адамгершілігі, халық пен ар намыс алдындағы жауапкершілігімен, психологиялық
құрылымымен, мінезіндегі салмақтылық,
тұрақтылық табандылықпен, халықтың
пікірімен санаса білу жəне олардың көңіл-күйін білу мүмкіндіктерімен де байланысты.
Саяси басшылардаң іскерлегі оның қалың бұқараны саяси өмірге қатыстыра білуінен,
қоғам дамуының тарихи кезеңіне, халықтың саяси мəдениет деңгейіне сəйкес
келетін
саясаттың түрлерін жəне оны іске асыру құралдары мен əдістерін, тəсілдерін тандап алу
қабілетінен көрінеді. Мəселен, қазіргі саясат келер елдегі экономикалық, əлеуметтік,
мəдени-рухани, ғылыми- техникалық, финанс, инвенстициялық,
кадр саясаттарында
Республиканың табиғи жəне əлеуметтік ресурстарының ерекшелітері, ондағы
эколгиялық, демографиялық, мəдени, ұлттық факторлар
толық ескерілуде ме деген
мəселе тұрады. Республикадағы кейбір саяси партиялар көтеріп отырғандай саясатта
ұлттық сана, психология, өмір салттың, салт-дəстүрдің,
біздегі қалыптасқан ерекше
сипаты көп тұстарда ескерілмей жатыр деп айтуға болады. Елдің өзіндік ерекшеліктерін
түсіне білу саяси басшының даралығына, даналығына, ерен қабілеттеріне байланысты
құбылыс. Саясатты өнер деп мойындамау əртүрлі жағымсыз: субъективизм,
валюнтаризм, трайбализм т.б. сияқты салдары туғызатыны белгілі. Сондықтан саясат
өнер ретінде көпжақтылы, көпмəнді өте күрделі процесс.
Достарыңызбен бөлісу: