ОӘке 042 14-3-04 12 Басылым №1


Шаруашылық серіктестіктер



бет2/14
Дата08.07.2017
өлшемі2,19 Mb.
#20785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Шаруашылық серіктестіктер.

Шаруашылық серіктестіктер – белгілі бір мақсаттарға жету мақсатымен кәсіпкерлердің бірігуін айтады. Екі не одан көп қатусышысы болу керек. Табыс енгізген капитал үлесіне сәйкес бөлінеді. Барлық серіктестер ұйымның жұмысына міндетті түрде қатысу керек. Жалданды еңбек қолдана алады. Екі түрі бар:

  1. Толық серіктестік. Оның мүшелері кәсіпорын қарыздары үшін бүкіл мүлігімен жауап беруге тиіс. Сондықтан да бұл ең сенімді ұйымның түрі. Әр серіктес ұйым атынан басқалардың келісімінсіз қызмет ете алады.

  2. Коммандитті серіктестіктер. Мұнда толық серіктестермен бірге жай салымшылар коммандитисттер бола алады. Коммандитисттер компанияны басқаруға қатыспайды, тек енгізген капиталдан процент түрінде пайда алады.
  1. Шаруашылық қоғамдар.

Шаруашылық қоғам – коммерциялық мақсаттарға байланысты капиталдардың бірігуі. Міндетті түрде жарғысы және құрылтай келісім шарты болу керек. Қоғамның жұмысына қатыспауға да болады. Түрлері:

  1. ЖШҚ – Жауапкершілігі шектелген қоғамдар: Мүшелердің жауапкершілігі олардың салымдар мөлшерімен ғана шектелген. Қатысушылар саны шектелмеген. Ең сенімсіз кәсіпорын формасы.

  2. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам: мүшелері қоғам қарыздары бойынша бүкіл мүлігімен өз салым үлесіне пропорционалды жауап береді.

  3. АҚ: Жарғылық капитал бірдей үлестерге – акцияларға бөлінеді. Түрлері:

  • ЖАҚ: Акциялар акционерлердің көпшілігі берген рұқсатымен ғана сатылады. Қоғам мүшелері арасында ғана қолданылады.

  • ААҚ: акциялар еркін сатылады.
  1. Өндірістік кооперативтер

– бұл бірлескен өндірістік және шаруашылық қызмет жүргізу мақсатымен адамдардың бірігуі. Әр құрылтайшы кооператив жұмысына тікелей еңбек ету қажет. Жалданды еңбек қолдануға тыйым салынады. Табыс істеген еңбек үлесіне қарай бөлінеді. Жауапкершілік – берген салым (пай) мөлшерінде.
  1. Унитарлы кәсіпорын.

Мұнда мүлікке меншік құқығы болмайды, барлық қызметкерлер жалданды болады.

Екі түрі бар:



  • Шаруашылық жүргізу құқығы бар: кәсіпорын қарыздары бойынша мемлекет жауап береді.

  • Оперативты басқару құқығы бар: (қазыналық кәсіпорындар) тек мемлекет ие болады (мысалы қорғаныс өнеркәсібі).

Кәсіпорындар ұйымдарға біріге алады:

Ұйымдардың келесі түрлері болады:



  1. Корпорация – акционерлік қоғам, жалпы мақсаттарға жету үшін бірнеше кәсіпорындардың бірігуі, кіретін кәсіпорын қарыздары үшін жауап береді.

  2. Концерн – келісімдік монополиялық бірлестік, шоғырландыру, кооперациялау, мамандану және интеграциялау артықшылықтарын қолданады. Ең ірі кәсіпорын түрі.

  3. Консорциум – ірі экономикалық бағдарламаны орындау үшін кәсіпорындардың уақытша бірігуі.

  4. Картель – нарықтарды бөлу, баға деңгейі, өнім өңдіру үлесі, төлем жасау мерзімдері және т.б. бойынша жасалынған келісім.

  5. Трест – кәсіпорындар өз дербестігінен толығымен айрылады, бір орталыққа бағынады.

  6. Синдикат – жабдықтау және өткізу сұрақтары бойынша қызметті жетілдіру мақсатымен ерікті түрде бірігу түрі.

  7. Холдинг – акционерлік қоғам түрі, өз капиталын басқа компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алу үшін қолданады және оларға басқару жүргізеді.

  8. Қаржылы-өнеркәсіптік топтарірі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мақсатымен өз активтерін біріккен заңды тұлғалар жиынтығы.




  • Тақырып 2. Қазақстанның көлiк және коммуникация кешенi

  • Көлiк қатынасы республика аудандары арасындағы өндiрiстiк байланысты, өнiм алмасуды және сыртқы сауданы қамтамасыз етедi. Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы сияқты көлiк өнiм өндiрмейдi. Бiрақ жүк пен жолаушы тек көлiк көмегiмен ғана қозғалысқа келедi. Сондықтан жүк пен жолаушының көлiк арқылы қозғалысын оның шығаратын өнiмiне тең деп есептеп, көлiктi материалдық, өндiрiстiк салаға жатқызады.

Көлiк елiмiздiң әр түрлi аудандары мен тұтынушылар арасындағы өнiм алмасуын қамтамасыз етiп, аумақтық еңбек бөлiнiсiн қалыптастырып, елдер мен аудандар шаруашылығының мамандануын тереңдетедi.

Көлiк және коммуникация кешенiнiң негiзгi мiндетi - шаруашылық пен халықтың жүк пен жолаушы тасымалдау жөнiндегi қажетiн толық қанағаттандырып, түрлi аудандар арасындағы байланысты қамтамасыз ету.

Қазақстанның көлiк және коммуникация кешенiн (ККК) темiр жол, автомобиль, әуе, су көлiктерi және телекоммуникация құрайды. Кешеннiң құрамына ондаған iрi мемелекеттiк және жеке меншiк iрi кәсiпорындар кiредi.

Оған iрi мемлекеттiк мынадай iрi кәсiпорындарды республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (РМК) “Қазақстан темiр жолы”, мемлекеттiк кәсiпорын “Казахавтодор”, жабық акционерлiк қоғам “Эйр Қазақстан”, РМК “Казаэроавиация”, Астана және Алматы аэропорттары, Ақтау теңiз сауда порты, акционерлiк қоғам “Казпочта”, ашық акционерлiк қоғам “Казахтелеком” және басқаларын жатқызуға болады. Көлiк - коммуникация кешенiнде 420 мыңға тарта адам еңбек етедi, Қазақстанның әр-бiр он адамға жуығы осы кешенге тiкелей немесе жанама қатынасы бар.

Республикамызда Едiл бойы, Орал, Орталық Азия және Батыс Сiбiр сияқты iрi экономикалық аудандарды жалғастыратын қатынас жолдары өтедi. Қазақстанның көлiк көршi аудандарға ғана емес, аудан аралық, республика iшiндегi және алыс шетелдермен арадағы халықаралық байланыстарды қамтамасыз ететiн аумақтық-өндiрiстiк байланыстарды да жүзеге асыруы тиiстi. Ол үшiн көлiк түрлерiнiң бiр-бiрiмен келiсiмдi жұмыс iстеуiнiң маңызы зор. Көлiкпен тасылатын жүктерге көмiр, мұнай, қара және түстi металдар, құрылыс материалдары, астық пен ағаш жатады.

Жалпы көлiк жүк айналымының 79%-ы темiр жолға, 5%-ы автомобиль көлiгiна келсе, ал қалған 4%-ы көлiктiң басқа түрлерiне келедi. Бұған қарағанда Қазақстанның көлiгiнде жетекшi орынды темiр жол көлiгi алатындығын көруге болады.

Кең-байтақ Қазақстан үшiн темiр жол көлiгiнiң басты түрi бола отырып, жүк айналымының 79%-ын, қамтып, жолаушы жүк тасымалының 56% - ын құрайды.

Революцияға дейiн Қазақстан темiр жолының ұзындығы 2000 шақырым болып, Ұлы Сiбiр магистралы оның Солтүстiк жиегiнен Петропавл қаласы арқылы өттi. Ал оның батысында Орынбор – Ташкент темiр жолы 1905—1907 жылдары салынды. Қазiргi Қазақстан темiр жолдарының ұзындығы 13,4 мың шақырымнан асып ТМД-да Ресей, Украинадан кейiнгi үшiншi орынды алып отыр. Қазақстан темiр жол магистралының әр 1000 мың шақырым жерге жиiлiгi 5,3 шақырым.

Көлiктiң әр түрiне тән өзiндiк ерекшелiктерi бар. Темiр жолды кез келген бағытта салуға болады, оған елiмiздiң жер бедерi қолайлы. Темiр жол көлiгi климат жағдайына қарамай жыл бойы үздiксiз жұмыс iстейдi. Жүк пен жолаушыны алыс қашықтыққа жеткiзедi.

Кеңес жылдарында елiмiздiң бүкiл аумағында темiр жол жүйелерi тартылды. Мұндай негiзгi магистралдардан республиканың iшкi өнеркәсiптi аудандарына, пайдалы қазбалар мен кен орындарына қысқа жолдар салынып, олар өнеркәсiп тораптарын, ауыл шаруашылық аудандарын бiр-бiрiмен байланыстырды. Жаңа темiр жолдардың салынуы елiмiздiң табиғат байлықтарын игеру, экономикасын көтеруге бағытталды.

Елiмiз аумағындағы темiр жолдардың iшiнде республика аралық маңызы бар меридиандық бағыттағы үш магистралды атауға болады.

Елiмiздiң батыс аудандары арқылы өтетiн ескi темiр жолдың бiрi Орынбор -Ташкент темiр жолы. Ол Қазақстанның батыс және оңтүстiк аудандарын байланыстырып, бұл аймақтың табиғат байлықтарын игеру, шаруашылық салаларын қалыптастырып, дамытуда маңызы зор болды. Сонымен бiрге Қазақстан аумағы арқылы Ресейдiң Еуропалық бөлiгi аудандары, Украина мен Орталық Азия елдерiнiң байланысы жүзеге асады. Қазақстанның iшкi жүк тасымалында көмiр, мұнай, оның өнiмдерi елеулi орын алады.

Қазақстанның солтүстiк - шығысынан оңтүстiк - батысына қарай Семей - Алматы - Луговой - Тараз - Шымкент - Арыс темiр жолы өтiп, оның Луговой - Семей арасындағы бөлiгiн Түркiстан - Сiбiр (Түрксiб) темiр жолы деп атайды. Бұл темiр жол магисталы 1930 жылдары салынып, оның құрылысына алғашқы рет қазақ жұмысшылары қатысты. Түрксiбтiң салынуы Кендi Алтай мен Жоңғар Алатауында энергияны көп қажет ететiн түстi металлургияның дамуы, Қаратаудың фосфоритiн игеру, соның негiзiнде Жамбыл - Қаратау аумақтық-өндiрiстiк кешенiнiң қалыптасуына зор үлестерiн тигiздi. Сонымен бiрге темiр жол желiсi бойындағы ескi iрi қалалардың онан әрi дамуына мүмкiндiк бердi. Түрксiбтен Локоть станциясы арқылы Өскемен, ал одан Риддер мен Зырянға тармақ тартылған.

Қазақстанның орталық бөлiгi арқылы солтүстіктен оңтүстiкке қарай елiмiздiң солтүстiк, орталық және оңтүстiк аудандарын байланыстырып, Трансқазақстан деп аталынатын Петропавл - Ақмола - Қарағанды - Мойынты - Шу темiр жолы тартылды. Бұл негiзгi магистральдан Орталық Қазақстанның iшкi аудандарын, яғни Жарық станциясы арқылы Жезқазғанға, Мойынты


Тақырып 3. Көлік кәсіпорындарының негізгі өндірістік қорлары (1 сағат)

Дәріс жоспары:

  1. Негізгі өндірістік қорлар, түсінік беру және құрамы.

  2. Негізгі қорларға баға беру.

  3. Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі

  4. Негізгі қорлардың амортизациясы

  5. Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер

Практикалық сабақ (1 сағат)

Есеп жинағы бойынша 1.1.-1.5. есептерін шығару, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.



Әдебиет

        1. Дәрістер

        2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 159-185 б.

        3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 150-167 б

        4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 146-165 б.

  1. 5. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 12-24 б

  1. 6. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер

жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 4-8 б

Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар

Есеп жинағы бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№1, №2, №3, №4).


Дәріс

1. Негізгі өндірістік қорлар, түсінік беру және құрамы.

Негізгі капитал (негізгі қорлар,айналымнан тыс активтер, негізгі құралдар) – бұл өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп, белгілі бір бөліктермен, бірнеше өндірістік цикл ішінде түсіретін және өзінің натуралдық-заттық формасын ұзақ уақыт бойы сақтайтын, жоғалтпайтын еңбек құралдары. Негізгі құралдар өндірістік (өндірістік процесіне қатысатын) және өндірістік емес (тікелей қолдануға арналған, өндірістік процеске қатыспайды: мед.мекемелер, мәдениет үйі, тұрғын үй) болып бөлінеді. Өндірістік қорлар өз кезегінде активті (өндірістік процеске тікелей қатысатын) және пассивті (өндірістік процеске жағдай жасайтын) бөліктерге бөлінеді. Негізгі қорлар натуралдық және ақшалай түрде өлшенеді. Натуралдық баға беру дегеніміз – олардың өндірістік сипаттамасын беру деген сөз.

Қолдану мақсатына қарай негізгі қор түрлері:



  1. Ғимараттар (цехтер, қоймалар, т.б.);

  2. Құрлыстар (көпір, тоннель, жолдар, т.б.);

  3. Тасымалдау қондырғылары (құбырлар, электр тоғын тасымалдау желілері, т.б.)

  4. Машиналар және жабдықтар:

а) Күш машиналары және жабдықтары (энергияның түрлерін шығарады);

б) Жұмыс машиналары мен жабдықтары (еңбек затына әсер етеді);

в) Өлшеу және реттеу аспаптары;

г) Есептегіш техника және т.б.



  1. Көлік құралдары;

  2. Құрал-сайман, қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болатын басқа құралдар);

  3. Өндірістік және шаруашылық жиһаз;

  4. Жұмысшы және өнім беретін мал;

  5. Көпжылдық өсімдіктер;

  6. Жер құнарлығын өсіруге қажет күрделі шығындар;

  7. Басқа қорлар (мысалы кітапханалық қор).

Қызмет ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар негізгі қорларға жатпайды.

2. Негізгі қорларға баға беру.

Негізгі қорларға баға беру келесі құн түрлері бойынша жүргізіледі:



  • Негізгі қорлардың бастапқы құны, оларды сатып алу жылы болған бағаларға, жеткізу шығындарына және құру және қою құнына тәуелді болады.

= + +




  • Қайта есептеу құны – берілген жыл бағалары бойынша негізгі қорларды жасау немесе сатып алу құны (қайта бағасын анықтау мезетіне байланысты):


= *



= *




  • Қалдық құны бойынша – қорлардың тозуын есебке алу:

= —


- жою құны бойынша – баланстан шығарылатын қордың бағасы

- баланстық құны бойынша – бухгалтерлік баланстың бірінші бөлімінде жазылатын құн




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет