Сүлейменов Бекежан– ғалым, тарих ғылым докторы, професор. Патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатын зерттеумен шұғылданды. 1-орыс революциясы тұсындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері жайында еңбектер жазды. Е.Бекмахановтың негізсіз айыпталуына қарсылық танытып, оның Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы ғылым тұжырымын қолдады. 1952 жылы Сүлейменовтің өзі де кеңестік тоталитарлық жүйе тарапынан қысымшылыққа ұшырады. Оның еңбектеріне “реакциялық пиғылдағы бай феодалдарды, хандар мен сұлтандарды дәріптеді, ұлтшылдық идеяларды насихаттады” деген айыптар тағылып, сот шешімімен 25 жылға сотталды. Жазасын Иркутск облысындағы еңбекпен түзету лагерінде өтеп жүрген кезінде 1954 жылы ақталып шықты. Амангелді Иманов - Қазақстан азаматтық соғысының батыры», «Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс», «Қазақстандағы 1905-1907 жылдардағы революция», «Казахстан в составе России в XVIII - начало XX века» атты ғылыми еңбектері мен деректі жинақтарын жариялаған.