Бақылау сұрақ-тапсырмалары:
1. К. Поппердің сыншыл рационализм атты принципін қалай түсінуге болады?
2. Фальсификация және фальсифицияландыру, демаркация ұғымдардың ерекшелігі.
3. К. Поппердің фаллибилизм приципі ғылымның даму мәселесін шешуінде қандай ұсыныс әкеледі?
4. И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдараламасының құрылысы.
5. Фальсификацияның қандай үш типін И. Лакатос ұсынған?
6. Позитивті және негативті эвристикалардың мағынасы.
Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.
2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.
3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.
Сабақ №20
Сабақ түрі: қорытынды сабақ
Лекция№20
Сабақ тақырыбы: Тұрақты даму стратегиясының негізгі шарттары
Сабақтың жоспары:
1.Тұрақты дамудың деңгейлері
2.Экологиялы, әлеуметтік, экономикалық факторлар
3.Халықаралық экологиялық ынтымақтастық
Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар -ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады. Елде қалыптасқан саяси ахуал тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.
Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар.
Әлемдік даму моделінің нәтижесі дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде өте жауапкершілікпен келукеректігі, яғни халықаралық қарым – қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
1. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе – теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;
2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;
3.Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау (соның ішінде, әскери қимылдар кезінде қоршаған ортаны бүлдіргендегі жауапкершілік).
Халықаралық ынтымақтастықтың келесі формаларын бөліп көрсетуге болады:
1. Парламентаралық ынтымақтастық,мемлекет арасындағы экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз жасауға бағытталған, бұнда заңдылық қызметін үйлестіреді. Осында экологиялық заңдар модельдерін жасау қарастырылған, бірақ ұсыныс ретінде.
2. Жекеленген мемлекеттердің атқарушы құрылымдарын, өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру, БҰҰ қамқорлығымен жүзеге асатын экологиялық бағдарламалар бағытын реттеп отырады.
3. Конвенциялық (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт) жекеленген территориялармен обьектілердің нақты экологиялық проблемасын шешуге біркелкі тәсілдер.
Ғылыми – техникалық ынтымақтастық ғылыми сипатта өзара мәліметтер алмасуға бағытталған.
Халықаралық экологиялық ынтымақтастық қызметінің негізгі принциптері.
1970 жылдардың басында, қоғам мен табиғат арасында жеткілікті экология – экономикалық проблемалар адамзатқа әлемдік қауіп туғызатын, оның салдарынан планета биосферасына үлкен өзгерістер болатындығы белгілі болды.
Бұл оған қоршаған ортаны қорғау саласындағы БҰҰ бағдарламасында ЮНЕП деп аталады. Осы орган тұрақты негізде жұмыс жасап жатыр, оның штаб пәтері Найроби (Кения) орналасқан. Айнала қоршаған ортаны қорғау көп қырлы, кешенді проблема екені белгілі, бұған байланысты ЮНЕП қызметіне қосымша оның кейбір жеке аспектлерімен келесі мамандырылған ұйымдар, БҰҰ басшылығымен жұмыс істейді:
ЮНЕСКО –ғылым, білім, мәдениет саласындағы БҰҰ мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен бітімгершілік келісім – шарттарын жүргізуге ықпал жасайтын арнайы мамандырылған мекеме. Оның негізі 1946 жылы құрылған. Штаб – пәтері Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан. Ол экология саласында "Адам және биосфера” және "Адам және оны қоршаған орта” бағдарламалары бойынша жұмысты орындайды, адам мен айнала орта байланысы және оның әлеуметтік – экономикалық факторларының дамуында зерттеулержүргізеді;
ФАО – ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіруді жақсарту міндетін атқарады, агросфераға инвестиция тартуға, топырақ құнарлығын арттыру мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану,қорғау; жаңа және өзгеше энергия көздерін өндіруді, игеруді ықпалын тигізуге көмектеседі. ФАО негізі 1945 жылы құрылған. Бұл мекеменің штаб – пәтері Италияның астанасы Рим қаласында орналасқан.
ВОЗ (Әлемдік деңсаулық сақтау ұйымы) - әлем халықтарының деңсаулығын қадағалайды, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсаты жүктелген, оған тұщы сумен қамтамасыз жасау, тамақ және қалдықтарды жою міндеттері қамтылған. ВОЗ мекемесі 1946 жылы құрылды.Әртүрлі қауіпті ауру түрлеріне қарсы емдеу шараларын іздестіреді, халықаралық деңгейдегі санитарлық ережелерді жасайды, сондай – ақ емдеу дәрілердің сапалық жағын тексереді. Дамушы елдердегі халықтардың деңсаулығын жақсартуға көмектеседі. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан.
ЮНИДО – халықаралық жаңа экономикалық тәртіпті бекіту және өнеркәсіптің дамуына оң ықпал жасау мен қолдау жүктелген;
МАГАТЭ – радиациядан қорғану, қауіпсіздік шараларын жасау міндеті бекітілген, бұған радиоактивтік материалдарды айнала ортаға экологиялық зиянын тигізбей тасымалдау мен қалдықтарды жою міндеті тапсырылған. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында пайда болған агенттік. Қазіргі кезде бұл агенттік барлық елдердегі атом электр станцияларының қауіпсіздігін қадағалайды. Бұл агенттік 1957 жылы БҰҰ шешімімен құрылған, штаб – пәтері Вена қаласында орналасқан.
ВМО (Әлемдік метеорологиялық мекеме) – бұл мекеме негізі 1873 жылы құрылған, бірақ 1947 жылдан бастап БҰҰ құрамына енді. ВМО басшылығымен әлемдік ауа райын бақылау қызметі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті планетадағы табиғат күштері мен құбылыстары жайлы жалпы мәліметтер мен бақылау жасау. Бұл ұйым метеорологиялық бақылау мен зерттеу бағытында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай – ақ ұлттық метерологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан.
МСОП (Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудағы халықаралық одақ) – бұл одақ ЮНЕСКО және ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен ұсыныс беруші мекемк. МСОП әлемдік табиғат қорғау стратегиясын жасады және барлық елдерге оны орындау жөнінде ұсыныс береді. МСОП 1948 жылы құрылған. Ұйымның орналасқан қаласы Глан (Швецария).
МЮО- Халықаралық құқық ұйымы 1968 ж құрылған, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық сұрақтарын дайындауға ықпал етеді.
МЭС- Халықаралық экологиялық сот. 1994 ж қарашада Мехико конференциясында заңгерлердің ұсыныс бойынша құрылған ұйым. Әлемдік экологиялық іс-әрекеттерді әділ шешуді қажет ететін мәселелерді шешумен айналысады. Бұл ұйымда әлемнің 24 елінен 29 судья жұмыс істейді.
WWF-жабайы табиғатты қорғау фонды (ағыл. WWF — World Wide Fund for Nature) — 1961 ж құрылған. 27 ұлттық бөлімшелері бар.
МОТ –Халықаралық еңбек ұйымы. 1919 ж еңбек қауіпсіздігінің шарттарын қамтамасыз ету және биосфераның ластануын азайту мақсатында құрылған ұйым.
ГРИНПИС (Greenpeace — «Жасыл әлем») — қоршаған ортаның деградациясының алдын алуды мақсат етіп қойған тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым. 1971 ж Канаданың Ванкувер қаласында құрылған 1,5 млн мүшесі бар, 1/3— американдықтар. Әлемнің 32 елінде бөлімдері бар.
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:
1.Әлеуметтік-экологиялық кризиске сипаттама беріңіз.
2.Экологиялық жағдай типтері қандай?
3.Тұрақты дамуды қамтамсыз ететін қандай халықаралық бірлестіктерді білесіздер?
Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003
2.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.
3. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999
4.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
5.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
|
Геогрфиядан тест сұрақтары:
1. БҰҰ қай жылы құрылған
А) 1940 жылы
Б) 1950 жылы
В) 1949жылы
Г)1945жылы
2. Аталғандардың ішіндегі ұлттық дін
A) Синтоизм, конфуциан, индуизм
Б) Христиан, ислам, синтоизм
В) Будда, индуизм, ламаизм
Г) Будда, ислам
3. «Шығыстың Аристотелі» деп атанған ғалым:
A) Әл-Идриси
Б) Махмуд Қашқари
В) Әбу Насыр Әл-Фараби
Г) Ш.Уәлиханов
4. АҚШ-тың “автомобиль астанасы”
A) Лос-Анджелес
Б) Вашингтон
В) Детройт
Г) Бостон
5. Ауыл шаруашылық салаларында еңбек ететін адамдар саны
A) 2млрд
Б) 5млрд
В) 1,3 млрд
Г) 30,5 млн
6. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал
А) Тұсбағдар
Б) Нивелар
В) Барометр
Г) Гигрометр
7. 1996 жылы 26 сәуірде құрылған топ
A) Біріккен Ұлттар Ұйымы
Б) АСЕАН
В) Еуропалық Одақ
Г) Шанхай ынтымақтастық ұйымы
8. Мальдив, Шпицберген, Самоа, Алеут. Бұл географиялық нысандарға не ортақ? Бұлардың барлығы ...
А) қалалар
Б) аралдар
В) архипелагтар
Г) мемлекеттер
9. Қай ел соңғы онжылдықтарда еңбек мигранттарын өзіне көптеп тартады
А) Сауд Арабиясы
Б) Түркия
В) Венесуэла
Г) Сербия
10. Оңтүстік Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі және машина жасау өнеркәсібі біршама дамыған қаласы
А) Алматы
Б) Шымкент
В) Тараз
Г) Өскемен
11. “Африка жылы” болып есептелетін жыл:
A) 1950
Б) 1957
В) 1960
Г) 1962
12. Конституциялық монархиялар:
A) Малайзия, Сауд Аравиясы
Б) Румыния, Финляндия
В) Испания, Непал
Г) Франция, Ирландия
13. Қазақстанның негізгі табиғи байлықтары
А) Су ресурстары
Б) Минералдық ресурстар
В) Орман ресурстары
Г) Жел энергиясы
14. Қазақстанда ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің көп бөлігі
А) Жайылым жерлер
Б) Жыртылған жерлер
В) Ормандар
Г) Егістік жерлер
15. 1999жылғы дерек бойынша Қазақстан халқының саны (мың адам)
А) 14953
Б) 16465
В) 15135
Г) 14684
16. Жер бедерінің басты ерекшелігін көруге болады
А) Физикалық картадан.
Б) Экономикалық картадан.
В) Әкімшілік-аумақтық картадан.
Г) Топырақ картасынан.
17.Халықтың механикалық қозғалысы дегеніміз.
А) Туу саны
Б) Өлім-жітім
В) Миграция
Г) Өлім мен туудың айырмасы
18. Ұсақ масштабты анықтаңдар
A) 1:1000000
Б) 1:200000
В) 1:50000
Г) 1:500000
19. Академик Қ. Сәтбаевтың зерттеген аумақтары
А) Солтүстік Қазақстан
Б) Орталық Қазақстан
В) Оңтүстік Қазақстан
Г) Шығыс Қазақстан
20. Дүниежүзілік мұхит деңгейінен төмен орналасқан Қазақстанның жері
A) Тұран ойпаты
Б) Батыс-Сібір жазығы
В) Каспий маңы ойпаты
Г) Балқаш-Алакөл ойысы
21. Хан-Тәңірі шыңының биіктігі
А) 8133м.
Б) 6995м.
В) 1565м.
Г) 4506м.
22. Халық саны туралы нақты мәліметті береді
А) Табиғи өсім
Б) Халық санағы
В) Ағымдағы есеп
Г) Әлеуметтік сауалнама
23. Жердің радиусы:
A) 40000 км
Б) 6371 км
В) 2900 км
Г) 3600 км
24. Жердегі белгілі бір зат пен солтүстік бағыт арасындағы бұрыш
А) Полюс
Б) Нивелир
В) Рулетка
Г) Азимут
25. Теміржолдың ұзындығы жөнінен алдағы ел
A) Ресей
Б) АҚШ
В) Бразилия
Г) Германия
26.Экватордың ұзындығы(км)
A) 20000
Б) 40000
В) 60000
Г) 30000
27. Халықтың ұдайы өсуінің қанша типі бар?
А) 2
Б) 4
В) 5
Г) 3
28. Дүние жүзіндегі жүк тасымалының ең күрделі аймағы, тәулігіне 500 кеме өтеді.
A) Ла-Манш
Б) Волга-Дон
В) Гибралтар
Г) Суэц
29. Жаңа Зеландияны ашқан саяхатшылар:
A) Дж. Кук, Абель Тасман
Б) В. Атласов, Р. Скотт
В) Р. Скотт, Дж. Кук
Г) Ф.Ф. Беллинсгаузен, Лазарев
30. Ауа массаларының негізгі түрлері
А) Субарктикалық, қоңыржай, субэкваторлық, экваторлық.
Б) Арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық
В) Тропиктік, субэкваторлық, экваторлық.
Г) Қоңыржай, тропиктік.
31. Конституциялық монархиялар:
A) Малайзия, Сауд Аравиясы
Б) Румыния, Финляндия
В) Испания, Непал
Г) Франция, Ирландия
32. Үлкен этникалық топтың екінші аз санды топты өзіне қосып алуы
A) Миграция
Б) Агломерация
В) Консолидация
Г) Ассимиляция
33. Орталық Африканың “Мыс белдеуі”
A) Батыс жағалауы
Б) Шығыс жағалауы
В) Камерун және Сенегал аумағы
Г) Заир және Замбия аумағы
34. Шай өндіретін елдер:
A) Вьетнам,Лаос
Б) Непал, Иран
В) Пәкістан,Ауғанстан
Г) Үндістан,Қытай
35. Солтүстік америкалық еркін сауда қауымдастығы
A) НАТО
Б) АСЕАН
В) НАФТА
Г) ОПЕК
36. ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы
A) «Энергияны үнемдейік»
Б) «Болашақ энергиясы»
В) «Болашақтың өнеркәсібі»
Г) «Баламалы энергия»
37. Адамның демалысын ұйымдастыру мақсатында пайдаланылатын ресурстар
А) рекреациялық
Б) зияткерлік
В) мұхиттық
Г) биологиялық
38. Темірді экспорттауда көшбасшы елдер
А) Ресей, Қазақстан, Украина
Б) Бразилия, Аустралия, Қытай
В) Үндістан, Оңтүстік Африка Республикасы, Германия
Г) Франция, Ұлыбритания, АҚШ
39. Оңтүстік Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі және машина жасау өнеркәсібі біршама дамыған қаласы
А) Алматы
Б) Шымкент
В) Тараз
Г) Өскемен
40. Балқан түбегінде толық немесе бір бөлігі орналасқан елді атаңыз.
А) Италия
Б) Чехия
В) Аустрия
Г) Франция
41. Федерациялы елдер
А) Словения, Болгария
Б) Монғолия, Мексика
В) Қытай, Жапония
Г)Канада, Малайзия
42. Түсі мен басқа да сыртқы белгілері өзара ұқсас адамдар тобы
А) Елді мекен
Б) Нәсіл
В) Халық
Г) Аймақ
43. Географиялық картадан құрлықтың биіктігін және мұхиттың тереңдігін анықтауға болады
А) Географиялық кардағы сандық көрсеткіштер көмегімен.
Б) Географиялық координаталар көмегімен.
В) Биіктік пен шкалалар көмегімен.
Г) әр түрлі есептерді шешу арқылы
44. Өңдеуші өнеркәсіптің жаңа салалары
А)Автомобиль жасау, алюминий өндіру
Б) Тас көмір, алюминий өндіріу
В) Түсті металлургия, робот жасау
Г) Робот жасау, қара металлургия
46. «Конкорд» зауыты орналасқан мемлекет
А) Қытай
Б) Франция
В) Жапония
Г) Ұлыбритания
46. Дүние жүзі бойынша жүгері өсіруден көрнекті орын алатын мемлекет
A) Мексика
Б) Аргентина
В) АҚШ
Г) Австралия
47. Әлемдегі ірі авиалайнер “Боинг-747” шығаратын компания орналасқан ел
A) Жапония
Б) АҚШ
В) Германия
Г) Франция
48. Құрғақ ауаның газдық құрамы:
A) 71% азот,28% оттегі
Б) 28% азот,71% оттегі
В) 21% азот,78% оттегі
Г) 78% азот,21% оттегі
49. Ресейдің мұнай-газ өндіретін экономикалық ауданы:
A) Солтүстік
Б) Солтүстік Батыс
В) Волга-Вятка
Г) Батыс Сібір
50. Беларусь Республикасының машина жасау өнеркәсібі маманданған
А) Радиоэлектроникаға
Б) Ауыл шаруашылығы машиналары және трактор жасауға
В) Автомобиль жасауға
Г) Электрондық есептеу машиналарын жасауға
Негізгі әдебиеттер және оқу құралдарының тізбегі:
1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.
2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.
3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Жер және адамзат: Ғаламдық проблемалар – М. Мысль, 1985 – кіріспе
2.В.П. Максаковский, Дүние жүзіндегі жаңалықтар: цифрлар мен дерктер: «Дүние жұзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқулығына қосымша тарулар.
3.Земля и человечество: Глобальные проблемы. Серия «Страны и народы» - М. Мысль, 1985 ж.
4.Страны, хозяйство, люди: Книга для чтения учащихся. Автор Кузнецов А.П., Бромлей Ю.В., Подольный Р.Г., Человечество – это народ. – М. Мысль, 1990 ж.
5.Вавилов Н.И. Пять континентов – М. Мысль, 1987 ж.
6.Залогин Б.С. Океан человеку – М. Мысль 1985 ж.
7.Современные Соедтненные Штаты Америки: Энциклопедический словарь. М. Политиздат.
8. Зарубежная Европа «Серия. Страны и народы»., - М. Мысль.
9.Зарубежная Азия «Серия. Страны и народы»., - М. Мысль.
Дайындаған: География пәні оқытушысы Бекбосынова А.О.
Достарыңызбен бөлісу: |