қоғамдық пәндердің оқытушысы Д.О. Хамиева «Истинный патриотизм живет не в громких словах, а в реальных делах и ответственных поступках» Н.А.Назарбаев
«Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК 2015 жылғы
2 қарашадан 12 қарашаға дейін дәстүрлі патриоттық тәрбие беруге арналған «Азамат әліппесі» Он күндігі өтті. Осындай Он күндік колледжде бірнеше жылдар бойы өтуде және оқушыларда қазақстанға деген патриотизм сезімін, Қазақстан Республикасының бүгіні мен болашағына деген сыйластықты тәрбиелеуді, елдің мемлекеттік рәміздерін жариялауды мақсат етіп қояды. Жыл сайын колледж оқушылары Он күндік өткізу кезеңінде ҚР рәміздерін, Қазақстан тарихын, қазақстан құқығы негіздерін білуден сынақ тапсырады. Осы жылы колледж оқушылары Он күндік аясында ҚР 2007ж4.06 мемлекеттік рәміздері туралы № 258 Конституциялық заңды оқып-білді, Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихымен, мемлекеттің Әнұраны және Туы, Елтаңбасының авторларының өмірбаяны және шығармашылығымен танысты. Колледж топтарында патриоттық тақырыпқа сынып сағаттары өтті: П 2-68 тобында - «Что в образе вашем, священные символы?», ПН 2-70 тобында– «Мемлекеттік рәміздер- Тәуелсіздік тірегі», К 2-71 тобында–«Мой дом, моя судьба, мой Казахстан», П 2-69 тобында– «Тебя, мой Казахстан, тебя воспеть хочу!», О 2-73 – тобы – «Казахстан: прошлое, настоящее и будущее» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. «Азамат» құқықтық клубында «Обязательная воинская служба или служба по контракту в Республике Казахстан» тақырыбына дебаттар өтті. Дебаттарда мемлекеттік тілде білім беру «Аспаз» мамандағы бойынша 1-2 курс оқушылары қатысты. Дебаттарды өткізу мақсаты жастардың азаматтық ұстанымын белсендіру, патриотизмге тәрбиелеу, өз істеріне жауапкершілік сезімін дамыту, Қазақстаның әрбір жас адамы үшін әскери қызметін атқарудың маңызын түсіну болып табылады.
Дебаттарда «Көк тарландар» және «Достар» аттыекі команда қатысты. «Жастар ортасында әскери қызметін атқаруға қатынасы»,«Контракттық қызметтің артықшылықтары мен кемшіліктері», «Жас ұрпақта патриотизмді қалай тәрбиелеу керек?», «Жас адамдар неге әскери міндетін атқарудан бас тартады? сияқты және т.б сұрақтар қозғалды. Колледж шеберлері мен оқытушыларынан құрылған құзыретті әділқазылар алқасының дауыс беру қорытындылары бойынша дебат жеңімпазы- «Достар» тобы болып табылды, екі команда қатысушылары Дипломмен және тәтті сыйлықтармен наградталды. Патриоттық тәрбие беру Он күндігі қоғамдық пәндер оқытушысы Д.О. Хамиева жүргізген «Қазақстан дамуының негізгі басымдықтары («Қазақстан-2050» Стратегиясы бойынша) жалпыколледждік дәріс-әңгімемен аяқталды.