Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет54/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Бақылаудан айырылу

Еншілес кәсіпорынды бақылаудан айырылған кезде Топ оның активтері мен міндеттемелерін, сондай-ақ оған жататын бақыланбайтын үлестерді және капиталдың басқа да компоненттерін тануды тоқтатады. Бақылаудан айырылған кезде туындаған кез келген оң немесе теріс айырма сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында танылады. Егер Топ инвестиция бөлігін бұрынғы еншілес кәсіпорынға қалдырса, онда мұндай үлес бақылаудан айырылған күні әділ құн бойынша бағаланады. Соңында бұл үлес Топ көрсетілген кәсіпорынға қандай деңгейде ықпал етуді жалғастыратына қарай қауымдастырылған кәсіпорындағы инвестиция (үлестік қатысу әдісі қолданылып) ретінде немесе сату үшін қолда бар қаржылық актив ретінде ескеріледі.

    1. Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестиция объектілеріне қатысу

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестиция объектілеріне қатысу қауымдастырылған және бірлескен кәсіпорындарға қатысуды қамтиды.
Топ қаржы және операциялық саясатына едәуір ықпал ететін кәсіпорын қауымдастырылған болып табылады. Бұл ретте, Топ мұндай кәсіпорындардың қаржы және операциялық саясатын бақылауды немесе бірлескен бақылауды жүзеге асырмайды. Егер Топқа кәсіпорында 20 пайыздан 50 пайызға дейін дауыс беру құқығы тиесілі болса, онда едәуір ықпалдың болуы болжанады. Топта бірлесе бақылау бар, келісімдер объектісі бірлескен кәсіпорындар болып табылады, мұнда Топ осы объектілердің таза активтеріне арналған құқықтарды иеленеді. Топтың бірлескен кәсіпорындардың активтеріне құқығы жоқ және олардың міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды.
Қауымдасқан және бірлескен кәсіпорындардағы үлес үлестік қатысу әдісімен есептеледі және бастапқы тану кезінде өзіндік құны бойынша көрінеді. Инвестицияның өзіндік құнына мәміле бойынша шығындар да кіреді.

Шоғырландырылған қаржылық есептілікте Топ үлестік қатысу әдісімен есептелетін инвестициялар объектілерінің кірісінде немесе шығында және өзге де жиынтық кірісінде өз үлесін көрсетеді. Осы үлес едәуір ықпал ету туындаған немесе бірлесіп бақылау жүзеге асырылған сәттен бастап және осы едәуір ықпал ету немесе бірлескен бақылау тоқтаған күнге дейін, нақты объектінің есеп саясатын Топтың есеп саясатына сәйкес келтіруді талап ететін түзетулер есепке алынып есептеледі.
Үлестік қатысу әдісімен ескерілетінинвестициялар объектісінің шығындарындағы үлесі оның осы объектіге қатысу үлесінен асып түскен кезде, қатысудың осы үлесінің теңгерімді құны (кез келген ұзақ мерзімді инвестицияларды қоса алғанда) нөлге дейін төмендейді және Топ инвестициялардың осы объектісі шығындарының орнын толтыру бойынша міндеттемені өзіне алған немесе оның атынан төлем жасаған жағдайлардан басқа жағдайларда, Топтың әрі қарайғы шығындары танылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет