Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет61/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

(iii) Амортизация
Негізгі құралдар объектілері құрылған және пайдалануға дайын күнінен бастап, ал өз күшімен салынған негізгі құралдар объектілері үшін объект құрылысының аяқталған және оның пайдалануға дайын болуы сәтінен бастап амортизацияланады. Амортизация оның есептік қалдық құнын шегергендегі, активтің өзіндік құнына сүйеніп есептеледі.
Әдетте, негізгі құралдар объектісінің әр компоненті оны пайдалы қолданудың күтілетін мерзімінде тура сызық әдісімен амортизацияланады, өйткені дәл осы әдіс активтегі келешек экономикалық пайданың күтілетін тұтыну сипатын анағұрлым нақты көрсетеді және амортизацияланған жарналар сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамына қосылады. Топтың жалдау мерзімінің соңында тиісті активтерге меншік құқығы өзіне өтетініне негізделген сенімділігі бар жағдайды қоспағанда, жалға алынған активтер екі мерзімнің ең кемі бойынша амортизацияланады: жалдау және активтерді пайдалы қолдану мерзімі. Жер учаскелері амортизацияланбайды.
Негізгі құралдардың пайдалы қолданудың күтілетін мерзімі есепті және салыстыру кезеңдерінде мынадай болды:

  • Ғимараттар мен құрылыстар 6-60 жыл

  • Машиналар мен жабдықтар 2-15 жыл

  • Көлік құралдары 3-28 жыл

  • Өзге де негізгі құралдар 5-10 жыл

Амортизациялау әдістері, пайдалы қолданудың күтілетін мерзімдері және негізгі құралдардың қалдық құны әр есепті күнгі жағдай бойынша талданады және қажет болған жағдайда түзетіледі.

  1. Материалдық емес активтер

(i) Зерттеулер мен әзірлемелер
Жаңа ғылыми немесе техникалық білім мен түсінік алу мақсатында қабылданған зерттеу қызметінің шығындары туындаған сәтте сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында танылады.
3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

  1. Материалдық емес активтер

(i) Зерттеулер мен әзірлемелер, жалғасы
Жаңа ғылыми немесе техникалық білім мен түсінік алу мақсатында қабылданған зерттеу қызметінің шығындары туындаған сәтте сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында танылады.
Әзірлеме бойынша қызмет өнімдер мен процестердің жаңа немесе елеулі жетілдірілген түрлерін жоспарлауды немесе жобалауды қамтиды. Әзірлеме шығындары оларды сенімді бағалауға болатын, өнім өндірісі немесе процес техникалық және коммерциялық тұрғыдан жүзеге асатын, келешекте экономикалық пайда алуы ықтимал жағдайларда және Топ әзірлеме процесін аяқтауға, активті пайдалануға немесе сатуға ниет етсе және сол үшін жеткілікті ресурстары болса ғана капиталға айналдырылады. Капиталға айналдырылатын шығындарға материалдарға кеткен шығындар, еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар және активті белгіленген мақсатқа пайдалану үшін дайындауға тікелей жататын үстеме шығыстар және қарыздар бойынша капиталға айналдырылған шығындар жатады. Әзірлеменің өзге шығындары туындауына қарай сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында танылады.
Бастапқы танылғаннан кейін әзірлеменің капиталға айналдырылған шығындары жинақталған амортизация мен құнсызданудан жинақталған шығындар шегеріліп, өзіндік құн бойынша көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет