Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы


Қазақстанның 2050 даму стартегиясы



Pdf көрінісі
бет31/34
Дата30.09.2022
өлшемі0,81 Mb.
#151308
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Дәріс матіні Cыздықова СМ
english exam 111, english exam 111, 5 сынып қмж, ?бт есептерін шы?ару жолдары, Жұмағазы Нұрдулат бух.учет, Логистика СРС, Дәрістер жалпы тех, Можге жауапты издеу
Қазақстанның 2050 даму стартегиясы.
Жаңа кезеңде ұлттық бірлесу үдерісіндегі 
қазақ халқының рөлін нығайту міндеті бірінші кезекке шығады. Біріншіден, қазақ халқы 
Қазақстандағы барлық этностық, əлеуметтік топтар үшін ұлттық мемлекеттік 
қауымдастықтың қуатты тарихи діңі ретінде көрініс табады. Біз қазақ əлемінің тарихи
тұрғыда ешқашан тар моноэтносты жəне мономəдениетті болмағанын білеміз. Біз 
ешқашан да əлемдік өркениет үдерісінен бөлек дамыған емеспіз. Одан да бетер – біздің 
ата-бабаларымыз осынау əлемдік үдерісті өздері қалыптастырды! Біздің Қазақстанда 
тұратын барлық этностық топтармен – Еуразия ауқымында – талай ғасырлар бірлесе 
өмір сүріп жатқанымызды атап көрсету қажет. Біздің ата-бабаларымыз əлемге мəдениет 
пен руханилықтың қуаттандырушы үлгілерін көрсетті – біздер олардың істерін 
жалғастыруымыз керек! Қазіргі заманғы қазақтар, ата-баба дəстүрлерін ұстана отырып, 
бірліктің, толеранттылық пен патриотизмнің, мемлекет пен қоғамға қалтқысыз қызмет 
етудің үлгісін көрсетуі тиіс. Екіншіден, бізге ұлттар үшін ортақ тарихи сана-сезім қажет. 
Біздің тарихты тануымыз тұтас, оң сипатта болуға, қоғамды бөлініске салмай, 
біріктіруге тиіс. 
Ұлттық рухты қажетті биіктікке көтеру үшін біздің шынайы тарихымыздың, 
мəдениетіміздің, дініміздің қандай екенін айқын сезінуіміз қажет. Қазақтардың ұлттық
тарихы, олардың этногенезі мыңдаған жылдарға созылған бірегей ажырамайтын үдеріс 
ретінде қарастырылуы тиіс. Осы тұрғыда қазіргі заманғы Қазақстан ұлы дала 
өркениетінің ежелден келе жатқан шешуші мұрагерлерінің бірі ретінде заңды түрде 
көрініс табады. Мен жоғарыда атап өткендей, Қазақстан ешқашан оқшауланған емес. 
Сондықтан да тарихта, оқу пəніндегідей, қазақтар мен өзге халықтардың мəдени жəне 
экономикалық қарым-қатынастар үдерісі, түрлі этностардың ел тарихына үлесі лайықты 
танылуы тиіс. Нəтижесінде қазақстандықтардың тарихи сана-сезімі топтасуға, өзінің 
өткеніне, қазіргісіне жəне болашағына патриоттық қарым-қатынас қалыптастыруға 
жұмыс істеуі тиіс. Үшіншіден, біз бүкіл күш-жігерімізбен қазақтардың ішкі бірлігін 
нығайтуымыз қажет. Бүгінде ХХІ ғасыр, инновациялар уақыты, сондықтан қазақ қоғамы 
да бұрынғы ғасырлардағыдай бола алмайды. Қазақтың зиялы қауымы менің сөзімді естуі 
тиіс. Қазақстан – біздің жеріміз, біз өз жеріміздің перзентіміз. Ақиқат қарапайым: 
қазақтардың белсенді араласуынсыз Қазақстанда ешқандай ұзақ мерзімді қоғамдық 
келісімнің болуы мүмкін емес. 
Бұл жер əрқашанда біздің ата-бабаларымыздың жері болған. Ол енді біздің 
ұрпақтарымыздың жері болмақ. Біз өз жеріміздегі бейбіт өмір үшін тікелей жауаптымыз. 
Толеранттылық ұлттық құндылық жəне Қазақстан халқының игілігі болып табылады.
Ол қазақ халқының көп ғасырлық дəстүрлері мен мəдени үлгі-қалыптары негізінде қа- 
лыптасты. 
«Ел-жұрт», «жеті ата», «қонақжайлылық», «асар», «сыйластық», «сабырлылық» – 
бұл ұғымдар қазақтардың дүниетанымы жəне өмір салттарының негізінде жатыр. 


Осындай құндылықтардың арқасында біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштық 
сақталып 
отыр. 
Сондықтан қазақтардың толеранттылықты қалыптастыратын өзіне тəн əлеуметтік-мə- 
дени ережелерін, салттары мен дəстүрлерін жалпыадамзаттық мақсаттағы материалдық
емес мəдени мұралардың белгі-нышаны ретінде қарастыру қажет. 
Осы тəжірибені Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілдігі жұмысы бағыттарының бірі ре- 
тінде 
тану 
тиімді 
болар 
еді. 
Төртіншіден, Тəуелсіздік жылдары ішінде Қазақстандағы тілдердің, мəдениеттер мен
салт-дəстүрлердің этностық көптүрлілігі сенімді үндестікке, өзіне тəн реңктер мен 
əсемдіктер 
молшылығына 
ие 
болды. 
Бүгінде, əлемде түрлі бағалаулар бойынша, күн сайын 10-25-ке дейін жазба тілдер 
жойылып, этностық мəдениеттердің бүтіндей бір қатпарлары келмеске кетуде! 
Біз тіпті ең шағын этностық топтар – ассириялықтардың, рутулдардың, лактардың 
жəне басқа да топтардың мəдениеттерін ұқыптылықпен сақтаймыз жəне оларды дамыту 
үшін 
барлық 
мүмкіндіктер
жасаудамыз. 
Қазақ 
жері
100-ден 
астам 
этносты 
біріктірді. 
Əрине, осы этностық əралуандықтың бəрі біртұтас ұлтқа айналуы үшін жақсы цемент 
қажет. 
Бүгінде ұлтты біріктіруші басты фактор қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып отыр. 
Бесіншіден, бізге менталитет моделін, «Қазақстан-2050» жаңа саяси бағытының 
негізінде
елдің
болашақ 
бейнесін 
қалыптастыру 
қажет. 
Бұл бейне шынайы, тартымды жəне рухтандырушы болуы тиіс. 
Жаһандық сын-қатерлер жағдайында өзіміздің мəдени кодымыз: тілді, салт-дəстүрлерді, 
құндылықтарды сақтай отырып қана оған баламалы жауап қайтара аламыз. 
Отанға, туған жерге, өзіміздің ата-бабаларымызға, өзіміздің біртұтас жəне бөлінбейтін 
тарихымызға деген сүйіспеншілік бүкіл қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие.
Біздің асыл мұраттарымыз – Тəуелсіздік, бірлік, келісім жəне өркендеу. 
Оны 
Қазақстанның 
халқы
өзі
қалыптастырды. 
Ұлт бірлігін нығайтуда интеллигенция қызметі айрықша маңызға ие. Тек интеллигенция 
ғана қоғамды топтастырудың рухани үдерісіне басшылық жасай алады. 
Біздің елордамыз осы жұмыстың орталығына айналуы тиіс. 
Сондықтан да біз Астанада əлемдік деңгейдегі Опера жəне балет театрын – «Астана- 
операны» салдық, Қазақстан тарихының жаңа мұражайын құрудамыз. 
Алтыншыдан, біздің бірлік формуламыз нақты істер төңірегінде қалыптасады. 
Ол 
біздің
бірлігіміздің 
ең
берік, материалдық 
негізі. 
Мен əркім меншік иесі болғанда қоғамдық келісімнің іс жүзінде жүзеге асатынына берік 
сенімдімін. 
Сондықтан да мен Үкіметке «Халықтық ІРО» бағдарламасын жүзеге асыруды 
тапсырдым. 
Ассамблея бұл бағдарламаны түсіндіруге белсенді атсалысуда. 
Бұл – өте маңызды, бүкілхалықтық іс. Оны жалғастыру қажет. 
Бүгінде біз бірлік пен толеранттылық біздің активіміз, елді жаңғыртуға салған 
экономикадан тыс инвестицияларымыз деп сеніммен айта аламыз! 
Бүгінде бейбітшілік пен келісім саясатының тікелей экономикалық тиімділікке ие екені 
баршаға 
мəлім. 
Ішкі тұрақтылық инвесторлар сенімін нығайтуға, экономикалық ынтымақтастықты да- 
мытуға 
жағдай 
жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет