж.), Аргентина (1816 ж.), және т.б. жаңа тәуелсіз мемлекеттер қалыптасты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында дүние жүзіндегі жетекші метрополиялар арасында ықпал ету аймақтары үшін күрес шиеленісе түсті. Соның салдарынан әлемді Бірінші дүниежүзілік соғыстың өрті шарпыды. 1914 – 1918 жылдар аралығында болған Бірінші дүниежүзілік соғыста Антанта (Англия, Франция және Ресей) мен Үштік одақ (Германия, Аустрия – Венгрия, Италия) елдері бір – біріне қарсы соғысты. 1915 жылы Италия Үштік Одақтан шығып, Антанаға қосылды. Соғыс мемлекеттік шекараларды қайта орнатып, отарларды қайта бөліске салу мақсатынан келіп туындады. Жалпы алғанда, бұл соғысқа дүние жүзінің 38 мемлекеті (оның 34 – і Антанта жағында соғысты) қатысты. Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң болған ірі оқиғалар қатарына 1917 жылғы Қазан революциясы нәтижесінде Ресейде мемлекеттік құрылым мен басқару жүйесінің түбегейлі өзгеруі, Аустрия – Венгрия монархиясы мен Осман империясының ыдырауы, Германияда монархияның құлатылуы және үкімет басына фашистердің келуі, Еуропада мемлекеттік шекаралардың өзгеруі жатады. Дүние жүзінің саяси картасында КСРО, Чехословакия, Ирландия, Исландия, Ватикан сияқты жаңа мемлекеттер пайда болып, Финляндия, Польша, Балтық бойы елдері тәуелсіздігін жариялады. Бұл кезеңде Африкада тәуелсіз мемлекттер қатары (Египет, Эфиопия, Либерия, ОАР) санаулы ғана болды. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуында Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған маңызды өзгерістер, XX ғасырдың 50 – 60 - жылдарындағы отарлық жүйенің күйреуі, 80 – 90 жылдарындағы социалистік жүйенің ыдырауына байланысты оқиғалар айрықша рөл атқарды. 1939 – 1940 жылдары Балтық бойы елдері мен көршілес аумақтарды қосып алу есебінен КСРО аумағы кеңейе түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Польша, Югославия, Грекия аумақтары бөліске түсіп, Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның, сондай – ақ Италияның, Югослаияның Польша мен КСРО – ның мемлекеттік шекаралары өзгеріп, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО), ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Румыния, Болгария, Венгрия, Финляндияның соғысқа дейінгі шекаралары қалпына келтірілді. Шығыс Еуропада пайда болған социалистік мемлекеттер біртұтас блокқа бірікті. Еуропада осы жылдары басталған шекараларды қалпына келтіру жұмысы қазірге дейін жалғасын табуда.

3. Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:

1.Саяси карта дегеніміз не?

2.Саяси картаның қалыптасу кезеңдері?

3.Сонымен қатар «Дәуір айнасы» дегенді қалай түсінесіз?

4.Саяси картаның обьектілеріне сипаттама беріңіз?
Әдебиеттер мен оқу құралдары:

1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.

2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.

3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.




Сабақ №2

Сабақ түрі: лекция

Лекция №2

Тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы

Сабақтың жоспары:

1. Мемлекеттік аумақ.


2. Мемлекеттік құрылыс.
3. Халықаралық ұйымдар.

Сабақтың мазмұны.

1. Мемлекеттік аумақ. Экономикалық және әлеуметтік географиядағы негізгі ұғымдардың бірі «мемлекеттің аумағы» деген ұғым. Ол-жер шарының белгілі бір елдің егемендігінде болатын бөлігі. Мемлекттік аумақ қойнауымен бірге құрлық, су және әуе кеңістігі кіреді. Су аумағына ішкі сумен бірге аумақтық сулар кіреді, ол соңғысының мәнісі Дүниежүзілік мұхиттың құрлыққа іргелес 12 теңіз милі шеңберіндегі су деген сөз.Бұған қоса 200 мильдік экономикалық аймақ деген ұғым бар. 12 мильдік аумақтық судан  басқаша экономикалық аймақ жағадағы мемлекеттің егемендігінде болмайды. Ол мұнда табиғи ресурстардыөндіріп ала алады. Ал басқа мемлекеттер бұл аймақта тек кеме дәне әуе қатынасы, кабельдер мен құбырлар тарту еркіндігін пайдаланады.Әрбір мемлекеттің екіншісінен бөліп тұрған құрлықтың немесе теңіздік шекаралармен шектеулі аумағы болады.

2. Мемлекеттік құрылыс. Қай елдің болса да, мемлекеттік құрылысы ең алдымен ондағы басқару түріне байланысты. Басқарудың негізгі екі түрі бар.

Республикалық басқару ерекше кең таралған, өйткені дүние жүзіндегі барлық елдердің 3/4-і республикалар болып табылады.

Республика – дегеніміз заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі - өкіметтің қолында болатын басқару түрі. Дүниежүзіндегі елдердің басым көпшілігі мемлекетті басқару формасына қарай республика (латын. respublica — қоғамдық іс) болып табылады. Республикалық басқару формасы Еуропадағы буржуазиялық төңкерістернәтижесінде енгізілген болатын. Республика — заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі сайланатын өкілетті органның (парламент) қолында, ал мемлекет басшысын ел халкы өзі сайлайды. Президенттік республика жағдайында президент мемлекет басшысы болумен қатар, үкімет басшысы қызметін атқарады. АҚШАргентинаБразилия тәрізді елдер президенттік республикалар болып саналады. Ал парламенттік республикаларда атқарушы билік қызметін президент тағайындаған премьер-министр атқарады. Дүниежүзінің көптеген елдеріне, соның ішінде Қазақстан Республикасына басқарудың осы формасы тән.



Монархиялық басқару әлдеқайда аз таралған, өйткені дүние жүзінде не бары 30 монархия бар. Монархия дегеніміз – мемлекет басшысы император, король, герцог, князь, сұлтан және т.с.с. болып келетін басқару түрі. Мұндай жоғары өкімет билігі атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады.

Ұлыбритания – дүние жүзіндегі конституциялық монархиялық ең көне ел. Король (қазір ІІ Елизавета) – мемлекетттің, сот жүйесінің басшысы, қарулы күштердің бас қолбасшысы, ағылшын мемлекеттік шіркеуінің, сондай-ақ Ұлыбританияның басқаруындағы, бұрын Британия империясының құрамына енген 510 ел мүше болып табылатын Достастықтың діни басшысы.

Жапония – конститутциялық монархия. Онда император дәстүр бойынша мемлекеттің және ұлт бірлігінің символы болып табылады, бірақ заң шығару билігі парламенттің, ал атқарушы билік – министрлер кабинетінің қолында.

Абсолюттік монархияларда, бұған керісінше, монархтың билігіне мүлде шек қойылмаған. Алайда қазіргі дүние жүзінің саяси картасында ондай елдер санаулы ғана қалды.

Сауд Арабиясы – абсолюттік монархия, онда мемлекет басшысы (король) заң шығарушы және атқарушы өкімет билігін өзі жүргізеді, сонымен бірге ол премьер-министр, қарулы күштердің бас қолбасшысы және жоғары сот, әрі діни басқарушы болып табылады.

Кез келген елдің мемлекетік құрылысы оның әкімшілік-территориялық құрылысының (бөлінуінің) түріне байланысты болады. Бұл тұрғыдан алғанда барлық елдер унитарлы және федерациялы елдер болып бөлінеді.

1. Унитарлы мемлекет – (латынның unitas – бірлік деген сөзінен шыққан) – елде біріңғай зат шығарушы және атқарушы өкімет билігі болатын әкімшілік – территориялық құрылыс түрі.

2. Федерациялы мемлекет – (латынның foederatio – одақ, бірлестік деген сөздерінен шыққан) – біріңғай (федералдық) заңдарымен және өкімет органдарымен қатар, өздерінің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары болатын жекелеген территориялық құрылымдары (республикалар, провинциялар, жерлер, штаттар және т.с.с.) бар әкімшілік – территориялық құрылыс түрі.

Дүние жүзінде 20 шақты федерациялы ел бар. Кейбір елдердің (Ресей, Бельгия, Үндістан, Нигерия) бұлайша болуы ұлттық-этникалық принципке, екіншілерінде (ГФР, Австрия, АҚШ)- тарихи-географиялық ерекшеліктерге байланысты. Конституциялық монархияда монархтың билігі конституцямен шектелген. Яғни, нақты заң шығару билігі парламенттің қолында, ал үкімет атқарушы билікке ие. Мұндай мемлекеттерде монархтар "патшалық етеді, бірақ басқармайды", тек ұлттық символы ретінде сан жылғы дәстүрді жалғастырады. Батыс Еуропаның көптеген елдеріне монархияның осы түрі тән: Бельгия, Дания, Нидерланд, Норвегия және т.б. конституциялық монархиялар арасында жоғары дамыған елдермен қатар, Лесото сияқты мешеу елдер де бар. Азиядағы жетекші ел Жапония да конституциялық монархиялар қатарына жатады (бұл елдермен сендер 11-сыныпта жете танысатын боласыңдар).

Теократтық (грек. theos — құдай, kratos — билік) монархияларда мемлекет басшысы діни жетекші қызметін де атқарады. Мұндай мемлекеттер қатарына Бруней, Сауд Арабиясы және Ватикан жатады.

Мемлекеттік құрылымына байланысты унитарлы (латын. unitas — бірлік) және федерациялы (латын. foederatio — одақ, бірлестік) мемлекеттерді ажыратады. Унитарлы мемлекеттерде әкімшілік-аумақтық бірліктер тікелей орталық үкіметке бағынады, ортақ заң жүзеге асырылады. Унитарлы мемлекеттер қатарына Италия, Франция сияқты республикалармен қатар, Жапония, Ұлыбритания тәрізді конституциялық монархиялар да кіреді. Федерациялы мемлекет жағдайында оның құрамына енетін федерация мүшелерінің белгілі бір саяси, экономикалық дербестігі болады. Бірыңғай (федералдық) заңдарымен және басқару органдарымен, ортақ әскермен қатар, федерация мүшелерінде мемлекеттік биліктің барлық белгілері (ту, әнұран, конституция, парламент, атқарушы билік жүйесі) бар. Дүниежүзіндегі федерациялар саны 20-дан асады.

Федерациялардың әкімшілік құрылымдары республикалар, провинциялар, штаттар, жерлер және т.б. түрде болуы мүмкін. АҚШ пен Ресей Федерациясын нағыз федерацияның үлгісі деуге болады. АҚШ құрамына 50 штат пен Колумбия Федерациялы округі енеді. Америкалықтар жалпы федералдық заңдармен қатар, өздері тұратын штаттың заңдарына да бағынуы тиіс. 47 штаттың жері 3 мың графтыққа, ал олар өз кезегінде 17 мың тауншип (қалалы жерлер) пен 18 мың муниципалитетке (ауылдық округтер) жіктеледі. Ал Ресей Федерациясы құрамына 21 республика, 46 облыс, 9 өлке, 4 автономиялық округ, 1 автономиялық облыс, екі федералдық қала енеді.

Саяси картада федерациялы мемлекеттер, негізінен, ұлттық-этностық ерекшеліктерге (Ресей Федерациясы, Үндістан, Нигерия және т.б.) немесе мемлекеттің қалыптасу барысындағы тарихи-географиялық факторларға (АҚШ, Канада, Бразилия) байланысты пайда болды.

Тәуелді аумақтар. Ұлы географиялық ашылулар мен еуропалық отарлау нәтижесінде метрополияларға тәуелді аумақтар пайда болды. Жалпы "аумақ" деген термин егемендігі жоқ жерлерге; аз игерілген аудандарға; мәртебесі белгісіз жерлерге (мысалы, Батыс Сахара) қатысты қолданылады (қосымшаға қараңыз).

Тәуелді аумақтарға — отарлар (латынша соlоnіа — коныс), протектораттар (латынша protector—камкоршы), мандаттық аумақтар,шалгай департаменттер және аймақтар, ассоциациялық мемлекеттер жатады (А қосымшасын қараңдар).

Отарлар толығымен басқа мемлекеттің билігіндегі және саяси, әкономикалық дербестігі жоқ елдер болып табылады. Протекторат тең емес келісім негізінде неғұрлым күшті мемлекеттің әлсізіне "қамқоршы" болуынан қалыптасады. Бұл жағдайда елдің тәуелділік сипаты өзінің сыртқы экономикалық және саяси байланыстарын жүргізу құқығын басқа мемлекетке беруімен анықталады. Мандаттық аумақтар Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның бұрынғы отарлары мен иеліктерін соғыста жеңіске жеткен елдердің қарамағына беру нәтижесінде пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң мандаттық жүйе БҰҰ-ның қамқорлығы жүйесімен ауыстырылды. Қазіргі кезде тәуелді аумақтардың аталған түрлері БҰҰ жасаған "отарлар тізіміне" енгізілген, ұйым тарапынан оларға жедел түрде тәуелсіздік беру туралы талаптар қойылуда. Соған қарамастан Ұлыбритания маңызды әскери-стратегиялық аудандар болуына байланысты Испанияның оңтүстігіндегі Гибралтарды, Атлант мұхитының оңтүстігіндегі Фолкленд аралдарын тәуелді аумақтар ретінде сақтап қалып отыр.

Бұл тізімге шалғай департаменттер мен аймақтар, ассоциациялық мемлекеттер енбеген. Шалғай департаменттер мен аймақтар белгілі бір елдің құрамдас бөлігі ретінде танылады. Мысалы, Француз Одағына 5 шалғай департамент (Француз ГвианасыМартиникаГваделупаРеюньонСен-Пьер және Микелон), 5 аумақ (Француз Полинезиясы, Жаңа Каледония, Оңтүстік Антарктикалық аумақ, Майотта, Уоллис және Футуна аралдары) енеді. Бұл Одақтың мүшелері Франциямен тығыз экономикалық қарым-қатынаста және елдің заңды бөліктері ретінде ЕО тарапынан қаржылай көмек алуға құқылы. Еркін ассоциациялық мемлекет мәртебесін алған аумақ өзін-өзі басқарумен бірге, сыртқы саясатта да ішінара дербестікке ие болады.

Пуэрто-Рико, Маршалл аралдары, Солтүстік Мариана Аралдары Бірлестігінде АҚШ-пен еркін ассоциацияға ену мәртебесі бар.

Халықаралық ұйымдар. 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы деп аталатын халықаралық ұйым 1939 жылы өз жұмысын тоқтатты. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналасқан. Ұйымға 192 мемлекет (2009 ж.) мүше болды.

Бұл ұйымның алға қойған негізгі мақсаттары оның Жарғысында көрініс тапқан. Олардың қатарына әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбіт өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу жатады. Бұл Жарғыда мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі мен ынтымақтастығының басты принциптері, оның барлық мүшелерінің теңдігі, халықаралық көлемдегі ынтымақтастық пен өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принциптері бекітілген.

Кейбір жағдайда БҰҰ халықаралық саяси жанжалдарды реттеудің бейбіт құралдарынан басқа, әскери жолын да пайдалануына тура келеді. БҰҰ қарамағындағы әскери күштер мен қаржы оған мүше елдердін; жарнасы есебінен түзіледі. БҰҰ-ның басты органдары — Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалык және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Хатшылық. Қамқорлық жөніндегі кеңес БҰҰ қамқорлыққа алған соңғы аумақ — Палау тәуелсіздігін алған соң қызметін тоқтатты. Кеңес өз тәртібіне енгізілген түзетулері негізінде жыл сайын емес, қажет болған кезде ғана жиналуға шешім қабылдады. БҰҰ-ның Бас хатшысын Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайды.

Сонымен қатар БҰҰ-ның халықаралық деңгейдегі қызметін ұйымдастыруда оның құрамындағы Білім, ғылым және мәдениет мөселелері жөніндегі ұйымның (ЮНЕСКО, штаб-пәтері Парижде орналасқан), Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Азық-түлік пен ауылшаруашылық жөніндегі ұйымның (ФАО), Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) маңызы зор.

Қауіпсіздікті сақтау мәселелерімен айналысатын ірі ұйымның бірі — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҮ) болып табылады. Ол 1973 жылы құрылған. Ұйымға 56 ел мүше. 2010 жылы бүл ұйымға төрағалық ету мәртебесі Қазақстанға өтті. Бұл еліміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесін кетерді.



3. Халықаралық ұйымдар.

Мемлекеттер мен халықтар арасындағы жан-жақты қарым-қатынастар  қауырт дамыган  қазіргі заманғы заманда әр алуан халықаралық ұйымдардың қызметі өте маңызды болып отыр. Қазір ондай  2,5 мыңға таяу ұйым бар және олар кобейе түсуде. Олар не мемлекеттердің бірлестіктерінің немесе саяси, экономикалық,әлеуметтік, ғылыми техникалық, мәдени салалардағы ортақ мақсаттарға жетуді көздеген үкіметтік емес сипаттағы ұйымдар болып келеді.Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер.

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРОАҚШҚытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағыконференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.

Бас кеңсесі орналасуы — Нью-ЙоркАҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.



Халықаралық валюта қоры (Іnternatіonal Monetary Fund (ІMF) — әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын халықаралық ұйым. Оның штаб-пәтері АҚШ астанасы Вашингтонда орналасқан. Құрамына 184 мемлекет кіреді.ХВҚ — мүше мемлекеттер арасындағы валюта несие қатынастарын реттейтін, төлем теңгерімінің тапшылығынан валюталық қиындықтар туындаған кезде оларға шет ел валютасымен қысқа және орта мерзімді несие беру жолымен қаржы көмегін көрсететін халықар. ұйым. Брет-Будстағы конференцияның (АҚШ‚ 1944) шешіміне сәйкес құрылған. Оған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі мәртебесі берілген. Ресми мақсаты — валюта-қаржы саласындағы халықар. ынтымақтастыққа және дүниежүз. сауданы дамытуға жәрдемдесу. Қордың активтері, көбінесе қатысушы мемлекеттердің жарналары (үлестері) есебінен құралады

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2015 жылғы 30 қарашадағы соңғы мәлімет бойынша оған 162 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оныңқатарында ЛитваЛатвияЭстонияГрузияАрменияМолдоваҚырғызстанУкраина Ресей және Қазақстан бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және де 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет