(v) Әділ құн бойыншабағалау қағидаты Әділ құн активті сату кезінде алынған немесе нарықтың қатысушылары арасындағы негізгі нарықта бағалау күнгі әдеттегі мәміле шеңберінде міндеттемелерді беру кезінде төленген бағаны білдіреді. Міндеттемелердің әділ құны оның орындалмау тәуекелін көрсетеді.
Топ мүмкіндігінше, құралдың әділ құнын осы құралдың белсенді нарықтағы баға белгілеуді пайдалана отырып бағалайды. Егер актив немесе міндеттеме бойынша операциялар жүйелі негізде баға белгілеулерді анықтау үшін жеткілікті жиілікте және жеткілікті көлемде жасалған жағдайда нарық белсенді болып танылады.
Белсенді нарықта ағымдағы баға белгілеулер болмаған жағдайда, Топ бақыланатын шығыс деректерді барынша көп қолданатын және бақыланбайтын шығыс деректерді барынша аз қолданатын бағалау әдістерін пайдаланады. Таңдалған бағалау әдістеріне нарыққа қатысушылар осы жағдайларда назарға алатын барлық фактор кіреді.
Бастапқы тану кезінде қаржы құралының әділ құнының үздік дәлелі мәміленің бағасы болып табылады, яғни төленген немесе алынған өтеудің әділ құны болып табылады. Егер Топ бастапқы тану кезінде әділ құн мәміле құнынан ерекшеленеді және әділ құн ұқсас актив немесе міндеттеме үшін белсенді нарықтағы ағымдағы баға белгілеулермен расталмайды және қадағаланатын шығыс деректерге ғана қолданылатын бағалау әдістеріне негізделмейді, қаржы құралы бастапқы тану кезіндегі әділ құн мен мәміле бағасы арасындағы айырманың мерзімін ұзарту үшін түзетілген, әділ құн бойынша бастапқыда бағаланады деп айқындайды. Бастапқы танудан кейін айырма құралдың қолданылуының барлық мерзімінде, бірақ бағалау қадағаланатын шығыс деректермен толығымен расталатын немесе операция бітіп қойған сәттен кешіктірмей тиісті түрде пайда немесе залал құрамында көрсетіледі.
Егер әділ құн бойынша бағаланатын актив немесе міндеттеменің сұраныс бағасы және ұсыныс бағасы болса, активтер мен ұзақ позициялар сұраныс бағасының негізінде бағаланады, міндеттеме мен қысқа позициялар ұсыныс бағасы негізінде бағаланады.