Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ



бет69/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

  1. Құнсыздану, жалғасы

(i) Туынды емес қаржы активтері, жалғасы
Амортизациялайтын құн бойынша бағаланатын қаржы активтері, жалғасы
Құнсызданудан болған шығын сомасы активтің теңгерімдік құны мен осы активтің бастапқы тиімді пайыз мөлшерлемесі бойынша дисконтталған келешекте күтілетін ақша ағынының келтірілген құны арасындағы айырма ретінде есептеледі. Залалдар сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында танылады және құнсыздану резерві есебінде көрсетіледі. Егер Топ активтердің орнын толтырудың перспективасы шынайы болып табылмайды деп есептесе, тиісті сомалар есептен шығарылады. Құнсызданған активтегі пайызды «дисконтты босату» көрінісі арқылы есептелу жалғасады. Құнсызданудан болған шығын мөлшерінің азаюына әкеп соғатын кез келген кейінгі оқиға орын алған жағдайда және бұл азаю құнсыздану танылғаннан кейін болған оқиғамен айқын байланысты болуы мүмкін болса, бұдан бұрын құнсызданудан болған залалға жатқызылған, қалпына келірілген сома сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында көрсетіледі.
Сатылатын қолда бар қаржы активтері
Сатылатын қолда бар активтер санатына жатқызылатын қаржы активтерінің құнсыздануынан болған залалдар капитал құрамында әділ құнның өзгеруі резервінде жинақталған залалдар сомалары кезеңіндегі пайда немесе залал құрамына қайта жіктелуі арқылы танылады. Капиталдан шығарылған және пайда немесе залал құрамында танылған құнсызданудан жинақталған залалдың сомасы активті сатып алу шығындары (алынған негізгі сома мен амортизация төлемдерін шегергенде) мен бұдан бұрын пайда немесе залал құрамында танылған, осы қаржы активінің құнсыздануынан болған залалды шегергендегі ағымдағы әділ құн арасындағы айырманы білдіреді.Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдануға байланысты құнсыздануға есептелген резервтерде туындаған өзгерістер пайыздық кірістер элементі ретінде көрсетіледі. Егер соңында сатылатын қолда бар актив ретінде жіктелген, құнсызданған борықтық бағалы қағаздың әділ құны өссе және осы көбеюді сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында құнсызданудан болған залалды танудан кейін болған қандай да бір оқиғаға объективті жатқызуға болатын болса, онда залалға есептен шығарылған сома қалпына келтіріледі, бұл ретте қалпына келтірілетін сома сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында танылады. Алайда, сатылатын қолда бар активтер санатына жіктелген, құнсызданған борыштық бағалы қағаздың әділ құнын кез келген қалпына келтіру өзге жиынтық кіріс құрамында танылады.
Үлестік қатыс әдісімен есептелетін инвестиция объектілері
Үлестік қатысу әдісімен есептелетін инвестицияларға қатысты құнсыздану инвестицияның өтелетін құны мен оның теңгерімдік құнын салыстыру арқылы бағаланады. Құнсызданудан болған шығын пайда немесе залал құрамында танылады және өтелген құнды анықтауда қолданылатын бағалардағы қолайлы өзгерістер болған жағдайда қалпына келтірілуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет