Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


(б) Қаржы көрсеткіштерін бағалау қағидаттары



бет51/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

(б) Қаржы көрсеткіштерін бағалау қағидаттары
Шоғырландырылған қаржылық есептілік әділ құн бойынша көрсетілген сату үшін қолда бар, инвестициялық бағалы қағаздарды қоспағанда, нақты шығындар бойынша есепке алу қағидатына сәйкес дайындалды.
(в) Функционалдық валюта және шоғырландырылған қаржылық есептіліктің деректерін көрсету валютасы
Компанияның және оның еншіліс кәсіпорындарының үлкен бөлігінің функционалдық валютасы ҚР ұлттық валютасы Қазақстан теңгесі болып табылады, Топ жүргізетін операциялардың және олармен байланысты, оның қызметіне әсер ететін жағдайлардың көпшілігінің экономикалық мәнін барынша жақсы көрсетеді.
Қазақстан теңгесі сонымен қатар осы шоғырландырылған қаржылық есептіліктің деректерін көрсету валютасы болып табылады. Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің барлық дерегі бүтін мың теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенген.
(г) Бағалауларды және пайымдауды қолдану
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілікті ХҚЕС талаптарына сәйкес дайындау Басшылықты есеп саясатының және шоғырландырылған қаржылық есептілікте ұсынылған активтер мен міндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың шамасын қолдануға ықпал ететін пікір, есептік бағалаулар мен жол берулер жасауға міндеттейді. Нақты нәтижелердің көрсетілген бағалаулардан айырмашылығы болуы мүмкін.
Бағалаулар мен олардың негізінде жатқан жол берулер жүйелі негізде қайта қаралады. Бағалаулардағы түзетулер тиісті бағалаулар қарастырылған есепті кезеңде және олар қозғалатын кез келген кейінгі кезеңдерде таныды.
Бұдан әрі саналанған Ескертпелер есеп саясатының ережелерін қолдану кезінде бағалаулардағы және сыни уәждемелі пікірлерде едәуір белгісіздіктерге қатысты ақпаратты ұсынады:

  • сауда және өзге дебиторлық берешектің және өзге де қысқа мерзімді активтердің құнсыздануына резервтер бөлігінде - 9-ескертпе;

  • сату үшін қолда бар, қаржы құралдарының құнсыздануы бөлігінде – 10-ескертпе;

  • негізгі құралдардың пайдалы қызмет көрсету бөлігінде – 3(з)-ескертпе;

  • қызметкерлерге сыйақылар бойынша міндеттеме бөлігінде –16-ескертпе;

  • қаржы активтері мен міндеттемелерінің әділ құнын бағалау бөлігінде –27-ескертпе.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет