Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ



бет65/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

  1. Қаржы құралдары

(i) Туынды емес қаржы активтері мен міндеттемелері тану және тануды тоқтату, жалғасы
Сатылатын қолда бар қаржылық активтер
Сатылатын қолда бар қаржылық активтер көрсетілген санатқа айқындалған немесе қаржы активтерінің жоғарыда аталған санаттарының бірде-біріне жіктелмеген, туынды емес қаржы актитерін білдіреді. Бастапқы тану кезінде мұндай активтер мәміле бойынша шығындар тікелей жататын сомаға көбейетін әділ құн бойынша бағаланады. Бастапқы танудан кейін олар өзгеруі құнсызданудан болған шығындардан және сатылатын қолда бар борыштық құралдар бойынша бағамдық айырмадан ерекшеленетін, әділ құн бойынша бағаланады, өзге жиынтық кіріс құрамында танылады және әділ құн өзгерістерінің резервтін есепке алу бойынша капитал құрамында ұсынылады. Капитал құрамында жинақталған инвестицияны тану тоқтатылған сәтте пайда немесе шығын сомасы кезеңдегі пайда немесе залал құрамына қайта жіктеледі. Әділ құнын сенімді анықтау мүмкін емес, бағасы белгіленбейтін үлестік құралдар өзіндік құн бойынша көрсетіледі.
Сатылатын қолда бар активтерге үлестік және қарыздық бағалы қағаздар жатқызылды.


(ii) Туынды емес қаржылық міндеттемелер – бағалау
Топ туынды емес қаржылық міндеттемелерді өзге қаржылық міндеттемелердің санатына жіктейді. Бастапқы тану кезінде мұндай қаржылық міндеттемелер мәміле бойынша тікелей жататын шығындар шегеріліп әділ құн бойынша бағаланады. Бастапқы танудан кейін бұл қаржылық міндеттемелер тиімді мөлшерлеме әдісі қолданылып амортизацияланған құн бойынша бағаланады.
Өзге қаржылық міндеттемелерге клиенттердің шоттары мен депозиттері, басқа қаржы құралдарының қарыз қаражаттары, сауда және өзге дебиторлық берешек, ақша аударымы бойынша кредиторлық берешек, зейнетақы, еңбекақы және басқа төлемдер бойынша кредиторлық берешек, және «РЕПО» шарттары бойынша сатылған бағалы қағаздар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет