Бақылау сұрақ-тапсырмалары:
1.Мемлекеттердің басқару формалары?
2. Республикалық басқару түрі?
3. Халықаралық ұйымдардың түрі?
Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.
2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.
3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.
Сабақ №3
Сабақ түрі:лекция
Лекция№3
Тақырыбы: Халық-әлеуметтік экономикалық географияның зерттеу аясы.
Сабақтың жоспары:
1. Халықтың таралуы.
2.Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы
3.Дүние жүзі халықтарының діни құрамы.
Сабақтың мазмұны:
1. Халықтың таралуы. Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм" бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді үстанатын "полигенизм" бағыты бар. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. XX ғасырдың 70-жылдарында Кения азаматтары болып есептелетін әйгілі ғалымдар Луис және Мэри Лики Танзанияның солтүстігіндегі Олдувай шатқалынан өздері зинджантроп деп атаған ежелгі адамның қаңқасын тапты. Оның жасы шамамен, 1,7 млн жыл деп анықталды. Кейінгі археологиялық қазба жұмыстары барысында Рудольф көлінің шығыс жағалауынан табылған қаңқалар адамның ата- тегінің одан да ерте (шамамен 5 млн жыл бұрын) пайда болғанын дәлелдеді. Осы зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар адамзаттың пайда болған орны Шығыс Африка болған деген қорытындыға келді. Дегенмен полигенизм бағытын ұстанған ғалымдар адамзаттың әр нәсілдің жеке дүние бөлігінде дербес пайда болып, дамығаны туралы болжамдар келтіреді. Саналы адам (Homo sapiens) осыдан, шамамен, 50—100 мың жылдай бұрын пайда болған. (Адамның ататегінің даму сатылары туралы биология сабақтарынан алған білімдеріңді еске түсіріңдер.) Ғалымдардың көпшілігі алғашқы адамдар палеолиттің соңында Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға, кейіннен Азиядан Америка мен Аустралияға, одан соң Мұхит аралдарына таралған деп есептейді Уақыт өте келе, қоршаған орта жағдайларына бейімделу нөтижесінде дүние бөліктерінде тіршілік ететін адамдар әзіндік антропологиялық ерекшеліктерге ие болды.
2.Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы. Жер шары халқын қандай принцип негізінде топтастырады? Адамзат қандай нәсілдерге жіктеледі? Нәсілдер арасындағы айырмашылықтар немен түсіндіріледі?
Нәсілдік құрамы. Сендер географияның бастапқы курстарында нәсілдер мен олардың Жер шарында таралу ерекшеліктерімен танысқан болатынсыңдар. Жалпы алғанда,нәсілдер — адамдардың сыртқы бет-бейнесінің ұқсас белгілері (түсі, шашының сипаты, бет өлпеті, бас сүйегінің пішіні, дене тұрқы және т.б.) бойынша біріктірілетін топтары. Антропологиялык белгілер ұзак уақыт бойы белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу нөтижесінде қалыптасқан. Нәсілдік белгілерге әлеуметтік-экономикалық жағдайлар да әсер етуі мүмкін, соңғы 30 жыл ішінде халықтың әл-ауқатының жақсаруы нөтижесінде жапондыктардың бойы орташа есеппен 10 см-ге ұзарған. Жер шары халқы негізінен үш үлкен нәсілге (еуропальщ, моңғол тектес жөне экваторлық) жатады. Кейбір ғалымдар экваторлық нәсіл құрамындағы африкалық және аустралиялық нәсіл топтарын жеке нәсілдер ретінде қарастырады. Негізгі нәсілдердің үлесіне дүниежүзі халқының 70%-ға жуығы тиесілі. Нәсілдер аумақтық ерекшеліктеріне байланысты нәсіл тармақтарьіна ажыратылады. Дүниежүзіне кеңінен таралған еуропалык нөсілдің солтүстік тармағын Еуропаның солтүстігі мен орта бөлігінің түрғындары күраса, оңтүстік тармағына бүл нөсілдің Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка, Алдыңғы Азия жэнө Солтүстік Үндістандағы өкілдері енеді.
Тарихи-географиялық жағдайларға байланысты нәсілдер арасында араласу болған. Ұзақ уақыт бойы нәсілдердің қарқынды байланыс жасауы нәтижесінде айрықша аралық және аралас нәсіл топтары қалыптасқан. Олар дүниежүзі халқының 30%-ын құрайды. Аралық нәсіл топтары ертеректе үлкен нәсілдердің түйісу аймақтарында қалыптасқан. Мысалы, еуропалық нәсілдің оңтүстік тармағы мен африкалықтардың аралығында бет-әлпеті мен бас сүйегі еуропалықтарға, ал түсі мен шашы қара нәсіл өкілдеріне ұқсайтын эфиоптар пайда болған. Мадагаскарлықтар, полинезиялықтар мен меланезиялықтар да аралық нәсіл тобының өкілдері болып табылады. Кейбір зерттеушілер қазақтарда еуропалық және моңғол тектес нәсілдердің белгілері қатар кездесетінін атап көрсетеді.
Аралас нәсіл топтары әртүрлі нәсілдердің кейінгі уақытта (XVI—XVIII ғғ. және одан кейін) араласуы нәтижесінде қалыптасқан. Аралас нәсіл топтары, әсіресе Латын Америкасында кеңінен таралған. Мысалы, азиялық нәсіл өкілдері болып табылатын жергілікті үндістер мен келімсек еуропалықтардың некесінен метистер, Африкадан зорлықпен құлдыққа әкелінген қара нәсіл өкілдерінің еуропалықтармен араласуынан мулаттар, ал үндістермен араласуынан самболар қалыптасқан. Осының нәтижесінде Латын Америкасы елдерінің нәсілдік қурамы күрделі. Мысалы, Бразилия халқының 54%-ын еуропалықтар, 22%-ын мулаттар, 12%-ын метистер, 11%-ын қара нәсіл өкілдері құрайды. Қазіргі кезде Мексика мен Венесуэлада метистер, Бразилия мен Кубада мулаттар көп тұрады. Сыртқы айырмашылықтары болганымен, нәсілдердің биологиялық жөне әлеуметтік-мәдени тұрғыдан алғанда тең екендігі ғылым жүзінде дәлелденген. Сондықтан ақыл-ойы жоғары немесе төмен нөсілдер болатындыры жөніндегі нәсілиіілдік көзқарастар негізсіз болып табылады. Дегенмен өлі күнге дейін кейбір елдерде нөсілдік кемсітушілік жағдайлары кездеседі.
3.Дүние жүзі халықтарының діни құрамы. Ең үлкен, бірақ басым түспейтін дін Христиандық (жалпы халықтың33.0 %) болып табылады.
Жер халқының бесінші бөлігі Исламды (Жер халқының 19.6 %) уағыздайды.
13.4 % Индуизм.
6.4 % Кытай этникалық діні.
5.9 % Буддистер.
3.6 % Этникалық діндер.
1.7 % Жаңа азия діндері.
Бір пайыздан азды мынадай діни топтар құрайды
Сикхисттер (Sikhs) — 23 млн. адам, шамамен 0.3 %.
Иудаисттер — 14 млн. адам, шамамен 0.2 %.
Бахаисттер — 7 млн. адам, шамамен 0.1 %.
Әр діннің әрбірі орташа еуропа елінің халқына сәйкеседі немесе асады. Мысалы иудаистер орташа бір жарым есе Австрия, Греция немесе Португалия елдерінің халқынан асады. Діни өмір жиегінде квази-діндер жатыр- 80 млн., шамамен Жер халқының 1.4 %.
Діннен тыс Жер халқының 12.7 % жатыр. Ешбір дінді уағыздамайтын адамдарды атеистер деп атауға болмайды. Діннен тыс адамдар дін саласынан тыс болмауы да мүмкін. Бұл топқа түрлі себептермен өздерін қандай да бір конфессия мүшелеріне жатқызбайтын және өзінің діни тағылымы мен өзінің діни қатынастарын дәл анықтай алмайтын адамдар кіреді. Осы топқа діннен тыс және тұтас дін саласынан тыс адамдар кіруі мүмкін. Олар үшін дін жоқ, себебі діншілдік жоқ. Діннен тыс халыққа дінге қарсы тек — атеизм (жер халқының 2.5 %) жатады. Барлық дінге қарсы шыға отырып олар діни сенімнің көптеген белгілеріне ие. Атеизм жоқтыққа, дін барға сенеді.
Діннен тыстар мен атеистер бірлесіп Жер халқының 15.2 % құрайды.
Діндерді құрлықтар бойынша тарату: (дін уағыздаушылар санынан %)
Христиандар:Африка — 18 %, Азия — 15.6%, Еуропа — 28 %, Латын Америкасы — 24 %, Солтүстік Америка — 13 %, Мұхит аралдары — 1.3 %
Мусульмандар: Африка — 26.7 %, Азия — 70 %, Еуропа — 2.7 %, Латын Америкасы — 0.14 %, Солтүстік Америка — 0.37 %, Мұхит аралдары — 0.03 %
Индуисттер:Африка — 0.3 %, Азия — 99 %, Еуропа — 0.2 %, Латын Америкасы — 0.1 %, Солтүстік Америка — 0.2 %, Мұхит аралдары — 0.04 %.
Діннен тыстар мен атеисттер:Африка — 0.6 %, Азия — 79.5 %, Еуропа — 14%, Латын Америкасы — 2.0 %, Солтүстік Америка — 3.3 %, Мұхит аралдары — 0.4 % [6].
2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында өткен халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 70 пайыз мұсылман, 2,8 пайыз атеист, 26 пайыз христиан тұратыны мәлім болды. Бұл туралы Қазақстанның статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Ә.Смаилов хабарлаған. (ИА Новости-Казахстан). Негізінде дін адамзатты ізгілікке тәрбиелеп, елді ұйыту негізінде пайда болған. Ал діни ағымдар ше? Олардың мақсаты «Жеріңді жаулап, еліңді күң қылып аламын» дегеннің кері. Дүние жүзілік діндер, олардың тарихы туралы не білеміз? Қазақтың дәстүрлі діні дегенді қалай түсіну қажет? Ойымызды осы мәселелер төңірегінде өрбітсек…
Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.
Мысалы, 1969 жылы Америка Құрама Штаттары арақты харам еткен заң шығарады. Оны iшетiндердің мал-мүлiктерiн тәркiлеп, алты ай абақты жазасы белгiлендi. Әйтсе де, заңды орындауға, оны қысқа мерзiмде iске асыруға мүмкіншілік болмады. Бiрiншiден, қоғамдағы адамдарды түгелдей абақтыға жауып, дүниелерін түгелдей тәркілеу қажет еді. Ал олай жасалмаған жағдайда заңның күшін жою керек болды. Әрине заңның күші жойылды. Осындай жағдай 1400 жыл бұрын Араб түбегінде орын алған. Онда арақтан тыйылу Алланың бір-ақ сөзімен іске асты. Ол – Алланың: «Сендер тоқталасыңдар ма, жоқ па?» – деген бұйрықты сұрағы еді. Арақтан тыйылу әлеуметтік қажеттілік деп шешті де, жауап қатты: «Біз тоқталдық, ей иеміз…» – деп ыдыстағы арақтар түгелдей жерге төгілді. Сол кезде төгілген арақтан көшелер шылқып кетті. Міне, мұсылмандар арасында арақ ішу осыдан бастап тоқталды. Демек, арақты харам етіп заң шығарудан ештеңе шықпай, Алла тағаланың өзі берген тыйымды, шапағатты жол адамның жүрегімен астаса жұмыс істегенде ғана нәтижесін көрсетті. Бұл мысалдан діннің мемлекеттік саясатқа әсерін де көре аламыз. Негізінен мемлекетте қай дін «ресми» дін ретінде мойындалса, мемлекеттік саясат соның ыңғайына құрылады. Зиянды ағымдардың өз үстемдігін орнатуға барынша ұмтылу себебі сонда жатыр. Діннің құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек: Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек», – деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен.
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:
1. Дүние жүзі халықтарының діни құрамы?
2. Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы?
3.Полигенизм және моногинезм бағыттары?
Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.
2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.
3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.
Сабақ №4
Сабақ түрі: лекция
Лекция №4
Тақырыбы: Халықтың саны, ұдайы өсуі
Сабақтың жоспары:
1. Дүниежүзі халқының саны.
2.Халық санының ұдайы өсуі.
3. Халық санағы.
Сабақтың мазмұны:
1. Дүниежүзі халқының саны. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәуелділігімен , жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси алғышарттар, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.
Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына елдегі экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш тарихи кезеңдерде үлкен өзгерістерге ұшырап отырған.
Жеке елдердегі адамның өмір жасынын орташа ұзақтығы 25—30 жыл өмір сүрсе, XX ғасырдың орта шенінде дүниежүзі бойынша бұл көрсеткіш 46 жасқа, ал 2008 жылы 68 жасқа жетті. Қазақстан Республикасында адамның өмір жасының орташа ұзақтығы 67 жасқа тең: әйелдерде — 72, ер адамдар үшін 61 жасты құрайды. Қазіргі кезде өмір жасының орташа ұзақтығы женінен андорралықтар алдыңғы орында болса, Африканың мешеу елдерінде бұл көрсеткіш өте төмен.
2.Халық санының ұдайы өсуі . Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.
Ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткішінің жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жқұпалы аурулардың кең тарауымен түсіндіріледі. Бұл елдерде табиғат апаттары мен апштық нәтижесінде халық санының күрт қысқаруы да байқалады. Мысалы, 1984—1985 жылдарда болған құрғақшылық нәтижесінде Эфиопияда аштықтан миллиондаған адам қайтыс болды. Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр. Ұдайы өсудің үшінші — казіргі типі демографиялық көрсеткіштердің төмендігімен сипатталады. Германия мен Швецияда өлгендер саны туғандар санынан артық, халық санының аздап өсуі тек сырттан келгендер есебінен өсуде.
3. Халық санағы. Халық саны туралы нақты ақпарат ұйымдасқан түрде жүргізілетін халық санақтары нәтижесінде ғана белгілі болатындықтан, ерте кезеңдердегі ғана емес, тіпті орта ғасырлардағы адам саны жөніндегі мәліметтер де тек шамамен алынады. Ғалымдар 15 мың жыл бұрын ғаламшарымыздың тұрғындарының саны 3 млн адамнан аспаған деп шамалайды.
Мемлекеттің әскери және салық саясатына орай, алғашқы халық санақтары б.з.д. III мыңжылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте жүргізілген. Жан-жақты сипат алған халық санақтары XVIII ғасырдан бастап жекелеген мемлекеттерде (Австрия-Венгрия, Скандинавия елдері, АҚШ) жүргізіле бастады. Ал XIX ғасырда еуропалық елдер мен Ресей империясының, Үндістан мен Латын Америкасындағы кейбір елдердің халық саны жөнінде ресми мәліметтер алынды. XX ғасырда барлық елдерде дерлік халық санағы жүргізілді: көптеген Азия елдерінде алғашқы санақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өткізілді. 1950 жылы дүниежүзі халқының шамамен 80%-ы халық санағына қамтылды. Африка елдерінде халық санағы 1950 жылдарда халықаралық ұйымдар арнайы бөлген қаржының көмегімен жүзеге асты. Қаржы тапшылығынан мешеу елдердің кейбірінде сол кезеңнен бері санақ жүргізілмеген. Мысалы, алғашқы халық санағы Ауғанстанда 1979 жылы, Оманда 1993 жылы өткізілген. Соның нәтижесінде XX ғасырдың соңына қарай Жер шары халқы түгелімен дерлік ресми халық санағына қамтылған. БҰҰ ел ішінде халық санағын әрбір он жыл сайын өткізіп тұруды ұсынды, бірақ бұл шараны аталған мерзімде қаржы қоры жеткілікті елдер ғана жүзеге асыра алады. Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әрбір он жыл сайын өткізіліп тұрған, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі халық санағы 1999 жылы өтті. Кезекті халық санағы 2009 жылы өткізілді. 2009 жылғы хальық санағы бойынша еліміздегі халық саны 16 млн 196 мың 180 адамға жетті. Жалпы алғанда, дамушы елдерде қаржының жетіспеуі, елдін ішкері аудандарында жол қатынасының қиындығы, жергілікті халықтың сауатсыздығы бұл елдердегі халық саны жөнінде нақты мәліметтер жинақтауға бөгет болады. Сонымен қатар дамушы елдер де ресми мәліметтердің іс жүзіндегі халық санынан улкен ауытқушылық жасауы да жиі ұшырасады.
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:
Демографиялық жарылыс деп нені атаймыз?
Халық санының ұдайы өсуіне тән белгілер?
Қазақстанда ең алғашқы халық санағы өткізілген жыл?
Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.
2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.
3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.
Сабақ №5
Сабақ түрі: семинар сабақ
Лекция № 5
Тақырыбы: Халықтың қоныстануы, көшіп-қонуы
Сабақ жоспары:
1.Халықтың қоныстануы.
2.Көші-қон.
3.Урбандалу.
Сабақтың мазмұны:
1.Халықтың қоныстануы — халықтың аумақ бойынша бөлінуі және қайта бөліну үдерісі мен оның нәтижесіндегі қоныстар желісі. Халықтың қоныстануы ұғымы халықтың орналасуын, елді мекендердің атқарымдық аумақтық өзара байланыстарын, халықтың көші-қонын (қоныс аударуын, маусымдық және қатынамалы көші-қонын) қамтиды. Халықтың қоныстануы — күрделі әлеуметтік-экономикалық үдеріс, сондықтан ол социологияның, демографияның, халық географиясының, этнографияның, қала құрылысының, басқа да ғылымдардың тақырыбы болып табылады. Социология Халықтың қоныстануын қоғамды ұйымдастырудың кеңістікті нысаны ретінде зерттейді. Демография халықтың тіршілік ету аумағы бойынша бөлінуі және қайта бөлінуі үдерісін зерделейді. География Халықтың қоныстануын табиғат ортасымен ықпалдастықта қарастырады; халық бұл орайда қоныстардың белгілі бір экон.-геогр. параметрлері бар желілерінің қалыптасуының аса маңызды факторы ретінде зерттеледі. Тарихи-геогр. көзқарас адамның қоныстарды игеру тарихын қадағалауға мүмкіндік береді. Халықтың қоныстануының халықтардың рухани және материалдық мәдениетінің қалыптасуына және бір-біріне дендеп енуіне ықпал етуін этнография зерделейді. Қала құрылысы тәсілі аумағы әр түрлі елді мекендердің орналасуын және өндіріс орындарына, көлік жолдарына, табиғат ортасына және бір-біріне қатынасы бойынша атқарымдық тұрпатын, халықтың елді мекендердің ішінде еңбек ететін жерлеріне, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына, демалыс аймақтарына және қала құрылысының басқа да элементтеріне қарай бөлінуін зерттеу кезінде қолданылады. Халықтың қоныстануының басты заңдылығы — қоныстану нысандарының экономиканың даму деңгейіне сай келуі. Алғашқы қауымдық қоғамға аумақтарға қоныс тебудің баяу жүруі тән. Бұл орайда қоғамның әрбір мүшесі үшін біршама көп жерді пайдалану қажет болды, мұның өзі өндіргіш күштердің төмен деңгейде дамуына сай келді. Осыған байланысты алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі Халықтың қоныстануы көбінесе көшпелі нысандардың басым болып келуімен сипатталады. Егіншілікке көшу нәтижесінде жер-жерге бекітілген қоныстардың желілері қалыптасты. Алғашқы мемл. құрылымдарда қоғамдық еңбек бөлінісінің дамып, тереңдеуіне байланысты қалалық қоныстардың желісі қалыптаса бастады. Халықтың көшіп-қонуының күшеюіне қарамастан бұл дәуірде Халықтың қоныстануы аумақтарда әркелкілі сипатта болды. Халық біршама жиі қоныстанған аймақтарға қарағанда тым сирек қоныстанған және қоныстанбаған ұлан-ғайыр кеңістіктер көп болды. Индустр. қазіргі қоғамға Халықтың қоныстануының урбанизацияланған тұрпаты тән: өндіргіш күштер (соның ішінде халық та) бұған дейін болып көрмеген дәрежеде қалаларға шоғырланды, қала агломерациялары, урбанизацияланған аудандар қалыптасты, халықтың аумақтарда, тіпті ұлттық деңгейде ғана емес, еларалық деңгейде де көшіп-қонуы күрт көбейді; ауыл халқының үлесі төмендеді. Ел аумағында Халықтың қоныстануы үдерісінің дамуын айқындайтын факторлардың жиынтығы үлкен үш топқа бөлінеді. 1) Әлеум.-экон. факторлар: даму деңгейі және өткен кезеңдерде қалыптасқан экономика салаларының орналасуы, халық табысының деңгейіндегі аймақтық айырмашылықтар, күрделі жұмсалымдарды бөлу, көлікпен қамтамасыз ету, т.б. 2) Табиғат факторлары: климат, жер бедері, топырақ, басқа да табиғат ресурстары. Экономиканың даму деңгейі жоғары болған сайын табиғат факторларына тәуелділік те азаяды. Алайда олар Халықтың қоныстануында үлкен рөл атқара береді. 3) Демогр. факторлар тобына ең алдымен миграц. үдерістердің аймақтық айырмашылықтары, сондай-ақ халықтың өсіп-өну үдерістерінің қарқындылығындағы айырмашылықтар жатады. Нақты өмір шындығында осы негізгі факторларды кешенді түрде алып қарағанда ғана Халықтың қоныстануының дамуы туралы жеткілікті дәрежеде толық түсінік алуға болады. Экономика құрылымындағы өзгерістерге байланысты Халықтың қоныстануының табиғат ресурстарына тәуелділігі азаяды. Азия, Африка және Латын Америкасы 4 бөлігінен астамы тұрады. БҰҰ болжамы бойынша 2000 ж. қарсаңында бұл елдерде әлемдегі халықтың 81,6%-ы, Солт. Америка, Еуропа және ТМД елдерінде 18,4%-ы ғана тұрады. Қазақстан әлемдегі халық ең аз қоныстанған елдердің біріне жатады. 2006 жылдың басында республикада 1 км2 аумаққа халықтың тығызд. 5,2 адамнан келді. Халық ең көп шоғырланған аумақ Оңт. Қазақстан обл-нда 19,0 адамнан. Одан кейінгі орындарелдерінің халқы тез көбейіп келеді, оларды жер шары халқының 3 Алматы (7,2), Жамбыл (6,9), Солтүстік Қазақстан (6,8) облыстарының үлесінде. Халық ең аз шоғырланған аумақтарға Қызылорда (2,7), Ақтөбе (2,3), Маңғыстау (2,3) облыстары жатады. Қазақстандағы қала халқының саны 8,7 млн-ға жуықтады (57,1%), ал ауыл тұрғындарының саны 6,5 млн-нан асты (42,9%).
2.Көші-қон. Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Халықтың көші-қоны себептеріне қарай жіктеу де аса маңызды. Келесідей себептер анықталады: экономикалық, әлеуметтік,әскери, демографиялық (отбасы бірлесуі, некелік миграция), мәдени, саяси, діни және этникалық.
Эмиграция (елден кету) – өз еліңдегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.Адамдардың Эмиграцияға кетуінің түрлі себептері бар. Соғыстар, этн. қайшылықтар, экон. дағдарыс, экол. техногендік апаттар, революциялар мен радикалды өзгерістер Эмиграцияға себебі болуы ықтимал. Мыс.: Қазақстандағы зорлықпен ұжымдастыру және сталиндік қуғын-сүргін саясаты салдарынан 2 млн-нан астам қазақ қырылса, 1,5 млн-нан астамы еріксіз эмигрант болды. Кеңес үкіметі бос қалған қазақ жеріне Ресейдің ішкі аймақтарынан халықты миграцияға тартты. Бір мемлекеттің шеңберіндегі халықтың көшіп-қонуы миграция болса, халықар. және мемлекетаралық көшіп-қонуы Эмиграцияға болып саналады.
Иммиграция (латынша іm-mіgrare – көшіп келу) – қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге) тұру үшін көшіп келуі. Иммиграция субъектілері: шетелдіктер – басқа мемлекеттердің азаматтары, қос азаматтығы бар адамдар, азаматтығы жоқ адамдар, олардың отбасылары немесе қоныс аударуға тілек білдіруші ұжымдық қоғамдастықтар.
Депопуляция - белгілі бір аумақта халықтың азаюы немесе мүлде жойылуы. Туудың азайып, өлім-жітімнің көбеюі. Депопуляция адам санын өзгертеді, сондықтан, бұл саяси және экономикалық мәселелер тудырады. Депопуляция — адам санының немесе жануарлар дүниесінің азаюы. Өсімдіктер депопоуляциясы олардың сиреуімен түсіндіріледі. Адамдардың азаю белгілері қазірдің өзінде көптеген дамыған капиталистік елдерде байқалады. Мысалы, әлемдегі 6,2 млрд халық 2005 жылға қарай 8,2 млрд-қа өскен, ал Бельгия халқы 10 млн-нан, шамамен, 8 млн-ға кемімек. Мұндай үрдіс көршілес Ресейде де байқалады.
Диаспора (гр. шашыраңқы) - әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі.Диаспора ұлттық шығарып жіберу, геноцид қаупі және т.б. факторлар әсерімен пайда болады. Диаспора өзі тұрып жатқан елде аз этностық топ болып табылады да, әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыста болуға тырысады.
Диаспоралардың бес түрі анықталган, олар мына жағдайлардың нәтижесінде қалыптасады:
туған жерінде қудалауға ұшырап, күш қолданылуы салдарынан туған мәжбүрлік (еврей, армян, ирланд, ресей, қазақ, т.б.);
отарлық көші-қон салдары (британ, неміс, португал, испан, орыс);
еңбек миграциясы (қытай, итальян, үнді және т.б.);
кәсіби (бизнес, сауда), миграция (жапон, қытай, ливия және т.б.);
"мәдени" миграция (латынамерикандық, үнділік, қытай).
Бүгінгі таңда 40 мемлекетте 5 миллионға жуық қазақ диаспорасы тұрып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |