5.
Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007
ж.
6.
Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.
7.
Сидельникова Т.Т. Политология: комментарии, схемы, афоризмы. М.,1999 г.
11- тақырып. Саяси мəдениет жəне саяси идеология.
Дəріс мақсаты:
1.
Саяси мəдениет ұғымы жəне оның мəні.
2.
Саяси сана мен саяси мəдениеттің қызметтері.
3.
Саяси идеология ұғымы.
4.
Ұлттық жəне мемлекеттік саяси идеология.
Негізгі ұғымдар:
Өркениеттілік, гуманизм, саяси мəдениет, саяси сана, ұлттық сана-сезім, шовиниз,
идеал, идеология, идеялық, ұлттық идея мен идеология, эклетизм.
Дəріс мазмұны:
Мəдениет пен сананың саясатқа тигізетін ықпалына келетін болсақ,
мынандай
ықпал ету бағыттарын айтуға болады. Біріншіден, жеке адамды тəрбиелеуде жəне оны
əлеуметтік ортаға бейімдеуде, демек адамды білім беру жəне кəсіптік оқыту, тəрбиелеу
арқылы қоғамдық жағдайларға икемдеу. Олардың өз мінез-құлқын қоғамдағы
əлеуметтік нормаларға, қағидаларға сай реттеп отыруға тəрбиелеу.
Екіншіден, саясат
субъетілерінің іс-əрекеттеріне бағыт-бағдар беретін қоғамда материалдық,
рухани
мұралар жүйесінің қалыптасуы. Үшіншіден, іс-əрекеттер мен мінез-құлықтардың жəне
əртүрлі саяси мəселелерді іске асыру үлгілерін жасау. Ондай мінез үлгілері адамның
əрбір саяси жағдайға көзқарасын айқындап отырады. Төртіншіден, мəдениеттің саяси
өмірге ықпалы саяси институттар қызметінің модельдерін жасау арқылы көрінеді.
Сонымен, саясат қоғамның барлық салаларымен тығыз байланысты. Саясат
қоғамның барлық жақтарының табиғи бірлігін қамтамасыз етудің тұтқасы болып
табылады. Егер қоғамның барлық салалары саясат арқылы жүзеге асырылып отырса, ал
саясат қоғамдағы
белгілі бір экономикалық, мəдени, идеологиялық құрылымдар
(ұйымдар, мекемелер,
бірлестіктер, институттар т.б.) арқылы іске асырылады. Яғни
саясаттың өзі экономикадан, идеология мен мəдениеттен тыс өмір сүре алмайды.
Саясат идеологиямен де саясат тығыз байланысты. Идеология таптардың ең
алдымен экономикалық, əлеуметтік т.б. мүдделерінің теориялық көрінісі.
Сондықтан
идеология экономикалық-əлеуметтік т.б. саясаттардың іске асырылуындағы идеялық
құралы болып есептеледі. Идеологиядан бас тарту саясаттың құнсыздануына əкіліп
соғады. Идеология саяси іс-əрекеттердің теориялық негізі. Сондықтан идеологиясыз
саясат болмайды. Олай болса идеология кез келген мемлекетке тəн табиғи нəрсе. Алайда
саясат пен идеологияның арасындағы байланыс, идеология саясаттың теориялық неғізі
болумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге саясат халыққа идеологиялық тəрбие
берудегі құралы болып есептеледі. Өйткенні оның қолында қоғамдық-саяси
теорияны
жасау үшін барлық жағдай бар. Сондықтан билеуші тап өз идеяларын, көзқарастар
жүйесін иландырады, яғни идеологиялық үстемдік жүргізеді. Ол үшін
олар арнайы
мекемелер, ұйымдар, институттар құрады солар арқалы өз идеологиясын жүргізіп
отырады. Оған қарсы көзқарастармен күрес жүргізеді.
Саясатқа бұдан да басқа факторлар ықпал етіп отырады. Мəселен: географиялық,
демографиялық, мəдени-тарихи, ұлттық салт-дəстүр, əлеуметтік-психологиялық т.б.
Себебі, олардың əрқайсысы белгілі бір тарихи кезенде саясатта айқындаушы, шешуші
факторлардың біріне айналуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: