Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет71/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Резервтер

Құнсызданудан болған залалдар сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында танылады. АҚЖБ құнсыздануынан болған залалдар әуелі тиісті АҚЖБ (немесе АҚЖБ тобына) бөлінген гудвилдің тең құны төмендеуіне, ал сосын осы АҚЖБ құрамындағы (АҚЖБ тобының) құрамындағы басқа активтердің теңгерімдік құнының төмендеуіне пропорционал жатқызылады.
Гудвил құнсыздануынан болған залалдарға есептен шығарылған сома қалпына келтірілмейді. Өзге активтерге қатысты әрбір есепті күні осы залалдардың мөлшерін азайту немесе оны көбейгенін танымау үшін белгілерді анықтау мақсатында өткен кезеңдердің бірінде танылған олардың құнсыздануынан болған залалды талдау жүргізіледі. Құнсызданудан болған залалға есептен шығарылған сома өтелетін мөлшерді есептеу кезінде қолданылатын бағалауларда өзгерістер болған жағдайда қалпына келтіріледі. Егер құнсызданудан болған залал танылмаған болса, құнсызданудан болған залал олар көрсетілетін (амортизацияның жинақталған сомасы шегеріліп) теңгерімдік құнына дейін активтердің құнын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін сома шегінде ғана қалпына келтіріледі.


3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

  1. Жұмыскерлерге сыйақы беру

(i) Қысқа мерзімді сыйақылар
Қызметкерлерге қысқа мерзімді сыйақылар беруге қатысты міндеттеме мөлшерін анықтау кезінде дисконттау қолданылмайды және тиісті шығыстар қызметкерлердің қызметтер көрсетуіне қарай танылады. Ақшалай сыйлықақылар төлеудің немесе пайдаға қатысудың қысқа мерзімді жоспары шеңберінде төлену күтілетін сомаларға қатысты, егер Топта бұрын қызметкерлер қызметтерді көрсету нәтижесінде туындаған тиісті соманы төлеу бойынша қолданыстағы заңды не тәжірибемен қалыптасқан міндеттемесі болса және осы міндеттеменің мөлшерін сенімді бағалау мүмкін болса, міндеттеме танылады.
(ii) Белгіленген жарналары бар жоспарлар
Белгіленген жарналары бар жоспар болып кәсіпорындағы еңбек қызметі аяқталған соң қызметкерлерге сыйақылар беру жоспары саналады, оның шарттары бойынша кәсіпорын жеке ұйымға (немесе қорға) белгіленген жарнаны салуды жүзеге асырады және қосымша сома төлеу бойынша қандай да бір заңды немесе тәжірибемен қалыптасқан міндеттемелерде болмайды. ҚР Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорына (бұдан әрі - БЗЖҚ) міндеттеме қызметкерлер тиісті қызметтер көрсеткен кезеңдерде пайда немесе залал құрамында қызметкерлерге сыйақылар беру бойынша шығыстар ретінде танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет