Қоғамдық-саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер



бет2/3
Дата01.01.2022
өлшемі21,03 Kb.
#107658
1   2   3
Байланысты:
Мәтін. Е.Бекмаханов.

Есмағамбет Ысмайылов әдебиет зерттеуші, филология ғылымының докторы (1957), профессор (1958), ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1958). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).БК(б)П Орталық Комитетінің «Ленинград» және «Звезда» журналдары туралы қаулысынан кейін А.А.Фадеевтің 1947 жылы маусым айында Кеңес Жазушылары Одағының ІХ пленумында жасаған баяндамасының «Сынның ұлт мәселесі төңірегіндегі қателіктері» деген бөлімінде Есмағамбет Ысмайыловтың «Қазақ совет әдебиеті» атты оқулығы мысалға алынып, ауыр үкім айтылған. Содан кейін-ақ бұрын-соңды болып көрмеген қара құйын басталып кетті. Газет-журналдар Есмағамбеттің «қателіктерін» теріп айтуды азсынып, енді аумағын кеңейте бастады, біраздан соң бүкіл әдебиеттану төңірегінде жүргендердің еңбектері сүзгіден өтті де, 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің құрылғанына бір жыл ғана болған «Қазақ ССР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателіктері туралы» қаулыға ұласты. 1947 жылы 7 қазанда: «Институттың еңбектерінде және өзінің шығармаларында үнемі буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияны сіңдіріп келгені, институтты әлеуметтік-саяси жағынан жат адамдармен ластағаны үшін Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының бұрынғы директоры Ысмайылов Е. жолдас БҚ(б)П мүшелігінен шығарылсын», деген шешім қабылданды. 1943 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет жазылған, одақтық ең мықты тарихшылардың күшімен, әсіресе академиктер Греков, Дружинин, Панкратова, Кучкин, Бернштам, Вяткиндермен бірге өзіміздің Әуезов, Мұқанов, Кенжебаев, әсіресе Е.Ысмайылов пен Ермұхан Бекмахановтардың ынтымақ-бірлігінен туған «Қазақ ССР тарихы» сталиндік сыйлыққа ұсынылып, ең ақырғы сатыға жеткенде өзінің шовинистік көзқарасынан айыға қоймаған қарт профессор А.И.Яковлев «орысқа қарсы жазылған кітап» деп, сыйлық комитетінде мәлімдеме жасайды. «Қазақ ССР тарихының» сыйлықтан қағылғанын былай қойғанда, 1943 жылы 28 маусымда Е.Бекмаханов «Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың ұлт-азаттық күресі (1837-1847 ж.)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғауы мәселені онан әрі ушықтыра түсті. БК(б)П Орта­лық Комитетінде 1944 жылы мамыр-маусым айында өткен тарихшылар кеңесінде «Қазақ ССР тарихы» - «орысқа қарсы жазылған кітап, өйткені онда Россияға қарсы ұлттық көтерілістер дәріптеледі» ал шындығына келгенде «отарлау-объективті тұрғыдан прогрессивті құбылыс» деген пікірлер айтылып, ұлт республикаларындағы ұлтшылдықпен күреу науқаны соғыс жылдарының өзінде-ақ басталып кеткенді. Ол 1951 жылы 6 қарашада ұсталып, түрмеге жабылды, 1952 жылы 10 мамыр күні атақты 58-статьяның 10-тармағы бойынша 25 жылға сотталды, оны өтегеннен кейін бес жыл сайлау құқынан айырылатын болды, дүние-мүлкі конфискеленді. 1954 жылы 12 маусымда Есмағамбет Ысмайыловтың қылмысы дәлелденбегендіктен толық ақталған

Қажым Жұмалиев – жазушы, ақын, абайтанушы, әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым академиясының академигі. орта мектепке (8 – 9 сынып) және жоғарғы оқу орындарына арнап қазақ және орыс тілдерінде оқулықтар жазды. “Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі” (1946) еңбегі абайтануға қосылған үлкен үлес болып қабылданды. Махамбет шығармашылығын бірінші рет кең көлемде зерттеген ғалым. Қажым Жұмалиев 1951 жылы Алматыдан Қарағандыға жер аударылып, сол жердегі педагоги­ка­лық институтта жұмыс жасады. Қажекеңнің айтуынша, Қарағандыда ішкі істерде жұмыс жасайтын бір жерлесінің үйінде тұрған. Екінші қайтара ұсталып, «халық жауы» деген жалған жала жабылған кезде әлгі жерлесін «халық жауына» сыбайлас болды деп жұмыстан шығарып жіберіпті. Мұндай жағдай жазушы Бердібек Соқпақбаевтың басында да болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет