Шетел валютасы
(i) Шетел валютасындағы операциялар
Шетел валютасындағы операциялар Топ кәсіпорындарының тиісті функционалдық валютасына осы операцияларды жасау күні қолданылған айырбастау бағамдары бойынша қайта есептеледі.
Есепті күні шетел валютасымен көрсетілген ақшалай активтер мен міндеттемелер есепті күні қолданылған айырбастау бағамы бойынша функционалдық валютаға қайта есептеледі. Ақшалай емес баптар бойынша оң немесе теріс бағамдық айырма есепті кезеңдегі төлемнің тиімді пайыздық мөлшерлемесі бойынша есептелген пайыздарға түзетілген, есепті кезең басындағы функционалдық валютадағы тиісті баптың амортизацияланған құны мен осы есепті кезеңнің соңында айырбастау бағамы бойынша есептеген шетелдік валютадағы осы баптың амортизацияланған құны арасындағы айырманы білдіреді.
Шетел валютасымен көрсетілген, әділ құны бойынша бағаланатын ақшалай емес активтер мен міндеттемелер әділ құнды айқындау күнгі қолданылған айырбастау бағамдары бойынша функционалдық валютаға аударылады. Шетел валютасындағы бастапқы құнына сүйеніп бағаланатын ақшалай емес баптар тиісті операция аяқталған күнгі айырбастау бағамы бойынша қайта есептеледі.
Қайта есептеу кезінде туындаған бағамдық айырма сату үшін қолда бар, қаржылық активтердің санатына жіктелген үлестік құралдарды қайта есептеу кезінде туындайтын айырманы қоспағанда, сол кезеңдегі пайда немесе шығын құрамында және өзге жиынтық кіріс құрамында танылады.
Достарыңызбен бөлісу: