Етникалық топтардың байланыстығы, бір-бірімен байланыс жасау үшін маңызды фактор болып саналады. Бұл байланыс, біреуін тарихы мен көркем мәдениеті мен басқаларының мәдениеті арасындағы қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Етникалық топтардың бір-бірімен байланысы, жұмыс істеу, кеңестерді байқау жасау және әлеуметтанулық тәрбиелеу ісін жүргізу үшін маңызды болады. Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау. Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1)Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар; 2) интерпретативті немесе микросоциологиялық парадигмалар. Бірінші топтағы (құрылымдық) парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтікмәселелерін және дамуын қарастырады. Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл бөледі. Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға тоқталатын болсақ, олар төмендегідей: 1)функционалдық (қызметтік) парадигмалар; 2)конфликтік (конфликтологиялық) парадигмалар. Конфликтологиялық парадигманың өзі үш тармаққа бөлінеді: а)марксистік, б) неомарксистік, в) беймарксистік конфликтологиялық социология. Екінші топтағы интерпретативті парадигмаларға 1)әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар 2)символикалық интеракционизм 3)феноменологиялық парадигма 4) этнометодологиялық парадигмалар. Олардың әрқайсысынақысқаша тоқталатын болсақ, макросоциологиялық парадигмалардың бірі –функционалдық парадигма. Құрылымдық –функционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Толкотт Парсонс т.б. Т.Парсонстың еңбектерінде құрылымдық-функционалдық бағыт әзірленді. Жалпы ғылыми әдістерден құрылымдық-функционалдық әлеуметтануда кеңінен қолданылады. Конфликтік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну негізіне және конфликтердің сипатына қарай, марксистік, неомарксистік және беймарксистік конфликтік парадигмаларға бөлінеді.Марксистік парадигмада экономикалық конфликт, әсіресе, қоғамның үстем және тәуелді топтарға бөлінуінен, сондай-ақ олардың арасындағы, ең алдымен, экономикалық қайшылықтардан туындайтындығына талдау жасауға басты назар аударылған.
Достарыңызбен бөлісу: |