Саясат қоғамдық өмірдін бір ғана жағы болғандықтан
оған қоғамдағы басқа
экономикалық, əлеуметтік, рухани-идеологиялық жағдайлар да ықпалын тигізеді.
Осыған байланысты саясатқа əсер ететін жағдайларды өзінің ықпалы дəрежесіне қарай
бірнеші деңгейге бөлуге болады. Бірінші деңгейдегі жағдай- ол дүниежүзілік жəне
жалпы адамзаттық жағдай. Екіншісі- елдегі экономикалық, əлеуметтік, рухани-
идеологиялық ахуал. Үшіншісі – нақтылы тарихи кезендегі қоғамның алдына қойып
отырған негізгі мақсаттарының мазмұны мен сипаты. Төртіншісі – қоғамдағы нақтылы
саяси өмірдің ахуалы. Қоғамның саяси өмірі басқаларға қарағанда дербестеу болады
жəне онда саясаттың субъектілері, стратегиялық тактикалық мақсаттары күрт
өзгеріп
отырады.
Саясат пен экономиканың бір-біріне ықпалын айтсақ, мұнда айқындаушы рөлді
экономика атқарады, өйткені, ол саясаттың материалдық негізі болып есептеледі. Ал
саясат экономикалық зандары саналы түрде қолдану формасы болып келеді жəне ол
еңбекші қауымның экономикалық жағдайынан туындайтын мүдделерін көрсетуі тиіс.
Саясаттың мақсаты мен міндеттері – нақтылы экономикалық, əлеуметтік факторлар мен
зандылықтарға негізделіп жасалады. Демек, саясат экономикалық зандары білуі тиіс
жəне қатаң сақтауы əрі оған бағынуы тиіс. Саясат экономикалық зандарды саналы түрде
қолдану формасы болғандықтан саясат экономикаға белсенді ықпал етеді. Оны мынадан
көруге болады: 1.Саясат экономиканың даму бағытына тура ықпал етуі мүмкін. Бұл
жағдайда халықтың əлуметтік – экономикалық жағдайы жақсарып,
қоғам прогресті
түрде дамуы мүмкін. Яғни саясат қоғам дамуы мақсатын оны іске асыру жолдары анық
көрсетеді жəне оны іске асыру үшін халықты ұйымдастырады. Экономикалық
мəселелерге нақтылы дұрыс саяси мақсаттар, міндеттер қойылмайынша бірде бір тап өз
билігін қолына ала да, ұстап та тұра алмайды. Яғни саясат экономикалық мəселелерді
шешу құралы болып келеді. 2.Саясат экономикаға кері ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайда
саясат белгілі бір дəрежеде, бағытта экономиканың дамуына кедергі жасап отырады.
Өйткені, саясат экономиканың табиғи даму зандылықтарына қайшы келіп, өндіргіш
күштер мен өндірістік қатынастардың арасындағы үйлесімділік заңын бұзып, олардың
арасындағы конфликті терендете түседі. Мұндай процестер қоғам экономикасының
даму бағытына қарама-қайшы, немесе сыңар жақты жалаң істерге жол береді. Əдетте
мұндай саясат саяси авантюризмге, субъективизмге əкеледі де түбінде күйзеліске,
дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Оны біздің бұрынғы
Кеңес Өкіметі тұсындағы
тəжірибемізден – ақ көруге болады. Мəселен, саясаттың экономика үстінен үстемдік
етуі, оның экономикалық зандармен санаспауы басым болды. Сондықтан көптеген саяси
шешімдер экономикалық жағдайларға қайшы келіп, өз шешімін таба алмай жатты.
Мысалы: Сталиннің коллективтендірудегі асығыстығы, Хрущевтік 80-жылдары
коммунизмге өту туралы тезистері; Брежневтің – кемелденген социализмді жариялауы,
Горбачевтің – жеделдету концепциясы мен арақты мүлдем жою үшін күресі. Сонымен
өткен тарихи жағдай саясаттың басқа қоғамдық салалардың үстінен үстемдік етуінің
дəлелі болды. Ал қазіргі жағдай қоғамдық өмірдің барлық салаларында, əсіресе,
экономикада саяси қатынастардың рөлін ескермеудің немесе саясаттың қоғам дамуына
ықпалының əлсіреуінің дəлелі болып отыр. Шаруашылықтың құлдырауы,
халықтың
əлеуметтік – экономикалық жағдайының күрт төмендеуі, бағаның өсуі, ақша
инфляциясы халық арасындағы саяси қобалжуларды, сенімсіздіктерді ұлғайтуда. Бұдан
біз ел басшыларының қоғам дамуын жоспарлау ісінде өзіндік ерекшеліктердің
жоқтығын немесе əлемдік тəжірибеден Қазақстан жағдайына тиімді үлгіні тандап
алудағы дəрменсіздікті байқаймыз. Осыдан саясатты ғылымға тұрғыдан басқару да
саясаттанудың зерттейтін мəселелерінің бірі болуға тиіс деп айтуға болады. Себебі,
қоғамдағы саяси басшылық əлеуметтік экономикалық
өркендеудің сыннан өткен,
сұрыпталған нақтылы ғылыми теориясына негізделуді, сүйенуді талап етеді.
Əдетте мемлекеттің сыртқы саяси қатынастың басқа да субъективтілерімен
халықаралық аренда өз қатынасын реттеуге байланысты əрекетін сыртқы саясат деп
атайды. Мəселен, шет мемле-кеттермен, шетелдік партиялармен жəне басқа да қоғамдық
ұйымдармен, дүниежүзілік жəне аймақтық халықаралық мекемелермен қарым-
қатынасқа түседі. Сыртқы саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық, əскери,
ғылыми-техникалық жəне мəдени потенциалдарына негізделеді.
Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мəселе— ұлттық
мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мəселелерге, əдетте ұлттық еркін жəне тəуелсіз
мемлекет ретінде сақгалуы, сыртқы соғыс қаупінен сақталу, ұлттық тұрмыс-жағдайын
жақсарту, халықаралық аренада мемле-кеттің экономикалық жəне саяси позицияларын
қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау жəне оның аясын кеңейту.
Ұлттық мүдделер мемлекеттің сыртқы саяси бардарламаларында,
сыртқы саясатында
көрініс тауып отырады жəне ол басқа мемлекетпен қарым-қатынас жасаудың мақсатын,
оны шешу жолдарын анықтап отырады.
Мемлекеттің сыртқы саяси бағдарының қалыптасуына əртүрлі көптеген жағдайлар
ықпал етуі мүмкін. Мемлекеттің халықаралық аренадары стратегиялық жардайын анық-
тауға себеп болатын себептердің бірі, ең алдымен географиялық себептер. Мемлекеттің
геожағдайын анықтайтын себептердің негізгілеріне елдегі өзен-су коммуникацияларын,
теңізге жақын немесе алыстары, одан шығу немесе шыға алмау жағдайы, көрші
елдермен жол қатынасы қандай, ол күрделі немесе жеңіл ме,
басқа мемлекеттермен
шекаралық шектеу жағдайы, халықтың саны, оның орналасу тығыздығы т.б. жатқызута
болады. Сондай-ақ, ауа-райының жағдайы, топырақтың құрамы, жерасты байлық-тары,
өндіргіш күштердің даму қарқыны, мəдениеттің даму тенденциясы, əлеуметтік
құрылымды ұйымдастыру түрі жəне саяси құрылым ерекшеліктері де ескеріліп
отырады.
Мемлекеттің сыртқы саясатының қалыптасуында идеология маңызды рөль
атқарады. Өйткені, кез келген сала сияқты сыртқы саясат сол ұлттың салт-санасын, тілін,
дінін, дəстүрін, дүниетанымын, психологиясын, адамдар
арасындағы қарым-қатынас
нормаларын т.б. көрсетудің айнасы, олардың көріну түрінің бірі болып табылады.
Сыртқы саясатты мемлекеттің ішкі саясатынан бөліп алып қарауға болмайды.
Өйткені, сыртқы саясат мемлекеттің ішкі даму ерекшелігіне, қойған мақсаттарына, ішкі
ресурсына, кадр потенциалдарына да тəуелді. Сонымен бірге сыртқы саясаттың өзіндік
ерекшеліктері де болады. Ол ерекшеліктер қарым-қатынасқа түсетін елдердің
мүдделеріне сəйкес келе бермеуіне байланысты болады. Оның өзі елдің сыртқы
саясатын сол субъекті-лердің мүдделеріне байланысты халықаралық қатынас
құқықтарына сəйкес түрлендіруді талап етеді.Сыртқы саясаттағы маңызды құралдардың
бірі— дипломатия больіп табылады. Дипломатия— сыртқы қатынасты қамтамасыз
ететін жəне шетелде мемлекеттің құқы мен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет
басшыларының жəне сыртқы қатынасқа түсетін мекемелердің ресми əрекеті. Шет
елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың
дəстүрлі түрі болып табылады. Сондай-ақ дүниежүзілік жəне
аймақтық халықаралық
ұйымдарда өкілеттілік ашу немесе олардың құрамына ену, шетелдік саяси партиялармен
достық қарым-қатынаста болу, дипломатиялық қатынастарға түспеген елдермен де
эпизоттық байланыстар жасау арқылы да сыртқы саясат жүргізіліп отырады.
Сыртқы саяси байланыстар - экономикалық сауда, ғылыми-техникалық, финанс-
несие жəне мəдени қарым-қатынастар жасау арқылы да іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: