жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп
болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Əртүрлі
қоғамдық
бағыттылық пен єлеуіметтік жєне саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай
да бір концептуалды єдісемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде
қарастырып түсіндіру мүмкін емес. Саяси модернизация - аумақты кеңейту жəне
əкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің
құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік
бөлінісі;
екіншіден,
мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін жəне
тұрақтылығын сақтай
отырып экономика, саясат жəне əлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге
дайындығы;
үшіншіден,
саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы;
төртіншіден,
саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тəсілдерін өзгерту.Саяси
модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи
даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл
теорияның басты белгісі -
универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ
заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру.
Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер
(Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын
əлеуметтік жəне саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан
көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты
ұйымдастыру ашық əлеуметтік жəне саяси жүйені орнатуды білдіреді.
Бұл жағдайда
əлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, əлеуметтік белсенділік өседі,
ал саяси салада əкімгершілік жəне саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-
қатынас тиімді реттеледі.Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі
- азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен əртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің
ашық саяси бəсекелесуінің алғышарты.
Қазіргі кездегі демократиялық жүйелер 18-19 ғасырдағы либералдық басқарудың
тікелей жəне жан-жақты ықпалынан бастау алады. Оның либералдық демократиялық ой-
пікірді дамытудағы рөлі күшті. Осыған байланысты туындаған идеялық жəне саяси
ағымдар жеке адамның еркіндігін жəне оны мемлекеттік тираниядан қорғауды көздеген.
Бүгінде Президент Н.Ə.Назарбаевтың бастамашылығымен ұлттық демократиялық
бағыт алға басуда. Бұл жолдың д
Достарыңызбен бөлісу: