Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы



Pdf көрінісі
бет32/34
Дата30.09.2022
өлшемі0,81 Mb.
#151308
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Дәріс матіні Cыздықова СМ

Ұсынылатын əдебиеттер: 
1.
Зидентоп Ларри. Демократия в Европе. М., 2001г. 


2.
Моисеев Н.Н. Размышления о современной политологии. М.,2000г. 
3.
Майлыбаев Б.А. Современный политический процесс в Казахстане и России: срав. 
анализ. М.,1998г. 
4.
Сəрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мəдениеті. А.,2000ж. 
5.
Сəрсенбаев Т. Қазіргі саяси процесс. Алматы, 2009 ж. 
6.
Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 
ж. 
7.
М. Қасымбеков. Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың 
қалыптасуы. Астана “Елорда” 2000ж. 
8.
Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А., 2010. 
–211 б. 
9.
Мировые политическое развитие: век ХХ. М.,1995г. 
14- тақырып. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар 
Дəріс мақсаты: 
1.
Саяси конфликт құрылымы, жіктелуі жəне қызметтері. 
2.
Саяси конфликтілердің алдын алу, реттеу жəне шешу. 
3.
Саяси дағдарыс, саяси дағдарыстардың алдын алу тəсілдері. 
Негізгі ұғымдар: 
Дау-жанжал, өршітпеу, мəмілеге келу, арбитраж, этносаяси жанжалдар, 
ұлтшылдық, экстремистік. 
Дəріс мазмұны: 
Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан əрі өршітпеудің басты амалы 
- халықтың əл-ауқатын көтеру, елдің жоғары əлеуметтік-экономикалық дəрежеде 
дамуын қамтамасыз ету. Оған қоса қоғамның саяси мəдениеті биік болса, билік 
басындағыларға, заң органдарына деген сенім арта, беки түседі. Ал олар жеткіліксіз 
болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне əкеледі. 
Біраз жағдайда дау-жанжалдардың алдын алу үшін билік басындағылар əртүрлі 
əдіс-айлаларды пайдаланады. Мысалы, халық мүддесін қанағаттандыра алмаған 
жағдайда, сіздерді мынадай жарқын болашақ күтіп түр деп үміттендіреді, жұбатады. Бір 
үміттен кейін келесі үміттің оты жануы мүмкін. Ол үміт шиеленісті əлсіретуге əкеледі. 
Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар. 
І. Дау-жанжалға бармау, одан қашқақтау əдісі. 
Мысалы, саяси қайраткер қарсы 
жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен
істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді. 
2.
Кейінге қалдыру əдісі. 
Қарсыласпен ерегіске бармай, "не істесең соны істе" деген 
сияқты, бəріне көніп жүре береді. 
3.
Саяси жанжалды мəмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. 
Мəміле деп дау- 
жанжалға қатысушы жақтардын өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. 
Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге 
тырысады. 
4.
Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. 
Мұндай жағдай бір жақтың күші 
айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып 
жібергенде туады. 
5.
Аралық сот немесе арбитраждық сараптау əдісі. 
Мұнда қарсы жақтар дау, 
талас тудырған мəселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған 
шешімін екі жақта мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халықаралық 
құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тəртібін жəне т.с.с. шарт 
талаптарын басшылыққа алады. 


Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы дау-дамайлар, шиеленістер 
жатады. Басқа саяси-əлеуметтік егес, даушырларға қарағанда ол өте күрделі жəне 
шешілу жолы қиын мəселе. 
Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте əр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, 
Швейцарияда), əр түрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, 
индустар; Ливанда христиандар мен мұсылмандар), əртүрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер 
Одағында), əртүрлі нəсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. 
Əдетте мұндай қақтығыс əртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі 
экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының өкілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп 
отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық, ынтымактастық білдіре 
бастайды. 
Кейде бір этникалық топтың өкілдері əлеуметтік-таптық, сатыда жоғары деңгейде 
тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, 
жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, 
ұлтаралық жанжалдарға жол ашады. 
Этносаяси жанжал тудыратын мəселенің бірі - этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз 
ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын жəне өзгешелігін сақтау мақсатын 
қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі 
үш мақсатты алға қояды: 
-
автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету; 
-
белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу; 
-
өз мəдениетін жалпымемлекеттік мəдениетпен бірдей мəртебеге жеткізу. 
Этностық, ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі - түптеп келгенде өзінің 
мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралық қақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті. Мысалы, 
Солтүстік Ирландия мен Англия, грузиндер мен абхаздықтар, осетиндер мен ингуштар 
арасындағы, Таулы Карабахтағы, Молдавадағы жəне т.с.с. жанжалдар. Олардың 
негізінде жергілікті халықтан басқа ұлт өкілдерінің саяси жəне азаматтық 
құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық егемендік, ұлттық-мемлекеттік құрылым 
мəселелерінің жəне т.б. жатыр. 
Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептін бірі - этностың 
өз тілі, мəдениеті, діні, əдет-ғұрпының тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік. 
Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану. Мысалы, біздің республикамызда 90 
жыддардың орта кезінде орыс тілділер орыс тілінің мəртебесі жөнінде бірталай əңгіме
көтерді. Оларға "Лад", "Русская община" ұйымдары, казактар дем беріп, кикілжің 
тудырды. Тіліміз, əдет-ғұрпымыз қысым көруде, орыстарды басқарушы қызметтерге аз 
алуда, олардың арасында-жұмыссыздық көбеюде, соларға байланысты олар 
Қазақстаннан жаппай көшуге мəжбүр болуда деп байбалам салды. Шын мəнінде, 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, мемлекеттік 
ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік қазақ тілі мен орыс 
тілінің тең колданылатындығы, өтпелі кезеңдегі жұмыссыздықтың көбеюі барлық ұлт 
өкілдеріне бірдей əсер етіп отырғандығы, басқарушы органдарға қызметке ұлтына, 
нəсіліне қарамай, тең қабылдануы жəне т.б. олардың қауіптерінің орынсыз екендігін 
дəлелдеді. 
Əдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға əкелетіндер билікке 
таласушы топтар мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін 
ұлттық факторды пайдаланады. Сол үшін жылдар бойы жиналған кемшіліктерді дабыра 
етіп, аз ұлттардың сезімдерінде ойнап, наразылық тудырады. 
Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды өрістетпей, мəселені дер кезінде шешу 
қажет. Өйткені мұндай шиеленістер ұлғайып кетуге бейім келеді жəне ұзақ, сипат алған 
дау-жанжалды тоқтату оңайға түспейді. Ол үшін мемлекет ұлтаралық саясатты ешқашан 


назардан тыс қалдырмауы тиіс. Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде. 1995 
жылдың 1 наурызында Н.Ə. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халықтарының 
Ассамблеясы құрылды. Ол республикадағы барлық ұлттық-мəдени орталықтарды 
қамтиды. Ассамблея елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, 
қоғамды біріктіру, нығайтуды қамтамасыз ету бағытында практикалық ұсыныстар 
жасайды. Ұлттық саясат саласындағы жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау 
жасайды. Мысалы, "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Мəдениет туралы", "Қазақстан 
Республикасындағы тілдер туралы" жəне т.б. заң жобаларына қорытынды дайындап, 
Парламентке жіберді. 
Алайда экстремистік пиғылдағылар елімізде кездеседі. Мысалы, 1999 жылы 
Казимарчук деген содыр өз жақтастарымен Өскеменде төңкеріс ұйымдастырмақ болды. 
Оның сұрқия жоспарын қазақстандық арнаулы органдары дер кезінде ашып, 
ойындағысын жүзеге асыртпады. Егер бұл əрекет жүзеге аса қалса, Шығыс 
Қазақстандағы, тіпті еліміздің басқа өңірлеріндегі жағдай тұрақсызданатыны сөзсіз еді. 
Сондықтан барлық жұртшылық болып ондай əрекеттерге жол бермей, қазақстандық
патриотизмді, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті республика тұрғындарының бойларына 
сіңіріп, жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай сақтап, 
оның гүлденіп, көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай озык. еңбек етуіміз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет